|
|||||||
Жемістер. Жидек тәрізді жемістерЖемістер
Жемістер бөлінеді-құрғақ және шырынды болып екіге Шырынды жемістер-шырыны мол жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды болып бөлінеді Жидек жеміс-сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды (қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан) Жидек тәрізді жемістер -көп ұялы, көп тұқымды. А) Гесперидий (померанец) тобы – апельсин, мандарин, лимон; Ә)Асқабақ жеміс – қияр, қауын, қарбыз, асқабақ; Б)Алма жеміс – алма, алмұрт, беже; Сүйекті шырынды жеміс-сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті-шырынды, ішкі қабаты қатты сүйектенген (алхоры, өрік, шие,шабдалы) Құрғақ сүйекті жеміс-бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы Бұршаққап-бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері арқылы өздігінен қақырап ашылады (асбұршақ, беде) Бұршаққын-қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды (қырыққабат, шомыр, шалғам) Қауашақ-бір, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды (меңдуана, сүттіген,шегігүл, қызғалдақ) Қанатты жеміс-жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып қанатқа айналған, жел арқылы таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаған) Дәнек-тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен бір тұқымды құрғақ жеміс (бидай, жүгері, арпа, тары, күріш) Тұқымша-дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре) Жаңғақ-жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. ТҰқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша) Жинақталған жемістер-бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміс-құлпынай, итмұрын Көп сүйекті жинақталған жеміс-таңқурай, бүлдірген Бөлшекті жаңғақша жемістілер-сәбіз, балдырған, аскөк, жалбыз Ананас, тұт, інжір жемістерін біріккен жеміс деп атау себебі-себебі олар гүлшоғырдантүзіледі
|
|||||||
|