|
|||
вакуоль. сімдік ұлпалары-вакуоль Өсімдік жасушасындағы ең ірі органоид- вакуоль
Өсімдік ұлпалары
Ұлпа дегеніміз-шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы Өсімдіктердегі ұлпаның түрлері-6 (түзуші, жабын, негізгі, тірек, өткізгіш және бөліп шығарушы) Түзуші ұлпа-сабақтың, тамырдың ең ұшына орналасқан. Ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-біріне тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады. Басқа ұлпалардың барлығы осы ұлпадан түзіледі Жабын ұлпа-өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, кеуіп кетуден, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды. Өң, тоз, қыртыс деп 3-ке бөлінеді Өң-жасушалары тірі, бір-бірімен тығыз жанасқан.Суды артық буландырудан, зақымданудан қорғайды. Өсімдік сыртындағы түктер-өңнің өсіндісі Тоз-көп жылдық өсімдіктерде өңнің орнын басатын қабат. Су мен улы газдарды, жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін, шірімейтін тығыз көп қабатты болады. Қыртыс-ең соңынан түзілетін қабат Негізгі ұлпа-өсімдіктің барлық мүшелерінде кездеседі. Атқаратын қызметіне байланысты фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы деп бөлінеді. Фотосинтездеуші ұлпа-жасушаларының қабығы жұқа, жасушааралықтары кең, хлоропластары көп болады. Қор жинаушы ұлпа-өсімдік сабағында, пиязшығында, жапырағында, жемтамырында,тамырсабақта кездеседі. Су жинаушы ұлпа-жасушаларының қабығы қалың, ірі болады. Вакуолінде желімтек, созылғыш заттар бар, ол ылғалды сақтап тұрады (кактус, бозкілем, семізот, алоэ, агава, сораң. сарсазан) Жапырақтары шырынды су қорын жинақтайтын өсімдік-бозкілем Ауа жинаушы ұлпа-жасуша арасындағы кеңістіктер ауаға толы борлады. Олар ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етеді. Су өсімдіктерінің жапырағын көмірқышқыл газымен байытып, суда қалқуын жеңілдетеді. Тірек ұлпасы-жасушаларының қабығы қалың, қатты, өсімдіктің сабақтарында,жапырақтарында, жемістерінде болады. Алмұрт, шетен, беже (айва), жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар-тірек ұлпасы Өткізгіш ұлпа-қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді Сүзгілі түтіктер-жапырақта түзілген органикалық заттарды барлық мүшелеріне жеткізетін тірі жасушалар Минералды тұздардың судағы ерітіндісі-сүректегі түтікшелер арқылы қозғалады. Бөліп шығарушы ұлпа-өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыранды орналасқан. Ішке бөлетін және сыртқа бөлетін ұлпалар деп екіге бөлінеді. Заттарды ішке бөліп шығарушы ұлпалар-шайыр жолы, эфир майы өзегі, сүт жолдары. Заттарды сыртқа бөліп шығарушы ұлпалар-домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер Безді жасушалар көп-шайқурай, эвкалипт, дәмжапырақ, магнолия жапырақтарында, шүйіншөптің тамырларында, қабықта
|
|||
|