Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ркендер мен бүршіктер



Өркендер мен бүршіктер

 

Өркен дегеніміз-жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ

Өркеннің негізгі орталақ тірек бөлімі-сабақ

Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жері-буын

Бір буын мен екінші буын аралығы-буынаралық

Буынаралығы ұзын болса-ұзарған өркен

Буынаралығы қысқа болса-қысқарған өркен

Жапырақтың сабаққа орналасқан жері-жапырақ қолтығы

Бүршік-бастапқы өркен

Төбе бүршік-өркеннің ең ұшында орналасады, ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері қалыптасады, өсімдік ұзарып өседі

Қолтық (жанама) бүршік-жапырақ қолтығында орналасады

Қосалқы бүршік-өсімдіктің кез-келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, жапырақтан дамиды

Бұйыққан бүршік-тыныштық күйге ауысқан бүршік

Бұтақтың түптенуі байланысты- бұйыққан бүршікке

Қабыршақ-түрі өзгерген сыртқы жапырақтар

Қабыршықтардың түкті, жабысқақ болуы- су булануын азайтып, үсуден, үсуден, құстардың шоқып, зақымдауынан қорғайды

Жылтыр өткір иісті бүршігі бар өсімдік- бальзамды терек

Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті өсімдік- итшомырт

Ашық бүршіктердің сыртын жауып тұрады- бөбешік жапырақтар, жапырақ қынабы

Өркеннің түріне қарай бүршік бөлінеді-өсу және гүл бүршігі болып

Тек қысқарған өркенде орналасады-гүл бүршігі (гүлшанағы бар)

Тек ұзарған өркенде орналасады-өсу бүршігі

Өсу бүршігінде жоқ-гүлшанақ

 

Сабақ

 

Сабақ-өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек

Сабақтың қызметы-гүл, жеміс, жапырақ бекіну; қоректік заттар қозғалу; қор жинау; көбею;

Өсу бағытына байланысты сабақ бөлінеді-тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған

Тік сабақты өсімдіктер-жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т. б.

Жатаған (желі) сабақ-өте әлсіз, жұмсақ, жер бауырлап жатады.Мұртшалары арқылы ұзарып өседі (құлпынай, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр)

Шырмалғыш сабақтар-шырмауық, құлмақ

Өрмелегіш сабақтар-мұртшалары арқылы өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жүзім)

Жабысқақ сабақтар-ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктер арқылы сүйенетін өсімдікке тығыз жанасады (плющ, жабысқақ қызылбояу)

Қысқарған сабақ-сабағы өте қысқа (бақбақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат)

Сабақтың ішкі құрылысы-қабық, камбий, сүрек, өзек

Қабық-сабақтың ең сыртқы қабаты. Өсімдікті сыфртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Өң, тоз, тін қабаттарынан тұрады

Өң-түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Ішке күн сәулесін өткізеді.

Тоз-өлі жасушалардың бірнеше қабаттарынан тұратын жабын ұлпасы, қалың болса да ішке пішіні төмпешікке ұқсаған жасымықшалары арқылы оттегін өткізеді

Тін-тоздың ішкі жағында орналасқан. Беріктік, мықтылық қасиет береді

Органикалық заттардың қозғалуы-сабақтағы тін талшықтарындағы сүзгілі түтікшелерде

Тін талшықтары жақсы дамыған-кендір, зығыр, мақтада

Камбий-қабықтан кейін орналасқан қабат. Түзуші ұлпадан тұрады, сабақ камбий жасушаларының бөлінуінен жуандайды.

Жылдық шеңбер түзеді-камбий

Жылдық шеңбер дегеніміз-камбий жасушаларының бөлінуінен жыл сайын сүректе болатын сүрек қабаты

Сүрек-сабақтың едәуір бөлігін алып жаатыр. Түтікшелері бар, ол арқылы сабақта су мен минералды заттар қозғалады

Өзек-сабақтың орталық бөлімі, органикалық заттар қорға жиналады.

Өсімдіктің ұзарып өсуі-төбе бүршігіне байланысты

Жан-жағына жайылып өсуі-жанама бүршіктерге байланысты

Сояу-долана, жабайы алмұрт, жабайы алма ағаштарындағы түрін өзгерткен сабақ

Шырынды сабақ-кактус, сүттіген өсімдіктерінде болады. Ылғал жетіспегендіктен бұл өсімдіктер сабақтарына су және онда еріген заттарды жинайды, жасыл түсті болғандықтан органикалық заттар сабақтарында түзіледі

Қырыққабаттың қауданы-түрі өзгерген үлкен, алып бүршікке жатады

Тамырсабақ-жапырақ шығармайтын көпжылдық жерасты өркен

Тамырсабақ аталу себебі-тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан

Тамырсабақ бөлінеді-жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, шыршай), шырынды (қырлышөп, құрқашаш), түйнек тәрізді (канна)

Түйнек-сабақтың түп жағындағы жерасты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік

Түйнекті өсімдіктер-картоп, жералмұрты (топинамбур)

Пиязшық-түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жерасты өркен

Пиязшықты өсімдіктер-пияз, сарымсақ, сүмбілшаш, лалагүл,жабайы жуа,қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа

Пиязшықтың төменгі жағындағы тығыз жері-қысқарған сабақ немесе түбіртекдеп аталады

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.