Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Вирустар,Бактериялар



Тұқым

 

Қос жарнақты тұқымның құрылысы-қабығы (қауызы), екі жарнақ, ұрық

Тұқым кіндігі дегеніміз-тұқымның ойыс жағындағы жеміске бекінген жері

Тұқымның ішіне ауа, су кіреді-тұқым кіндігі арқылы

Тұқым қабығы-тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды

Қос жарнақты өсімдіктер-күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр

Тұқымның негізгі бөлігі-ұрық

Ұрықтың құрылысы-алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікше

Қос жарнақты өсімдіктердің тұқымында қоректік заттар жиналады-тұқым жарнағында

Дара жарнақты тұқымның құрылысы-қабығы, бір жарнақ, эндосперм, ұрық

Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен-дәнек деп аталады

Дәнектің едәуір бөлігін алып жатыр-эндосперм(қоректік заттары бар)

Дара жарнақты тұқымында жарнақ орналасқан-ұрық пен эндоспермнің арасында

Дара жарнақты өсімдіктер-лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары

Тұқымның өнуіне қажет жағдайлар-су, жылу, ауа

Тұқымның өнуіне, шыдамдылығын сақтауға, бөртуіне қажет-су

Өне бастаған тұқымға қажет-ауа

Тұқымның өнуі дегеніміз-ұрықтан өскіннің дамуы

+1 - 5˚ өнетін тұқымдар-бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақ

Жүгері, күнбағыс үшін қажет температура +10˚

Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнеді +15˚

Өскін дегеніміз-топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдік

Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі-майда, жеңіл, құрғақ. Сыртында түктері, қанатшалары, өсінділері болады, морт сынғыш

Тұқымдары жел арқылы таралатын өсімдіктер-жөке, үйеңкі, бақбақ, шаған, қарағаш, қайың, терек, тал, мақта, орхидея, қарағай

Тұқымдары су арқылы таралатынөсімдіктердің құрылысының ерекшелігі-сыртында су жұқпайтын түктері бар. Ішінде су өткізбейтін қалың тоз қабық. Өсінділері ауаға толы, суға батпайды, шығымдылығын жоймайды

Тұқымдары су арқылы таралатын өсімдіктер-қамыс, жалбыз, бөденешөп, түкті күреңот, қоға, тұңғиық, қияқ

Тұқымдары жануарлар арқылы таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі-тұқымның сыртында ілмешектер, тікенектер, желімтек түктер болады. Жемісі ашық реңді, шырынды, тұқымы майлы

Тұқымдары жануарлар арқылы таралатын өсімдіктер-шоңайна, итошаған, кәріқыз, итікен, шетен, долана, таңқурай, бүлдірген, айдаршөп, шие

Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдіктердің құрылысының ерекшелігі-жемістері қақырағыш, ширатылғыш болады

Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдіктер-қараған, шегіргүл, бөрібұршақ, ат талшын, шытырлақ, жауқазын

 

 

Вирустар,Бактериялар

 

Ағзалық әлем- бүкіл жер бетінде тіршілік етіп, өмір сүретін ағзалар жиынтығы

Ағзалық заттар- нәруыз, май, көмірсу, нуклейн қышқылдары, АТФ

Бейағзалық заттар- су мен минералды заттар

Жасушасыз тіршілік құрылымы- вирус

1892 жылы темекі теңбілі вирусын ашты- Ивановский

Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ сарғая бастайды-9-11 күннен кейін

1899 жылы "Вирус" терминін енгізді- Бейерник

Бактерифаг- бактерия жасушасына енетін вирус

Бактериофагтарды алғаш рет сипаттап жазды-1915 жылы Туорт

Бактериофагтың пішіні-итшабаққа ұқсайды (денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді тақташадан тұрады)

Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды алғаш рет анықтаған-1898 жылы Гамалея

Іш сүзегі бактериялсын ерітіп жіберетін бактериофагтарды анықтаған

-1917 жылы Д Эрелль



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.