|
|||
ЖапырақЖапырақ
Жапырақ-өсімдіктің өсу мүшесі Жапырақтың қызметі-фотосинтез, артық суды буландыру (транспирация), газ алмастыру, қор жинау, көбею Жапырақтың сыртқы құрылысы-тақта(алақан) және сағақ Жапырақтың кеңейген бөлігі-тақтасы Сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі-сағағы Қынап дегеніміз-жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылуы Қынапты жапырақта-бидай, жүгері, қамыс, балдырған, күріш Ине тәрізді жапырақты өсімдіктер-қарағай, шырша Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер-бидай, қарабидай, жүгері, арпа Жүрек тәрізді жапырақты өсімдіктер-жөке, гүлшетен Бүйрек тәрізді жапырақты өсімдіктер-Құсшөп Жебе тәрізді жапырақты өсімдіктер-шырмауық Жай жапырақ-бір ғана жапырақ тақтасы бар жапырақ Жай жапырақты өсімдіктер-терек, қарағаш, қайың, жөкежәне т. б. Күрделі жапырақ-бір сағақта екі,одан да көп майда жапырақшалары бар Үш құлақты күрделі жапырақты өсімдіктер-беде, соя Жұп қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер-асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ Тақ қауырсын күрделі жапырақты өсімдіктер-қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы Жүйкелену дегеніміз-өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы Жүйке тұрады- өткізгіш және тірек ұлпаларынан Қауырсын тәрізді торлы жүйкеленген өсімдіктер-тал, терек, алма, алмұрт Саусақ салалы жүйкеленген өсімдіктер-үйеңкі, үпілмәлік, бегония Параллель (қатарласа) жүйкеленген өсімдіктер-бидай, жүгері Доғалы жүйкеленген өсімдіктер-інжугүл, жолжелкен Жапыраққа жүйке арқылы өтеді-су, минералдар Жапырақтың ішкі құрылысы-мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты Жанаспалы жасушалар-жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан екі жасуша, Жанасқан жерінде саңылауы бар. Саңылау арқылы газ алмасады Күндіз саңылау ашылады-хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант түзіліп, қысым артып Саңылау жабылады-түнде қант мөлшері азайып және егер күндіз өте ыстық, желді болса ылғалды сақтау үшін Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай -бағаналы және борпылдақболып екіге бөлінеді Бағаналы жасушалар-жарық мол түсетін өңнің астына жанаса жатады Борпылдақ жасушалар-жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болады, жапырақ жүйкелері осы қабатта Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында -бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан, жанаспалы жасушалар саны да көп Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында-бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп Ылғалы аз жердегі жапырақтар-кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған Ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары-тақтасы ірі, айқын жасыл түсті, жанаспалы жасушалары да көп Фотосинтездің ашылу тарихы басталады-1630 жылы, Ван Гельмонт өсімдіктер органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзетінін дәлелдеген Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған-атақты орыс ғалымы К. А. Тимирязев Су булануының маңызы-ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден сақтайды Жапырақ жүйкелерінің ұшы, тақтасының жиегі тікенекті болады-түйетікен, шағыртікен Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналған-сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған Жапырақ түктері тікенге айналған-итмұрын Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы-малға жем болудан қорғану, суды аз буландыру Мұртшаға айналған жапырақтар-асбұршақ, үрмебұршақ Қабыршаққа айналған жапырақтардың маңызы-бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды Шырынды жапырақтар-пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректі заттарды қорға жинайды Бунақденелілерді аулау құралына айналған жапырақтар-сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерде өсетін өсімдіктерде болады. Мысалы шыбынжұт, шықшылдық Сазда, батпақта азот жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары айналған- ұстағыш құралға Жетілмеген жапырақтар-ылғалы жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерлерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла
|
|||
|