|
|||||||
Гүлшоғырлар. Тозаңдану, ұрықтануГүлшоғырлар
Гүлшоғыр дегеніміз-гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы Жай гүлшоғыр-жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді Шашақ гүлшоғыры-жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған) Шашақ гүлшоғырында 2 немесе 4 гүл болады-шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ Жай масақ- жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтарынсыз арқылы кезектесіп орналасады (жолжелкен) Собық-орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар )жүгері, калла) Жай шатыр-гүлшоғырының негізгі сабағы қысқараған, оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр, наурызшешек, ақшұнақ) Шоғырбас-қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде) Себет-қысқарған әрі жалпақ, жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады. Оның жиегін жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре) Күрделі гүлщоғырлар-жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр)-негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері 2 қатарда шашақталады (жүзім, гүлшетен, тары ,күріш) Күрделі масақ-орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық) Сырға гүлшоғыры-масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы – негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек) Күрделі шатыр-бірнеше жай шатыр гүлшоғырынан құралады (сәбіз, балдырған, аскөк) Гүлшоғырлардың биологиялық маңызы-тозаңданып, ұрықтануға
Тозаңдану, ұрықтану
Тозаңдану дегеніміз-аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі Өздігінен тозаңдану-бір гүлдің өз аталығының тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі Айқас тозаңдану-бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері-ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер -шие, алхоры,алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің-тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады. Гүлдің аталықтарының жіпшелері өте ұзын әрі төмен қарай иіліп тұрады. Аналығының аузы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер-қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай,қайың, емен Ұрықтану-аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтану құбылысын ашқан-С. Н. Навашин Жатыннан дамиды-жеміс Тұқым бүршігінен дамиды-тұқым Ұрыққапшығынан дамиды-ұрық
|
|||||||
|