|
|||
Л. С. Берг. Жасуша және органоидтары-Л. С. Берг Оңтүстік Қазақстанда үй хайуанаттары мен жабайы жануарлардың ішекқұрттарын зерттеді - К. И. Скрябин Жабайы жануарларды зерттеу үшін Республикамызда зоологиялық сектор ашылды - 1932 жылы Ғылым академиясының институты құрылды - 1944 жылы
Жасуша және органоидтары
Тірі ағзалардың ортақ белгісі - денесі жасушадан тұрады Микроскопты ойлап тапты - 1590-1610 жылдардың аралығында әкелі-балалы Янсендер Өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоп арқылы қарап, майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған-1665 жылы Роберт Гук Микроскоптың негізгі бөлігі-үлкейтіп көрсететін әйнектері бар көру түтігі (тубус) Көру түтігінің жоғарғы жағында орналасқан-2 линзасы бар окуляр Көру түтігінің төменгі жағында орналасқан-бірнеше линзасы бар объектив Жасуша қабықшасы (мембрана)-жасушаның сыртын қаптайды, жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді, ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды. Саңылау дегеніміз-қабықшаның өте жұқарған жері. Ол арқылы жасушалар бір-бірімен зат алмасады Цитоплазма-жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат. Ядро-шағын, тығыз денешік, жасушаның көбеюіне қатысады. Пластидтер-тек өсімдік жасушасына тән денешіктер Хлоропластар-өсімдікке жасыл түс береді, барлық мүшелерінде кездеседі, жасыл пигмент хлорофилл бар. Қызметі – органикалық зат түзу. Хромопласт-гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді. Қызметі – бунақденелілерді, жануарларды еліктіру. Лейкопласт-өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Қызметі – қор жинауға қатысу. Вакуоль-іші шырынға толы жасушадағы қуыс.Қызметі – қысымды реттеу, сулы ортаны қалыптастыру, керексіз улы заттарды ыдырату. Жасушада органикалық қышқылдар, дәрумендер, тұздар жиналатын орын
|
|||
|