Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Заттар қоспасының түзілуі. 6 балл.



№9-4-2007ауд. Заттар қоспасының түзілуі. 6 балл.

15,5г кальций фосфотынан бөлінген фосфор (V) оксиді ерітілген: а) 200г 5,0%-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне; б) 120г 5,0%-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне; в) 40г 5,0%-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне. Түзілген ерітінділердің әрқайсысында қандай заттардың қандай мөлшерде (массасы) түзілгенін есептеңдер.              

 

№9-5-2007ауд. Көмірсутектер қоспасының жануы. 6 балл.

Бутан мен бутиннің қоспасы жанғанда 88г CO2 мен 30,6г H2O түзілген. Бастапқы қоспадағы бутиннің көлемдік үлесін (процентпен) анықтаңдар.

 

№9-6-2007ауд. Тұздар қоспасының электролизі. 6 балл.

200 г 16%-тік мыс сульфатының ерітіндісіне калий хлоридінің 200 г 29,8%-тік ерітіндісін қосып, түзілген ерітіндіні инертті электродтар көмегімен электролизге ұшыратқан. Ерітіндідегі сульфат иондарының массалық үлесі 5,61% болғанда, электролизді тоқтатқан. Электродтарда бөлінген өнімдердің массаларын және ерітінді арқылы өткен электр тогының мөлшерін есептеңіздер.

 

10 – сынып

              

№10-1-2007ауд. Алкан мен алкен қоспасы. 5 балл.

Алкан мен алкен қоспасының сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 33,5. Қосылыстардың құрамындағы сутек атомдарының саны бірдей. Олардың санын анықтаңдар.

№10-2-2007ауд. Күрделі эфир. 6 балл.

Қаныққан бір атомды спирт пен қаныққан бір негізді карбон қышқылынан түзілген күрделі эфирдің құрамындағы оттектің массалық үлесі 43,2%. Эфирдің құрамына кіретін спирттің 4,6 грамы натрийдың артық мөлшерімен әрекеттескенде 1,12 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Эфирдің құрамына кіретін қышқылдың формуласын анықтаңдар.

№10-3-2007ауд. Изомерлер қоспасы. 6 балл.

Біреуі анилиннің гомологі, екіншісі пиридіннің гомологы болып табылатын екі изомердің қоспасындағы азоттың массалық үлесі 13,1%. Осы қоспаның белгілі бір мөлшері 0,95 л (көлем қалыпты қысым мен 16,50С кезінде өлшенген) хлорсутекпен немесе 320 г 4 %-тік бром суымен әрекеттеседі. Қоспаның компоненттерінің мүмкін болатын құрылым формулаларын және олардың массалық үлестерін есептеңдер.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.