Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Азоттың газ тәрізді қосылысы. 6 балл.



№8-4-2007ауд. Азоттың газ тәрізді қосылысы. 6 балл.

Азоттың газ тәрізді қосылыстарының бірінде жанғыш заттар оттектегідей жанады. Ол қосылыстың формуласы келесі тәжірибе нәтижесінде анықталды: көмір (көміртек) ол қосылыстың белгілі бір көлемінде жанғанда азоттың сонша көлемі және көмір қышқыл газының одан екі есе кем көлемі түзіледі. Қосылыстың формуласын анықтаңдар.

 

№8-5-2007ауд. Қоспаның тығыздығы. 6 балл.

Азот пен көмірқышқыл газының сутек бойынша тығыздығы 16 . Көлемі 30л осындай қоспаға 60л көмірқышқыл газы қосылған. Түзілген қоспаның сутек бойынша тығыздығын анықтаңдар.

№8-6-2007ауд. Белгісіз газдың массасы. 6 балл.

Берілген арнайы ыдысты кезекпен әртүрлі газдармен бірдей жағдайда толтырып, таразыға тартқан. Сонда азотпен, аргонмен және белгісіз газбен толтырылған ыдыстың массасы сәйкесінше 47,6 г, 50,0 г және 50,8 г болған. Белгісіз газдың молярлық массасын анықтаңдар.

 

 

9 – сынып

 

№9-1-2007ауд. Алканның құрамы. 6 балл.

Алканның құрамында 9 біріншілік және 3 төртіншілік көміртек атомдары бар. Алканның құрамындағы үшіншілік көміртек атомдарының санын анықтаңдар.

 

№9-2-2007ауд. Белгісіз газ. 6 балл.

Бірдей (көлемі мен массасы) үш ыдыстың іші бірдей жағдайда әртүрлі газдармен толтырылған. Сутекпен толтырылған бірінші ыдыстың массасы 24,8г . Оттекпен толтырылған екінші ыдыстың массасы 36,8г. Көлемі бойынша 40% азоттан және белгісіз газбен толтырылған үшінші ыдыстың массасы 33,28г. Белгісіз газды анықтаңдар.

 

№9-3-2007ауд. Көмірсутектер қоспасы. 6 балл.

Көлемі 150мл ацетилен мен этилен қоспасына көлемі 350мл  сутек қосылған. Осы газдар қоспасын платина катализаторының үстінен өткізгенде оның көлемі 250мл болған (барлық көлемдер қалыпты жағдайда келтірілген). Ацетилен мен этиленнің бастапқы қоспасы бромның судағы 3%-тік ерітіндісінің қандай массасын түссіздендіре алады?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.