|
|||
респ. Органикалық синтез. 12 балл.№11-8-2006респ. Органикалық синтез. 12 балл. Белгісіз А газын су, көмір және табиғи әктастан алады. А газын никельорганикалық катализатор арқылы өткізгенде (жоғары қысымда және 70°С температурасында) ерекше иісі бар суда ерімейтін улы В заты алынады. В затын жарықта хлорлау С затын береді. С затынан алынған Гриньяр реактивіне (Д заты) полимерлік өндірісте кең қолданылатын альдегидпен әсер етеді, содан кейін бұл реакция өніміне қышқылдың концентрлі емес ерітіндісімен әсер ету нәтижесінде құрамында оттегі бар органикалық Е затын алады. Е-нің Na2Cr2O7 -мен қышқылды ортада тотығуы Ж өнімін береді. Ж затын концентрлі негіз ерітіндісімен өндегенде диспропорциялану реакциясы нәтижесінде эквимолярлы мөлшерде З және Е заттары түзіледі. Анықтаңыз: 1. А – З қосылыстарының молекулалық формулаларын табыңыз. 2. А затын бастапқы бейорганикалық заттардан алу реакцияларын жазыңыз. 3. Тапсырмада айтылған барлық реакция теңдеулерін жазыңыз. 4. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін электрондық баланс және жартыреакция әдістерімен жазыңыз. 5. Диспропорциялану механизмін реакция теңдеулері арқылы түсіндіріңіз.
8 - сынып №8-1-2007ауд. Аммиак ерітіндісі. 5 балл. 15%-тік NH3∙Н2О ерітіндісін дайындау үшін оның 200 г 10%-тік (массасы бойынша) ерітіндісіне қанша литр (қ.ж.) NH3 еріту керек?
№8-2-2007ауд. Ерігіштік. 6 балл. Калий селитрасының қаныққан ерітіндісіндегі еріген заттың массалық үлесі: 680 С кезінде – 40,3%, ал 80С кезінде – 3%. Егер массасы 48г ерітіндінің температурасын 680С- тан 80С-қа дейін суытса ,қанша грамм тұз тұнбаға түседі?
№8-3-2007ауд. Қопарылғыш қоспалар. 6 балл. Сутек пен ауа қоспасындағы сутектің мөлшері көлемі бойынша 4% (қопарылғыштың төменгі шегі) пен 75%(қопарылғыштың жоғарғы шегі) аралығында болғанда, ол қоспа қауіпті қопарылыс жасайды. Осы деректерді оттек молекуласы (ауадағы) санының сутек молекуласы санына қатынасы ретінде өрнектеңдер.
|
|||
|