Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





респ. Белгісіз көмірсутек. 9 балл.



№9-4-2006респ. Белгісіз көмірсутек. 9 балл.

Көлемі 15 см3 газтәрізді көмірсутекті көлемі 120 см3 оттекпен араластырып, пайда болған газдар қоспасын жаққан. Реакция аяқталғаннан кейін реакцияның газтәрізді өнімдерін жинап, концентрлі КОН ерітіндісі арқылы өткізгенде, газдардың біраз бөлігі жұтылып, көлемі 67,5 см3 болатын газ қалған (температура мен қысым бастапқы жағдайдағыдай).

   1) Сілтімен әрекеттескеннен кейінгі газдың құрамы қандай? Жүретін реакция теңдеулерін жазып, жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

2) Жүргізілген есептеулер бойынша есеп шартындағы көмірсутектің молекулалық формуласын табыңыздар.

3) Көмірсутек толық жанған жағдайда ыдыстағы зат мөлшері қаншаға өзгереді? (есептеуді 1 моль көмірсутек үшін жүргізіңіздер).

 

 №9-5-2006респ. Химиялық теореманы қорытып шығару. 11 балл.

Қандай көмірсутектер үшін оның жай (эмпирикалық) формуласы бойынша молекулалық формуласын дәл табуға болатынын көрсетіңдер.

 

 

№9-6-2006респ. Габер процесі. 11 балл.

Аммиакты синтездеу барысында контакт аппаратынан шығатын газдар қоспасының құрамына аммиак, азот және сутек газдары кіреді. Осы қоспаны сынап үстінде эвдиометрге салып, сол арқылы ұзақ уақыт бойы ұшқынды электр разрядын өткізген кезде газдар қоспасының көлемі 25% көбейген. Осы газдар қоспасын қыздырылған мыс (II) оксиді арқылы өткізгеннен кейін, сол газдар қоспасын сусыз кальций хлоридімен толтырылған ыдыстан өткізген.

Жоғарыда айтылған операциялардың барлығын орындаған соң қалған газдың көлемін өлшеген кезде, оның бастапқыдан 75% аз екені байқалған (барлық өлшеулер тұрақты температура мен бірдей қысымда өлшенген).

А) Контакт аппаратынан шыққан газдар қоспасының құрамы қандай болған? ( көлемдік үлесі, процентпен).

Б) Газ қоспасының аммиакқа айналу дәрежесі қандай?

 

№9-7-2006респ. Электролиз. 14 балл.

Құрамында 177,5 мг Х заты және 850,0 мг Ү заты бар, массасы 1 кг сулы ерітіндіні платина электродтары бар электролизерге орналастырған. Ерітінді арқылы 8 минут бойы күші 0,1 А болатын электр тогын өткізілген. Электролиз нәтижесінде катодта массасы 53,7 мг болатын жай А заты бөлінген, ал анодта — 17,65 мг Б газы бөлінген (ток бойынша заттардың шығымын 100% деп есептеу керек). Қалған ерітіндіні қайта тексергенде, Х және Ү заттарынан басқа еріген заттарды таппаған, бірақ Х затының массасы 89,2 мг, ал Ү затының массасы 867 мг болған.

1. Х, Ү, А, Б заттарын атаңыздар.

2. Электролиз барысында жүретін реакция теңдеулерін жазыңыздар.

3. Бастапқы ерітіндідегі Х және Ү заттарының молярлық концентрациясын анықтаңыздар.            

№9-8-2006респ. Жұмбақ заттар. 14 балл.

Жай А және Б заттары өзара әрекеттесіп газтәрәзді В қосылысын түзеді. А мен Б заты сияқты, олардың В қосылысы да табиғатта кең тараған Г газымен катализаторсыз, 10000С – ден төмен температурада әрекеттесіп Д, Е қосылыстарын немесе Д мен Е қоспасын түзеді. Басқа жағдайларда В мен Г әрекеттескенде Б және Е қосылыстарының, немесе Е және Ж қосылыстарының қоспасы түзілуі мүмкін. Сонымен қатар, Е және Ж қосылыстары өзара экзотермиялық реакцияға түсіп, жалғыз ғана З қосылысын түзеді. З қосылысы — өндірістік маңызы зор қосылыс және ол өте көп мөлшерде шығарылады. Сондай-ақ, Г және Д қосылыстарының қоспасынан белгілі бір жағдайда Ж қосылысын алуға болады.            

1) А-З заттарын атап, реакция теңдеулерін жазыңыздар. Керек жерде айналу шарттарын жазыңыздар.

2) Неге А заты Жерде бос күйінде мүлде аз кездеседі?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.