Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. 8 балл.



№9-2-2007обл. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. 8 балл.

Реакция теңдеулерін аяқтаңыздар және коэффициенттеді иондық-электрондық баланс әдісімен таңдаңыздар. Жартылай реакциялар теңдеулері мен қысқаша иондық теңдеулерін келтіріңіздер.

1) СuS ¯+ HNO3 ® 

2) As2S5 ¯+ HNO3 ® 

3) KMnO4+ H2S + H2SO4 ® 

4) КMnO4 + H2O2 + H2SO4 ® 

5) AsH3 + KMnO4+ H2SO4® 

6) As2S3+ Zn + H2SO4 ®

7) C2H4 + KMnO4+H2O ®

8) C6H5CH3 + KMnO4+ H2SO4®

№9-3-2007обл. Белгісіз металл тұздарының қоспасы. 8 балл.

Белгісіз екі валентті металдың сульфатының, нитратының және карбонатының зат мөлшерлері бірдей етіп алынған қоспасын қaқтағанда оның массасы 46,6 г кеміген. Қоспаның құрамында олардан бөгде зат жоқ деп есептеп, жоғарыда аталған үш тұздың формулаларын және олардың қоспадағы массаларын табыңыздар. Қоспаның құрамындағы металдың (элемент ретіндегі) массалық үлесі 30%.

 

№9-4-2007обл. Азоттың оксиді. 6 балл.

Артық мөлшерде алынған сутек пен азоттың бір оксидінің жалпы көлемі 15,6 мл болатын қоспасы қопарылған. Қопарылыс өтіп, су буы конденсацияланғаннан кейінгі газдың көлемі (бастапқы температурада) алынған қоспаның көлемінен 46,8 мл кем болып шықты. Оксидтің формуласы қандай? Реакция теңдеуін жалпы түрде жазыңыздар. Дәлелді жауап беріңіздер. Есептеудің маңызды аралық нәтижелерін келтіріңіздер.

№9-5-2007обл. Бутендер қоспасы. 8 баллов.

Массасы 2,80 г бутендер қоспасы калий перманганатымен күкірт қышқылы қатысында әрекеттескенде 0,74 г пропион қышқылы мен 0,896 л (қ.ж.) көмір қышқыл газы түзілген. Тотығу процесі толық жүрді деп есептеп, қай заттар және олар қандай мөлшерде түзілгенін есептеңіздер. Бастапқы қоспаның сандық және сапалық құрамы қандай? Барлық реакция теңдеулерін жазып, олардың коэффициенттерін электрондық баланс және жартылай реакция әдістермен анықтаңыздар.

№9-6-2007обл. Оттекті органикалық қосылыс. 8 балл.

Оттекті органикалық қосылысты қышқылданған калий перманганаты ерітіндісімен тотықтырғанда 5,5 л көмір қышқыл газы (250С мен қалыпты қысымда өлшенген), 27 г сірке қышқылы және 16,65 г пропион қышқылы түзілген (реакцияның шығымы 90%). Бастапқы қосылыстың құрылысын анықтаңыздар және массасын есептеңіздер. Оның екі классаралық изомерінің формуласын келтіріңіздер. Бастапқы заттың тотығу реакциясының теңдеуін жазыңыздар және оның стехиометриялық коэффициенттерін екі әдіспен ( электрондық баланс және жартылай реакциялар) табыңыздар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.