Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Бензолдың гомологы. 6 балл.



№10-4-2007ауд. Бензолдың гомологы. 6 балл.

Массасы 95,0 г бензолдың гомологын дегидрлегенде 76,0 г бром қосып алатын қанықпаған (бір қос байланысы бар) көмірсутек түзілген. Бірінші реакцияның шығымы 60%, ал екінші реакция шығымы 100% екенін ескере отырып, бастапқы көмірсутектің барлық мүмкін болатын құрылым формулаларын жазыңдар.

№10-5-2007ауд. Газдар қоспасы. 6 балл.

Құрамында оттектің артық мөлшері бар ацетилен, пропан және оттек қоспасын қопарып, жүйені бастапқы қысым мен температураға келтіргенде, қоспаның көлемі 33% кеміді, ал түзілген газдар қоспасын натрий гидроксидінің артық мөлшері бар ерітінді арқылы өткізгеннен кейін түзілген қалдықтың көлемі бастапқы қоспа көлемінің 29%-ті болды. Бастапқы қоспадағы ацетиленнің массалық үлесін есептеңіздер.

№10-6-2007ауд. Газдар қоспасының түзілуі. 6 балл.

100 г 13,8%-тік натрий нитритінің ерітіндісіне 10,7 г аммоний хлориді қосылған. Қоспаны қыздырғанда 4,48 л (қ.ж.) газ бөлінген, ал ерітіндіден күміс нитратын қосқанда тұнба түзетін 11,7 г ақ түсті кристалдық зат алынған. Бөлінген газды 39 г мырышпен хлорсутек (тұз) қышқылына әсер еткенде түзілген газбен қосып араластырған. Бұл газ қоспасы алдымен 3500С кезінде платина катализаторы үстінен, сосын салқындағаннан кейін 100 мл 2М күкірт қышқылы ерітіндісі(1 л ерітіндіде 2 моль еріген күкірт қышқылы бар) арқылы өткізілген. Осы кезде газдың көлемі азайған, ал қалған ерітіндіні нейтралдау үшін 41,67 мл 22,4%-тік КОН ерітіндісі (r = 1,2 г/см3) қажет болған. Жүргізілген реакция теңдеулерін жазыңдар.Платина катализаторынан өткізілгеннен кейінгі газдар қоспасының құрамын (көлемі бойынша, %) анықтаңдар.

 

11 – сынып

№11-1-2007ауд. Радиоактивтік айналымдар қатары. 5 балл.

Тізбектесе өткен радиоактивтік ыдыраулар нәтижесінде 238U нуклиді 206Pb нуклидіне айналған. Осы радиоактивтік айналымдар қатарында қанша альфа және қанша бета ыдырау орын алған.

№11-2-2007ауд. Тұздар қоспасының электролизі. 6 балл.

1000 г 5,1%-тік күміс нитратының ерітіндісін электролиздегенде катодта 10,8 г зат бөлінген. Сосын электролизерге 500,0 г 13,5%-тік мыс (II) хлоридінің ерітінідісін қосып, анодта 8,96 л (қ.ж.) газ бөлінгенше қайтадан электролиздеген. Соңғы ерітіндідегі заттардың массалық үлестерін анықтаңдар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.