Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Газдар қоспасы. 8 балл.



№9-7-2007обл. Газдар қоспасы. 8 балл.

Массасы 2,7 г органикалық Х затын жаққанда түзілген газдар қоспасы концентрлі күкірт қышқылы және избес суы құйылған ыдыстар арқылы кезекпен өткізілген. Сол кезде бірінші ыдыстың массасы 3,78 г артқан, екінші ыдыста 12 г тұнба түзілген, ал сіңірілмей өтіп кеткен У газының көлемі (250С мен қалыпты қысымда) 733 мл болған. Х затының тура осындай үлгісіне бір мезгілде артық мөлшерде алынған натрий нитриті мен тұз қышқылы ерітіндісін құйғанда көлемі бұдан екі есе көп У газы түзіледі. Белгісіз Х затын анықтап, оның құрылым формуласын келтіріңіздер.

№9-8-2007обл. Көмірсутектер қоспасы. 8 балл.

Көлемі 448 мл (қ.ж.) этан, пропилен және ацетилен газдары қоспасы бромның тетрахлорметандағы 5%-тік ерітіндісінің (тығыздығы 1,6 г/мл) 40 мл көлемін түссіздендіреді. Қоспа толық жанғанда түзілетін көміртек (IV) оксидін толық жұтып алу үшін кем дегенде 5 мл 40%-тік КОН ерітіндісі (тығыздығы 1,4 г/мл) қажет. Қоспаның құрамындағы газдардың көлемдік үлестерін анықтаңыздар.

 

№9-9-2007 обл. Жұмбақ зат. 8 баллов.

Массасы 0,18 г жай зат концентрлі күкірт қышқылының артық мөлшерімен қосып колбада қыздырылған. Түзілген газ тәрізді өнімдерді кальций гидроксидінің артық мөлшері бар ерітінді арқылы өткізгенде массасы 5,12 г тұнба түзілген. Бастапқы А затын анықтаңыздар. Жауаптарыңызды сәйкес реакция теңдеулері мен есептеулер арқылы дәлелдеңіздер.

 

№10-1-2007обл. Гомологтардың жану реакцияларының жалпы теңдеулері. 10 балл.

Қаныққан, қанықпаған (этилен және ацетилен), ароматтық көмірсутектер қаныққан спирттер, фенолдар, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары және күрделі эфирлердің гомологтық қатарларының оттекте жану реакцияларының жалпы теңдеуін қорытып шығарыңыздар. Жауаптарыңызды оттек молекуласының алдындағы коэффициент ретінде кестеде жүйелеп келтіріңіздер.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.