Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





респ. Химиялық өзгерістер қатары. 5 балл.



№10-2-2006респ. Химиялық өзгерістер қатары. 5 балл.

     

 
+С2H5Сl


AlCl3 cусыз
300°C
-3H2
 Циклогексан                          А                                           

 

     
+KMnO4 + H2SO4 (конц)
 
+HNO3(конц)


 H2SO4 (конц)
 B                                                           C                                                                  

 

     
+NH3
 
t


         D                           E                F

 

 

РХО – 2006

11 сынып үшін теориялық тур тапсырмасы (70 балл)

(Орындау уақыты – 5 астрономиялық сағат)

 

№ 11-1-2006респ. Ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. 6 балл.

А)  С12Н22О11 көмірсуы ерітіндісінің 270С кезіндегі осмос қысымы 156 кПа. Ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл деп алып, оның кристаллизациялану температурасын анықтаңыз.

Б) Заттың 0,4 г үлгісін 10 г суда еріткенде, ерітіндінің кристаллизациялану температурасы 1,240 төмендеген. Ерітілген заттың молекулалық массасын анықтаңыз.

В) Көмірсудың судағы ерітіндісі қайнау температурасының 0,3120 көтерілгені анықталған. Бұл ерітіндінің кристаллизациялану температурасының төмендеу шамасын анықтаңыз.

 

№11-2-2006респ. Габер процесі. 5 балл.

Аммиак синтезі барысында контакттік аппараттан шығатын газ қоспасы құрамында аммиак, сутек және азот бар. Бұл қоспаны сынап үстінен эвдиометрге орналастырып, ұзақ уақыт бойы шоқтық электр зарядын жібергеннен соң, газ көлемі 25% артқан. Бұл газды ысытылған мырыш тотығы арқылы, кейін сусыздандырылған кальций хлоридімен толтырылған түтік арқылы жіберген.

Айтылған операциялар аяқталған соң, қалған газ көлемін өлшеді. Ол алдыңғы көлеммен салыстырғанда 75% төмендегені анықталды. (Барлық газ көлемі бірдей температура мен қысымда өлшенген.)

А) Контакт аппаратынан шыққан газ қоспасының көлемі бойынша проценттік құрамы қандай болған?

Б) Газ қоспасының аммиакқа айналу дәрежесі қандай?

 

№11-3-2006респ. Авогадро тұрақтысын анықтау. 9 балл.

А) Кальцит кристалының тығыздығы мен тор параметрлерінің таблицалық мәндерін қолдана отырып, Авагадро тұрақтысының дәл мәнін табыңыз. 200С-та: тор тұрақтысы d = 3,0357×10-8 см, тығыздығы r = 2,7103 г/см3, a = 10507/21, b = 1010541.

Ескерту: Жауабы белгілі болғандықтан есептің шығару жолын, барлық қолданылған формулаларды және аралық есептеулер қорытындысын жазып көрсету керек.

 

Б) Авагадро санын  a-бөлшектерінің бөліну жылдамдығы мен  радий ыдырағандағы гелийдің түзілу жылдамдығы бойынша анықтаңыз.

Радийдің a-бөлшектерді бөлу жылдамдығы 3,4×1010 1/(г×сек) тең. Радий тұзы ыдырауының нәтижесінде пайда болған өнімдерінен тазаланған соң, белгілі бір уақыт аралығында түзілген гелий көлемі өлшенген. Радиоактивтік тепе-теңдік орнағаннан кейін үлгідегі радий мөлшері С радийінің болуы нәтижесінде пайда болған g-сәуле шығаруының қаттылығын өлшеу арқылы анықталған. Бұл зерттеулер нәтижесінде қалыпты жағдайда 192 мг радийден 83 тәулікте 6,58 мм3 гелий, ал 132 тәулікте 10,38 мм3 гелий түзілетіні анықталды. Радонның жартылай ыдырау периоды 3,83 тәулікке тең.

Ескерту: Жауабы белгілі болғандықтан есептің шығару жолын, барлық қолданылған формулаларды және аралық есептеулер қорытындысын жазып көрсету керек.

 

В) Зат диффузиясының коэффициенті бойынша молекулалық радиус және Авагадро санын жуықтап анықтаңыз. Судағы қанттың диффузия коэффициенті (D) 200С кезінде тәулігіне 0,36 см2. 200С кезіндегі судың тұтқырлығы 1,01×10-2 г/(см×сек), қант тығыздығы– 1,59 г/см3.

 Ескерту: Жауабы белгілі болғандықтан есептің шығару жолын, барлық қолданылған формулаларды және аралық есептеулер қорытындысын жазып көрсету керек.

 

№11-4-2006респ. Буферлік ерітінділер. 10 балл.

 

А) Қандай ерітінділерді буферлік деп атайды?

Б) Ацетатты және аммиакті буферлік жүйелердің құрамын келтіріп, жұмыс істеу механизмін түсіндіріңіз.

В) Гендерсон-Гассельбах теңдеуін келтіріңіз және 1 л-де 0,1 моль қышқыл мен 0,2 моль жұптасқан негіз кіретін ерітіндінің сутектік көрсеткішін (рН) есептеңіз. (терминдер Бренстед-Лоури теориясы бойынша келтірілген).

Г) Таза судың 250С кезіндегі сутектік көрсеткіші рН неге тең? 1 л суға 1 мл 1М тұз қышқылының ерітіндісі қосылғанда таза судың сутектік көрсеткіші рН қалай және қанша есе өзгереді?

Д) Құрамында 0,1 моль аммоний хлориді мен аммиак бар 1 л ерітіндіге дәл сондай мөлшерде қышқыл қосылған. Ерітінді сутектік көрсеткіші рН қалай өзгереді?

Е) Буфер сыйымдылығы дегеніміз не? Буфер сыйымдылығы буферлік ерітінді компоненттерінің қатынасына қалай тәуелді?

Ж) Адам ағзасындағы басты буферлік жүйелердің жұмыс істеу принциптерін түсіндіріңіз.

З) Қанның буферлік әсері гемоглобиннің оттекті сіңіру және оксигемоглобиннің оны бөлуіне көмір қышқылының әсері процесімен қалай байланысқан?

 

№11-5-2006респ. Тепе-теңдіктердің термодинамикалық қаралуы. 10 балл.

 2NO2(г) Û N2O4 (г) - қайтарымды реакция. Таблицада оксидтердің термодинамикалық сипаттамасы берілген. Изобарлық потенциалдың температураға тәуелділігі келесі теңдеумен көрсетіледі:

DG = DH -TDS = -57320 + 176Т.

Сұрақтар:

1. Тепе-теңдікті оң немесе сол жаққа қалай ығыстыруға болады?

2. Химиялық тепе-теңдіктің солға немесе оңға ығысуын қалай байқауға болады?

3. Бұл реакция үшін тепе-теңдік константасын жазыңыз.

4. Қалыпты жағдайда және 00С мен1000С- та энтальпия, энтропия, изобарлы потенциал өзгерісін және тепе-теңдік константасын есептеңіз.

5.  Қандай температурада р(NO2) = р(N2O4) = 1 атм болатындай бастапқы газ қоспасының құрамы өзгермей, тепе-теңдік газ қоспасының құрамына тең?

6.  Бертло-Томсен принципін жазыңыз. Қандай температурада реакция бағыты  Бертло-Томсен принципіне сәйкес?

7. Термодинамикалық есептеуіңіздің қорытындысын жүйелеп, анализ үшін қолайлы таблица ретінде көрсетіңіз.Алынған мәлімет негізінде қандай қорытынды жасауға болады.

 

№11-6-2006респ. Теоретикалық химия. 10 балл. (Дильмухамбетов Е.Е.)

 

  H35Cl молекуласы тербелісінің негізгі жиілігі 2989 см-1 ( толқын сандарында) тең.

1. Келтірілген масса мен күш тұрақтысын (н/м) табыңыз.

2.  H37Cl молекуласының H35Cl молекуласына қатысты ИК-спектрдегі сіңіру толқын ұзындығының изотоптық ауытқуын (Å) табыңыз. Изотоптық ауытқу қай (қысқатолқынды немесе ұзынтолқынды) облысқа жасалады?

3. Изотоптық ауытқуда күш тұрақтысы өзгермейді деп есептеп, D35Cl тербелісінің негізгі жиілігін (см-1) табыңыз.

4. 300 К температурада бірінші қоздырылған тербеліс күйдегі H35Cl молекуласының бөлігін негізгі күйге қатысты Больцмандық бөлу қолданып табыңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.