Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Кристаллогидраттар қоспасы. 6 балл.



№11-3-2007ауд. Кристаллогидраттар қоспасы. 6 балл.

Кобальт (II) нитраты үш кристаллогидрат түзеді: Co(NO3)2×9H2O, Co(NO3)2×6H2O және Co(NO3)2×3H2O. Құрамында 0,4 моль сусыз тұз бар 127,2 г Co(NO3)2×9H2O және Co(NO3)2×6H2O қоспасын 1000С дейін қыздырғанда кристаллогидраттар балқып, гомогенді ерітінді түзген. Ерітінідіден 27,0 г суды буландырғаннан кейін жүйені бөлме температурасына дейін салқындатқанда тепе-теңдік күйге келген кристаллогидраттар қоспасы түзілген. Жүйенің суытқаннан кейінгі сандық және сапалық құрамын анықтаңдар.

№11-4-2007ауд. Амин мен амин қышқылының қоспасы. 6 балл.

Массасы 14,8 г біріншілік амин мен a-аминқышқылының қоспасы 0,2 моль тұз қышқылымен (HCl) әрекеттескен. Қоспадағы аминнің мөлшері мен қышқылдың мөлшерлері өзара тең. Қышқыл мен амин құрамындағы көміртек атомдарының сандары бірдей. Қоспадағы амин қышқылының массасын анықтаңдар.

 

№11-5-2007ауд. Пиритттің тотығуы. 6 балл.

Пирит (FeS2) азот қышқылының артық мөлшерімен әрекеттескенде тығыздығы 1,88 г/мл (250С, 1 атм жағдайында) болатын газ бөлінген және құрамындағы азот қышқылы мен күкірт қышқылының массалық үлестері бірдей 65 г ерітінді түзілген. Бастапқы ерітіндідегі азот қышқылының массалық үлесін есептеңдер.

 

№11-6-2007ауд. Органикалық қосылыс. 6 балл.

Оттекті органикалық қосылысты қышқылданған калий перманганаты ерітіндісімен тотықтырғанда 5,5 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы, 27 г сірке қышқылы және 16,65 г пропион қышқылы түзілген (реакцияның шығымы 90 %). Бастапқы қосылыстың құрамын анықтаңдар және массасын есептеңдер.

ОХО-2007

9 сыныпқа арналған теориялық тур тапсырмалары (70 балл)

(Орындауға берілетін уақыт – 5 астрономиялық сағат)

№9-1-2007обл. Құпия сұйықтар. 8 балл. 

Химиялық лабораторияларда жиі қолданатын екі А және Б сұйықтарын араластырғанда В газы және көп мөлшерде жылу бөлінеді. А затына барий карбонатын қосқанда В бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,57 болатын Г газы және Д тұзы түзіледі. Б затына Д тұзын қосқанда ақ тұнба түседі. А - Д заттарының мүмкін болатын формулаларын ұсыныңыздар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.