Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Сутектік көрсеткіш. 8 балл.



№11-6-2006обл. Сутектік көрсеткіш. 8 балл.

Массасы 15,3 г сірке ангидридін 344,7 г суға еріткенде түзілген ерітіндідегі сірке қышқылының массалық үлесін анықтаңыздар. Түзілген ерітіндінің сутектік көрсеткішін есептеңіздер. Сонымен қатар оған натрий гидроксидінің 100 мл 9,36%-тік ерітіндісін қосқанда түзілген ерітіндінің сутектік көрсеткішін есептеңіздер. Барлық ерітінділердің тығыздықтары 1 г/мл, сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,8×10-5.

№11-7-2006обл. Изомерлер. 8 балл.

Құрамы С5Н10 көмірсутегінің мүмкін болатын барлық изомерлерінің құрылым формулаларын жазып, олардың атауларын келтіріңіздер. Олардың қайсылары бром суын түссіздендіреді?

№11-8-2006обл. Анорганикалық реакциялар. 16 балл.

Келесі тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеулерін аяқтаңыздар. Стехиометриялық коэффициенттерді электрондық баланс немесе жартылай реакциялар әдісімен табыңыздар.

1) Fe(OH)2 + NaBrO + H2O ® …

2) Zn+ KClO3 + KOH + H2O ® …

3) KNO3+ Al + KOH + H2O ® …

4) MnO2 + O2 + KOH ® K2MnO4 + …

5) KMnO4 + SO2 + H2O ® …

6) Fe(CrO2)2(қ)+K2CO3(қ) +O2® Fe2O3+K2CrO4+ …

7) HI + H2SO4 (конц ) ® …

8) FeSO4 + Br2 + H2SO4 ® …

9) Na3[Cr(OH)6] + Cl2 + NaOH ® …

10) Na2Cr2O7 + NaNO2 + H2SO4 ® …

11) CrCl3 + NaClO + NaOH ® …

12) Fe2(SO4)3 + KI ® …

13) NaNO2 + Cl2 + NaOH ® …

14) CuO + NH3 ® …

15) HNO2 + H2S ® …

16) PH3 + KMnO4 + H2SO4 ® …

 

РХО-2006

 

9 сыныпқа арналған теориялық тур тапсырмалары (80 балл)

(Орындауға берілетін уақыт – 5 сағат)

 

 №9-1-2006респ. Ерігіштік. 7 балл.

Натрий карбонатының қаныққан ерітіндісін жылытып, содан соң осы ерітіндіде тағы да 2 г натрий карбонатын еріткен. Пайда болған ерітіндіні бастапқы температураға дейін суытқанда массасы 8,6 г болатын Na2CO3×10H2O кристаллогидраты тұнбаға түскен. Тәжірибе жағдайындағы натрий кабонатының ерігіштігін анықтаңыз.

 

№9-2-2006респ. Көмірсутектердің қосылысы. 7 балл.

Герметикалық жабылатын ыдысқа 250С температурада газтәрізді циклопарафин мен оттектің артық мөлшері молярлық қатынасы 1:9,5 болатындай етіп енгізіліп, пайда болған газдар қоспасын қопарған. Ыдысты бастапқы температураға дейін суытқан кезде, ондағы қысым бастапқымен салыстырғанда 1,5 есе кеміген. Белгісіз көмірсутектің молекулалық формуласын тауып, табылған формула бойынша элементтік құрамы осы формулаға сәйкес келетін барлық циклопарафиндердің құрылым формулаларын жазыңдар.

 

№9-3-2006респ. Органикалық қышқылдардың қоспасы. 7 балл.

Қаныққан бір атомды спирт пен оның симметриялы жай эфирінің 10 г қоспасын жаққан кезде 12г су түзілген. Бастапқы қоспаның құрамын және ондағы әр заттың массасын табыңыз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.