Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Изотоптар. 5 балл.. обл. Органикалық реакциялар. 6 балл.. обл. Өзгерістер тізбегі. 7 балл.. обл. Электролиз. 8 балл.. обл. Азот пен сутек қосылысы. 12 балл.



№11-1-2006обл. Изотоптар. 5 балл.

Литийдің орташа атомдық массасы 6,94 м.а.б., ал оның 6Li және 7Li, нуклидтерінің атомдық массалары сәйкесінше 6,02 и 7,02 м.а.б. Массасы 10 г табиғи литий оксидінің құрамында 6Li нуклидінің қандай массасы бар?

                                                                                                          

№11-2-2006обл. Органикалық реакциялар. 6 балл.

Егер келесі заттар түзілген болса, онда калий перманганатының ыстық қышқылданған ерітіндісімен қандай заттарға әсер еткені ( әр жағдайда тотығу процесінің өнімдері толық жазылған): а) ацетон; б) сірке қышқылы және метилэтилкетон; в) этан қышқылы; г) диизопропилкетон және көмір қышқыл газы; д) 2-метилпропион қышқылы және көмір қышқыл газы; е) бутан және этан қышқылдары. Реакциялардың толық теңдеулерін жазыңыздар. Стехиометриялық коэффициенттерді электрондық баланс әдісімен немесе иондық-электрондық әдіспен табыңыздар. Алынған өнімдерді IUPAC ережелері бойынша атаңыздар.

№11-2-2006обл. Өзгерістер тізбегі. 7 балл.

Келесі өзгерістер тізбегін жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар.

 

 

 


№11-4-2006обл. Электролиз. 8 балл.

Бір карбон қышқылының екі (А және Б) тұзын қақтаған. Б тұзы натрий гидроксиді қатысында қақталған. Сол кезде сәйкесінше В сұйықтығы мен Г газы түзілген. Қай тұзды электролизге ұшыратсаң да органикалық Д газы түзіледі. В, Д, Г қатарында көміртек атомдарының саны азаяды (әр зат сайын бір атом). Б заты жалынды сары түске бояйды, ал А затын қақтағанда түзілетін қатты қалдықтың массасы А затының бастапқы массасынан 1,58 есе аз болады. Жұмбақталған заттарды атаңыздар.

№11-5-2006обл. Азот пен сутек қосылысы. 12 балл.

А заты азот пен сутектен тұрады. Осы қосылыстың 3,20 г үлгісін қатты қыздырғанда оны массасы азайып, қосылыстың біраз мөлшері қатты қалдық қалдырмай ыдыраған. Түзілген газдар қоспасын күкірт қышқылы арқылы өткізгенде оның біраз мөлшері сіңірілген. Осы кезде газдар қоспасының көлемі 2,80 есе азайған. Сіңірілмей қалған газ сутек пен оттектен тұрады, оның қалыпты жағдайдағы көлемі 1,4 л және тығыздығы 0,786 г/мл. А қосылысының формуласын анықтаңыздар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.