|
|||
обл. Нитраттардың қоспасы. 7 балл.№10-7-2006обл. Нитраттардың қоспасы. 7 балл. Натрий мен күміс нитраттары қоспасының өлшендісін қақтағанда қатты заттың массасы 1,382 есе азайған және көлемі 2,8 л (қ.ж.) газ алынған. Қоспадағы тұздардың массалық үлестерін және қақтағанда түзілген өнімдерді жуып құрғатқаннан кейінгі қатты күйдегі қалдықтың массасын анықтаңыздар.
№10-8-2006обл. Анорганикалық реакциялар. 12 балл. Келесі тотығу-тотықсыздану реакциялары теңдеулерін аяқтаңыздар. Стехиометриялық коэффициенттерді электрондық баланс немесе жартылай реакциялар әдісімен табыңыздар.
1) Са3(РО4) +С+SiO2 (қыздыру) ®… 2) B2H6 + H2O ®H3BO3 + … 3) Al + NaOH + H2O ®… 4) CuSO4 + C6H12O6 (глюкоза) + NaOH ®… 5) CuSO4 + KI ®… 6) Zn+ NaOH + H2O ®… 7) Cr + HCl + O2 ®… 8) Na2Cr2O7 + Na2SO3 + H2SO4®… 9) MnO2 + K2CO3 + KNO3 (t0C) ®… 10) KClO3+P (t0C) ®… 11) KOH + FeCl+ Br2 ®K2FeO4… 12) K2Cr2O7 + H2S + HCl ®…
№10-9-2006обл. Буферлік қоспалар. 7 балл. а) 0,01 моль сірке қышқылынан және 0,5 моль натрий ацетатынан тұратын буферлік қоспаның сутектік көрсеткішін (рН) есептеңіздер. К(СН3СООН) = 1,75×10-5. 2 балл. б) 0,1 моль аммоний гидроксиді мен 0,01 моль аммоний хлоридінен тұратын буферлік қоспаның рОН және рН мәндерін есептеңіздер. (К(NH3×H2O)=1,75.10-5. 2 балл. в) буферлік қоспа натрий дигидрофосфат мен натрий гидрофосфатынан тұрады. К2 (Н3РО4) = 6,17×10-8. С(қышқыл) : С(тұз) қатынасы 10 –0,1 аралығында өзгереді деп алып, сутектік көрсеткіштің эффективті интервалын анықтаңыздар. 3 балл. №10-10-2006обл. Тотығу-тотықсыздану потенциалдары. 7 балл. Бірнеше жұптың тотығу-тотықсыздану потенциалдарының мәндері берілген: E0(Sn4+/Sn2+) = 0,15B, E0(Fe3+/Fe2+) = 0,77B, E0(I2/2I-) = 0,54B, E0(Cl2/2Cl-) = 1,36B, E0(Br2/2Br-) = 1,09B. 1) Fe3+ иондарын Sn2+ иондарымен тотықсыздандыруға бола ма? Өз бетімен жүретін реакция теңдеуін жазып, оның стандарттық жағдайдағы тепе-теңдік константасын есептеңіздер. 2 балл. 2) Sn2+ + I2 Û Sn4+ + 2I- реакциясының тепе-теңдік константасын есептеңіздер. 1 балл. 3) Fe3+ ионы Cl-, Br-, I- иондарын тотықтыра ала ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер. 3 балл
|
|||
|