Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Органикалық реакциялар. 6 балл.



№10-3-2006обл. Органикалық реакциялар. 6 балл.

Калий перманганатының ыстық қышқылданған ерітіндісімен келесі заттарға әсер еткенде тотығу процесінің нәтижесінде қандай өнімдер түзілуі мүмкін: а) 2-метилпентен-2; б) 2-метилпропен; в) 2,3-диметилбутен-1; г) пентен-2; д) гексен-3; е) 4,6-диметил-3-гептен-3? Реакциялардың толық теңдеулерін жазыңыздар. Стехиометриялық коэффициенттерді электрондық баланс әдісімен немесе иондық-электрондық әдіспен табыңыздар. Алынған өнімдерді IUPAC ережелері бойынша атаңыздар.

№10-4-2006обл. Азоттың сутекті қосылысы. 5 балл.

Азоттың бір сутекті қосылысының 60 мл буына 80 мл оттек қосып, қоспаны жаққан. Реакция аяқталғаннан кейін газдар қоспасының (оттек пен азоттың) көлемі 80 мл және оның 25%-ті оттек болған. Бастапқы заттың формуласын табыңыздар. (Көлемдердің барлығы бірдей жағдайда өлшенген.)

№10-5-2006обл. Жұмбақталған заттарды анықтау. 6 балл.

 Массасы 1,37 г А қосылысы натрий гидроксидінің сулы ерітіндісімен әрекеттескенде түзілген өнімдердің бірі - Б заты күміс оксидінің сулы аммиактағы ерітіндісінің артық мөлшерімен әрекеттескенде 1,88 г тұнба түзілген. Реакцияның екінші өнімі В затының массасы 0,960 г және оның құрамында массасы бойынша 24,0% натрий және 37,5% көміртек бар. А затын анықтаңыздар.

 

№10-6-2006обл. Белгісіз органикалық заттарды анықтау. 10 балл.

Келесі заттарды қандай реакциялардың көмегімен анықтауға болады: 1) циклобутан және бутен-1; 2) метилацетилен және пропилен; 3) стирол және этилбензол; 4) этилбензол және о-ксилол; 5) пропион альдегиді және ацетон; 6) бензилметилкетон және фенилацетат; 7) бензил спирті және оның циклогексильді аналогы; 8) май және кротон қышқылдарының амидтері; 8) a-хлорсірке и n-хлорсірке қышқылдары 9) циклогексанол және циклогексанон; 10) циклопентен және циклопентанол?

       



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.