Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Белгісіз заттың формуласын анықтау. 10 балл.



№9-7-2006обл. Белгісіз заттың формуласын анықтау. 10 балл.

Екі белгісіз заттардың ерітінділерінің эквиваленттік мөлшерлерін араластырған кезде екі валентті М металы тұзының массасы 1,25 г тұнбасы түскен. 11000С дейін қыздырғанда тұнба массасы 0,70 г қатты МО оксиді мен газ тәрізді оксид бере ыдырайды. Фильтратты буландырғанда массасы 2,0 г құрғақ қалдық түзіледі. Оны 2150С кезінде термиялық жолмен ыдыратқанда екі өнім түзіледі: газ тәрізді оксид пен 0,90 г су булары. Газ тәрізді өнімдердің жалпы көлемі 1,68 л. Белгісіз заттарды анықтап, сөз болған реакция теңдеулерін жазыңыздар.

№9-8-2006обл. Газдар қоспасы. 8 балл.

Көлемі 165 мл метан, сутек және азот қоспасына 270 мл оттек қосылған. Реакциядан кейін қоспаның көлемі 156 мл болған. Реакция өнімдерін натрий гидроксидінің артық мөлшері арқылы өткізгенде көлем 48 мл дейін кеміген. Бастапқы қоспадағы газдардың массалық үлестерін (%) есептеңіздер.

№9-9-2006обл. Этиленді гидрлеу. 5 балл.

Гидрлеу үшін 1 көлем этилен мен 7 көлем сутектен тұратын қоспа дайындалған. Реакцияның шығымы 67% екенін ескере отырып, реакциядан кейінгі газдар қоспасының гелий бойынша тығыздығын есептеңіздер.

 

№9-10-2006обл. Бензолдың гомологы. 5 балл.

Бензолдың белгісіз гомологы жанғанда 17,05 л СО2 газы түзілген. Газдың көлемі 100 кПа қысым мен 200С кезінде өлшенген. Бензолдың гомологының формуласын табыңыздар. 

№10-1-2006обл. Газдар қоспасы. 4 балл.

Жалпы көлемі 8,96 л метан, этан және көміртек (II) оксидінен тұратын қоспаны жаққанда 13,44 л СО2 алынған (барлық көлемдер бір жағдайда өлшенген). Қоспадағы этанның көлемдік үлесін анықтаңыздар.

№10-2-2006обл. Күрделі эфирлер қоспасы. 6 балл.

Массасы 6,84 г екі күрделі эфирдің қоспасын толық гидролиздеу үшін 40 г 14%-тік КОН ерітіндісі қажет болған. Мөлшері тура осындай қоспаға күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісінің артық мөлшерін қосқанда 8,64 г тұнба түскен. Күрделі эфирлердің құрылысын және бастапқы қоспадағы олардың молярлық үлесін табыңыздар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.