Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





обл. Бейметалдар қоспасы. 8 балл.



№9-3-2006обл. Бейметалдар қоспасы. 8 балл.

Күкірт пен фосфордың 3,15 г қоспасын қыздыра отырып, концентрлі азот қышқылының артық мөлшерімен өңдегенде көлемі 12,32 л (қ.ж.) қоңыр газ бөлінген. Алынған газдар көлемі 474,7 г 6,5%-тік калий гидроксидінің ерітіндісі арқылы өткізілген. Ерітіндіде қандай тұздар бар және олардың массалық үлестері қандай?

 

№9-4-2006обл. Көңілдендіргіш газдың ыдырауы. 8 балл.

Азот (I) оксиді қыздырғанда әдетте жай заттарға ыдырайды, бірақ, дегенмен, оның белгілі бір бөлігі азот пен азот (II) оксидіне дейін диспропорциялана ыдырайды. Бір тәжірибе кезінде азот (I) оксидін жабық ыдысқа енгізіп, ыдысты ол толық ыдырағанға дейін қыздырған. Ыдысты бастапқы температураға (1300С) дейін суытқанда ыдыстың ішіндегі қысым 40% өскені байқалған. Алынған газдар қоспасының құрамын анықтаңыздар.

 

№9-5-2006обл. Ерігіштік. 7 балл.

Калий хлоратын KClO3 (бертолет тұзын) синтездеу кезінде бұл заттың массасы 20,0 г үлгісі алынған. Оның құрамында қоспа ретінде массасы бойынша 5% калий перхлораты болған. Калий хлоратының 100 г судағы ерігіштігі: 00С кезінде - 3,30 г, 1000С кезінде – 56,2 г, ал осы кездегі калий перхлоратының ерігіштігі: 00С кезінде – 0,76 г, 1000С кезінде – 22,0 г.

1. Берілген үлгіні перхлорат қоспасынан қайталай кристалдау әдісімен толық тазалау үшін (яғни,1000С дейін қыздырып, 00С дейін суыту арқылы) судың қандай ең аз мөлшері жеткілікті?

2. Бастапқы үлгінің массасымен салыстырғандағы калий хлоратының шығымы қандай болады? Екі тұз бір – бірінің ерігіштігіне әсер етпейді деп есептеңіздер.

№9-6-2006обл. Кристаллогидраттар. 7 баллов.

Темір (III) хлориді үш кристаллогидрат түзеді: FeCl3×3,5H2O, FeCl3×2,5H2O, FeCl3×2H2O. Құрамында 0,6 моль сусыз тұз бар 128,1 г FeCl3×3,5H2O және FeCl3×2,5H2O қоспасын 800С дейін қыздырғанда кристаллогидраттар балқып, гомогенді ерітінді түзген. Ерітіндіден 5,4 г суда буландырғаннан кейін жүйені бөлме температурасына дейін салқындатқанда кристаллогидраттардың тепе-теңдік күйдегі қоспасы түзілген. Жүйенің суығаннан кейінгі сандық және сапалық құрамын анықтаңыздар.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.