Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





облыстық олимпиада есептері.



11 сынып

1. Келесі сызбанұсқаға сәйкес химиялық реакцияларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар: ацетилен ® этанол ® этилен ® сірке қышқылы ® натрий ацетаты ® метан ® хлорметан ® метаналь ® метан қышқылы ® көміртек (II) оксиді ® көміртек (IV) оксиді.

2.Көмір қышқылының судағы 0,01М ерітіндісінің сутектік көрсеткіші рН = 4,18. Осы ерітіндідегі  НСО3- және СО32- бөлшектерінің концентрацияларын анықтаңыздар. Көмір қышқылы үшін: К1 = 4,45 ×10-7; К2 = 4,69 ×10-11;

 

3. А затына күкірт қышқылымен әсер еткенде түзілген өткір иісті Б газын жай сұйық В затының судағы түсті ерітіндісі арқылы өткізгенде ерітінді түссізденеді. Алынған ерітіндіге барий тұзын қосқанда қышқылдарда ерімейтін ақ тұнба түзіледі. Алынған ерітінді арқылы сары-жасыл түсті газды өткізгенде В заты түзіледі және бұрынғы түсі қалпына келеді. А, Б, В және Г заттарын анықтаңыздар және тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар.

 

4. Хлорсутек пен дейтерий хлоридінің қоспасы берілген.Қоспадағы хлордың массалық үлесі 96,73%. Қоспадағы дейтерий хлоридінің массалық үлесін анықтаңыздар.

 

2006 облыстық олимпиада есептері.

№9-1-2006обл. Газ заңдары. 6 балл.

Ішіне бос кеңістік қалдырылмай қышқылданған су құйылып, нығыздалып жабылған герметикалық ²бомба² арқылы тұрақты электр тоғының ағынын жіберген. Егер су мүлдем сығылмайтын сұйықтық болса, ыдыстың қабырғалары қысымның әсерінен мүлдем өзгермейтін болса, ал Авогадро заңы өте дәл орындалатын болса, бомбаның ішінде қандай қысым орнар еді (температураны 00С деп алыңыз)?

 

№9-2-2006обл. Жұмбақ зат. 6 балл.

Оттек атмосферасында 6 г Х заты жағылған. Осы кезде түзілген қосылыс 38,57 мл 37%-тік NaOH (тығыздығы 1,4 г/мл) ерітіндісінде толық жұтылады. Оның нәтижесінде ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі екі есе азаяды. Бұл ерітінді 11,2 л (қ.ж.) көмір қышқыл газын толық химиялық байланыстыра алады. Х затын атаңыз.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.