Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауд. Жұмбақталған заттарды анықтау. 8 балл.



№9-4-2006ауд. Жұмбақталған заттарды анықтау. 8 балл.

Екі элементтен тұратын массасы 22 г А қосылысын ауаның артық мөлшерінде қақтағанда В газы мен қатты С қалдығы түзілген. С затының тұз қышқылындағы ерітіндісі әлсіз қышқылдық орта болғанға дейін бейтарапталғаннан кейін сары қан тұзымен (K4[Fe(CN)6]) көк түсті тұнба береді. С затын сутекпен тотықсыздандырғанда металл түзіледі. Егер В газын Бертолет тұзы ыдырағанда түзілетін газбен қосып, алдымен катализатор үстінен өткізіп, сосын суда ерітсе, Д затының массасы 75 г 35%-тік ерітіндісі түзіледі. Ол ерітінді жоғарыда аталған металмен В газын түзе әрекеттеседі. Д затының ерітіндісіне барий хлоридімен әсер еткенде ақ тұнба түзіледі. А затының құрамын анықтаңдар және сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар.

 

№9-5-2006ауд. Изотоптар. 9 балл.

Жай су мен ауыр судың қоспасы берілген.Қоспадағы оттектің массалық үлесі 86%. Қоспадағы ауыр судың массалық үлесін анықтаңыздар.

 

I-нұсқа

 

10 сынып

1.Массасы 50 г СаСО3, Са3(РО4)2 және (NH4)2CO3 қоспасын қақтағанда түзілген 25,2 г қалдыққа алдымен судың артық мөлшерін құйып, сосын көмірқышқыл газының артық мөлшерін жіберген. Сонда ерімей қалған қалдықтың массасы 14,0 г болған. Қоспадағы аммоний карбонатының массасын анықтаңыздар.

 

 

2. Этан, пропилен және ацетиленнің қоспасы 448 мл (қ.ж.) көлем алады және бромның тетрахлорметандағы (ССl4) 40 мл 5 %-тік ерітінідісін (тығыздығы 1,6 г/мл) түссіздендіре алады. Қоспа толық жанғанда түзілген көміртек (IV) оксидін толық жұту үшін қажетті 40 %-тік КОН ерітіндісінің (тығыздығы 1,4 г/мл) ең мейлінше аз (минималь) мөлшері - 5 мл. Қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін (%) анықтаңыздар.

3.Екі тұз берілген – А және В. Оның бірі, А, оранж түсті, суда жақсы ериді, оның ерітіндісі жалынды жасыл түске бояйды. А тұзы тотықтырғыш, ол қышқыл ортада тотықсыздандырғышпен әрекеттескенде оның түсі жасылдау-күлгінге айналады. Екінші тұз, В, -ақ түсті, қыздырғанда газ тәрізді өнімдерге ыдырайды. Тұздың ерітіндісі күміс нитратының ерітіндісімен ірімшік тәрізді ақ тұнба береді. А және В тұздары қыздырғанда бір бірімен әрекеттеседі. Тұздардың құрамын анықтаңыздар. Егер А және В тұздары қоспасын қыздырғанда 2,24 л (қ.ж.) газ бөлінсе, ал реакция өнімін сумен өңдегенде 15,2 г суда ерімейтін металл (III) оксиді алынған болса, онда қоспаның молярлық құрамы қандай болғаны?

 

4. 12СН4 пен 14СН4 қоспасындағы сутектің массалық үлесі 23%. Қоспадағы 12С изотопының массалық үлесін анықтаңыздар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.