|
|||
Астана: Дарын, 2010. жылғы аудандық химия олимпиадасының есептері. ауд. Пириттің жануы. 5 балл.. ауд. Химиялық өзгерістер тізбегі. 6 балл.. ауд. Қоспа. 7 балл.. ауд. Қоспа. 8 балл.. ауд. Қоспа. 9 балл.Стр 1 из 41Следующая ⇒
Бекішев Қ.
Аудандық химиялық олимпиада есептері (2006-2010)
Астана: Дарын, 2010
2006 жылғы аудандық химия олимпиадасының есептері 8 сынып
№8-1-2006 ауд. Пириттің жануы. 5 балл. Пириттің белгілі бір үлгісін жаққанда оның массасы 20% кеміген. Түзілген қоспадағы заттардың массалық үлестерін табыңыздар.
№8-2-2006ауд. Химиялық өзгерістер тізбегі. 6 балл. Келесі химиялық өзгерістерге сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар: S ® ZnS ® H2S ® SO2 ® H2SO4 ® Na2SO4 ® NaCl. №8-3-2006ауд. Қоспа. 7 балл. Газ тәрізді қоспадағы сутектік массалық үлесі – 35%, азоттікі 65%. Газдардың қоспадағы көлемдік үлестерін және газ қоспасының сутек бойынша тығыздығын анықтаңыздар.
№8-4-2006 ауд. Қоспа. 8 балл. СО2 және SО2 газдарынан тұратын қоспадағы оттегі атомдарының (О) массалық үлесі – 0,6. Газдар қоспасының гелий бойынша тығыздығын табыңыздар. №8-5-2006ауд. Қоспа. 9 балл. Жалпы массасы 15,5 г Ca(OH)2, CaCO3 және CaSO4 қоспасын тұз қышқылымен өңдегенде 1,12 л (қ.ж.) бөлінді және 6,80 г ерімейтін қалдық қалды. Қоспадағы Ca(OH)2 компонентінің массалық үлесін табыңыздар. 9 сынып №9-1-2006ауд. Қоспа. 5 балл. Мырыш пен оның нитратының қоспасын ауада қыздырғанда, оның массасы өзгермеген. Қоспадағы мырыштың массалық үлесін анықтаңыздар. №9-2-2006ауд. Ерігіштік. 6 балл. Калий хлоратының 100 г судағы ерігіштігі: 700С кезінде - 30,2 г, ал 300С кезінде – 10,1 г. 700С кезінде қаныққан 70 г ерітіндіні 300С дейін суытқанда қанша грамм калий хлораты бөлініп тұнбаға түседі? №9-3-2006ауд. Жұмбақталған заттарды анықтау. 7 балл. Жабық ыдыстарда А және В газдары берілген. А газының жағымсыз иісі бар, В газы – тұншықтырғыш. А газы оттекпен әрекеттескенде 5,4 г су және С газы түзіледі. С газы ауада оңай қоңыр түсті Д газына айналады. В газы суда өте нашар ериді, оның ерітіндісі лакмусты қызыл түске бояйды. В газының судағы ерітіндісіне күміс нитратын қосқанда 14,35 г ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. А мен В газдарын бір-біріне қосқанда Е тұзы түзіледі. Қыздырғанда ол қайтадан А және В газдарына ыдырайды. А, В, С, Д, Е заттарын анықтап, олардың формулаларын және тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар.
|
|||
|