Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Франция.



№22-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Франция.

Жоспары:

       1. Ауыл шаруашылығы және аграрлық құрылым.

       2. Азамат соғысы.

       3. IV Генрих. Абсолютизмнің орнауы.

       4. XIII Людовик. Абсолютизмнің нығаюы.

Лекция мәтіні.

XVI ғғ. бас кезінде Франция өзінің территориясын біріктіруді түгелге жуық аяқтады және топтасқан іргелі ірі мемлекетке айналды. Ең соңғы ірі герцогтың - Бретань - француз корольдері VIII Карлдің және одан кейін XII Людовиктің Бретан герцогинясымен жасалған некелерінің нәтижесінде Францияға қосылды; бұл қосылу 1532 жылғы салтанатты актімен біржолата бекітілді. Ал азғантай ғана ірі феодалдық сеньорлар ендігі жерде аса құдіретті француз королінің қоластына қызметке кіруге, сарай ақсүйектерінің құрамына енуіне мәжбүр болды.

1. Францияның ауыл шаруашалығы ең басты экономикасының негізі болды. Франция халқының көпшілігі деревняда тұрды. Ең ірі қаласы Парижде 300 мыңнан аса адам қоныстанды. Францияның Лион, Марсель және Руан қалаларында халықтың шоғырлануы байқалмады, қала халқы қолөнермен шұғылданды. Капитализмнің енуі бұл жерде баяу жүрді, себебі бұл елді мекенде ауыл шаруашылық ішіндегі бидай егіп астық өндіруді сырт жаққа сауда қатынасқа қоюға ешқандай мүмкіндік болмады. Француз сеньорларына өздерінің жыртылған жерлерін шаруаларға үлестіріп беріп үстінен рента салығын жинап тұру тиімді болды. Француздықтар сауда қатынасында ұсақ-түйекпен айналысты. Буржуазиялық дворяндарды “ұзын шапандылар” деп атап кетті. Сеньорлық төлем егер шаруа жеріне қаражат керек болса, кепілдікке зат қойып қарыз ақша алуына болады. Ауыл шаруашылығының өнімдерінде күннен-күнге салық ауырлай берді. Бірақ Франциядағы шаруалар езгісін қанау Англиядағыдай болмады. Ұзын шапандыларға салық төлеу ауылдағы кедейлерді әбден қажытты. Францияда да шаруалар таптық көтеріліс жасауы немесе тонаушылық іс-әрекетпен ел кезіп кетеді деген үрей пайда болды. 1489-1515 жылдарда король үкімі бойынша 400-ге жуық жәрмеңкелер мен рыноктар ашылды.

2. Итальян соғыстары аяқталғаннан кейін Францияда қалыптасқан жағдай Като- Камбрезиде (1559 жж.) бітімі жасалды, осы бітімнен кейін ІІ Генрих дүние салды. Оның орнына ІІ Францискі отырғанда, тақты герцог Гиздер басып алды. Олар король әйелінің туысы болатын, гиздер корольдің беделін түсірді. Елде жалақысыз әскерлер мен қоластындағы қызметкерлер қаңғып босып кетті. 1560 жылы Бурбондардың партиясы келісім жасады, оның басында принц Конде тұрды. Ол Гиздерді үкіметтен тайдырып, корольді құтқарып қалды, 1560 жылы желтоқсанда ІІ Францискі дүние салды. Оның орнына інісі он жасар IX Карл отырды. Король жасы кіші болғандықтан оның шешесі Екатерина Медичи мен Антуа Бурбон екеуі өкіметте билік жүргізеді.

Азамат соғыстары 1559-1598 жылдар аралығында жүрді. Екі жақтан да соғысқа қатысушылардың саны көп бола қоймады. Франциядағы азамат соғысының басталу себептері 1572 жылғы Варфоломей түні, 1576 жылғы католиктік лиганы құру және 1598 жылғы Нанд эдиктісі болатын. Соғыстың бірінші кезеңі 1570 жылы тамызда Сен-Жермендегі бітіммен аяқталады. Азаматтық соғыстың алғашқы кезеңдері 1559-1572 жж. аралығын қамтыды. Екінші кезеңі 1572-1576 жж. қамтиды. Үшінші кезең 1576 жылы католиктік лиганы ұйымдастырумен сипатталады. 1574 жылы IX Карл қайтыс болған соң, билік оның інісі ІІІ Генрихтің қолына көшеді. 1585 жылғы Париж лигасы уақытында дворяндар мен буржуазия өкілдері реакцияшыл аристократияға қарсы шығады. 1589 жылы 1-тамызда ІІІ Генрих лигердің қолынан қаза табады, оның орнына Бурбон әулетінен Генрих Наваррский - IV Генрих таққа отырады.

3. IV Генрихтің патшалық құрған кезі абсолютизмнің нығая түскен кезеңі болды және ұзаққа созылған азамат соғысының кезеңінен кейін, бұл абсолютизммен байланысты болған қоғамдық мүдделердің көздеген мақсаттарын да айқындап берді. Абсолютизм дворяндарға өте қажетті, өйткені ол олардың арттықшылықтарымен шаруаларды қанау құқықтарын қызғыштар қорғап отырды. Ол буржуазияға да мейлінше қажет болды, өкімет билігін қолына алуға әлі әлсіз еді, сонымен қатар ол азамат соғыстары кезінде күшейіп алып, өздегендерін істейтін дворяндық феодалдардың еркін түсуінен қорғануды корольдің қоластынан табуға тырысты. Бұл буржуазия мен қатардағы дворяндардың кең топтарының мүдделерін аңсап, мемлекеттік бірлігін діни фанатизмнен жоғары қоятын ”саясатшылардың” теориясына сәйкес келді.

IV Генрихтың экономикалық саясаты ең алдымен өнеркәсіп пен сауданы көтеруге бағытталды. Буржуазияның тілектеріне және буржуазиядан шыққан кейбір экономистерді, мысалы; Лаффеманың ұсыныстарына сәйкес IV Генрихтің үкіметі өз саясатымен қолөнершілерді қолдап, көптеген жеңілдіктерді қарастырды. Барлық сауданы дамыту үшін көптеген қаражаттарды іс жүзінде ақшалай көмек көрсетті. Гасбургтердегі соғыс әзірленіп жатқан кезде, католик Равальяк 1610 жылғы 14 мамырда IV Генрих өлтірді.

4. Францияның королі болып, таққа отырған IV Генрихтің ұлы XIII Людовик тоғыз жасқа толған еді. Оның қамқоршы шешесі Мария Медечи болып жарияланды, ал Париж парламенті бұл шешімді бекітті. Үкіметтің әлсізігін пайдалана отырып, ақсүйек-шонжарлар мен принцтер қайтадан лаң сала бастады, IV Генрихтің тұсында айрылып қалған саяси ықпалдарын қалпына келтіруге тырысты. Олар Бас штаттар мәжілісін шақыруды талап етті, мәжіліс 1614 жылы жиналды. Реакциялық ақсүйектердің штаттарды шақыру нәтижесінде абсолютизммен күресті жалғастырмақ болған ойлары ақталмады. Дворяндарға айналған чиновниктер мен қаланың байларынан құралған үшінші сословиенің палатасы үкіметті қолдап шығып, үкіметтің ауысуын және мемлекеттің басқару ісін өз өкілдерінің қолына беруді көздеген ақсүйектердің талабын қабылдамады. Осыдан кейін ақсүйектер мен дворяндар үкіметпен ашықтан-ашық қарулы күреске кірісті. Сонымен бірге католик ақсүйектеріне қарсы күреске бірыңғай майдан болып шықты. 1614-1620 жж. болған азамат соғыстары король армиясының жеңісімен аяқталды.                                                            

                                           



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.