Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Англия.



№21-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Англия.

Жоспары:

1. Ауылда аграрлық төңкерістің басталуы.

2. Ағылшын шаруаларының жер үшін күресі.

3. Ағылшын реформациясы.

4. Тюдорлардың ішкі саясаты.

Лекция мәтіні.

1. Деревняда ағылшын шұға өндірісі және ағылшын жүніне деген сұраныста Фландриядан кейін екінші орында Англия тұрды. Англияда қой шаруашылығы егіншілікке қарағанда саудада сұраныс көп болды. Ағылшын шаруаларды күштеп қара еңбекке жұмсады. VII Генрихтың (1485-1509 жж.) тұсында ірі феодалдар өз қарамағындағы әскери жасақтарын таратып жіберді. Англияда осы кезеңде жұмысшы тап, шаруалардың көпшілігі ел кезіп қаңғырып кетті. VIII Генрихтың (1509-1547 жж.) тұсында шіркеулік реформацияның бағытымен бос жүрген шаруалар әртүрлі кәсіпте жұмыс істей бастады. Англияның жерінің үштен бір бөлігі шіркеу иеліктерінде болды. Реформация барлық жерлердегі монастырьларды жойып, олардың мүлкін талан-таражға салып, қоластындағы жерлерін король қарамағына өткізді. Король реформация бағыты арқылы алынған монастырлардың жерлерін өзінің қарамағындағы қызметкерлеріне сыйға беріп, дворяндарға, саудагерлерге, фермерлерге сатты. Осы тұстан бастап жаңа жекеменшік жер иелері өз жерлерін тиімді пайдалану жолдарын қарастырды. Дворяндардың ағылшын шаруаларының жерлерін тартып алу процесі аграрлық процестің негізгі белгісі болды және Англиядағы ескі феодалдық жер иеленушілік жаңа буржуазиялық типке айналды, ауыл шаруашылығын капиталистікке көшу басталды. Англияда аграрлық төңкеріс революциялық жолмен және зорлықпен жүргізілді. Олардың жүргізген саясаты ауылдағы шаруаларды өз жерінен қуды және ауыр салықтармен күн көре алмаған шаруалар өлімі көбейді. XVI ғ. аяғы орташа дворяндармен сауда-саттықтағы саудагерлер мен кәсіпкерлер өз жерлерінде феодалдық рента емес капиталистік жолмен қолданды. Ауыл шаруашылығында жұмысшылар мен жерден айырылған шаруалар босып кетті. Ағылшын шаруаларының мүліктік жағдайдағы өзгерістерінде шаруалардың отырған жерінен қуып шығуы тоқтатылмады. Шаруалардың қитаратылған үйлерімен аз ғана қоршалған жері сол жердің графтықтардың үлесіне тиді.

2. Англияда феодалдық құрылыстың үстемдік етуімен капиталистік өндіріске көшу ірі феодалдар үшін тиімді болды, ал шаруалар үшін аграрлық қатынастардың бұзылуы ауыр жағдайға әкеп соқты. Соның салдарынан 1536-1537 жылдары Англияда Солтүстік графтықтардың Реформацияға қарсы көтерілістің шығуына ықпал жасады. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды. 1549 жылы жаз айларында Уот Тайлер бастаған көтерілістен кейін ел кезіп жүрген шаруалар жан-жақтан келе бастады. Англияның оңтүстік-батыс және шығыс графтықтарын түгел қамтыды. Бұл көтерілісті ұсақ дворянин Роберт Кед пен оның інісі Вильям басқарды. Роберт Кедтің қоластында 20 мыңға жуық қарулы шаруалар болды. Кедтің армиясын тоқтату мүмкін еместігін білген король дворяндармен өзінің жоғары палаталарымен ақылдаса отырып, бір келісімге келеді. Тюдорлардың үлкен жер сыйлықтарын алған қызметкерлеріне қарсы Қызғалдақ және Сарығалдақ соғыстары болады.

Ағылшын абсолютизімінің тағы бір ерекшелігі - тұрақты армияның жоқтығында болды. Тюдорлар тарапынан соғыс флотын жасауға кірісті. Ағылшын королі тарқатып жіберген жасақтарын қайта жинады.

3. Тюдорлардың тұсында аблолютизм нығайды, Англияда VIII Генрих тұсында шіркеу реформациясы болды. 1534 жылы Англия шіркеуін Римге бағынудан босатты және шіркеудің басы етіп король тағайындалды. 1536-1539 жылдары парламенттік актілер бойынша Англияда барлық монастырьлар жабылды. 1545 жылы шағын шіркеулерде жабылып, олардың мүліктері мен жерлері король қарамағына өтті. Реформация барынша қатал жолмен жүргізілді, библияны өз бетінше оқып түсініктеме беруіне тыйым салды.

 

Реформацияның ең белсенді қайраткерлері корольдіктің қарамағындағы өкілі - Томас Кромвель мен Томас Кранмен болды. ҮІІІ Генрихтың бірінші әйелінен туған қызы, барып тұрған католичка, испандық ІІ Филиппке күйеуге шыққан Мария Тюдордың тұсында (1535-1558 жж.) Англияда католиктік реакция барынша үстемдік етті. Дворяндардың абсолюттік саясатқа наразы көбінесе Англияның экономикалық жағынан артта қалған аудандарынан шыққан топтарына сүйене отырып, Мария католиктікті қалпына келтірді және Реформация қайраткерлерін қуғынға салғаны үшін оған жұрт "Қан ішер" деген жанама ат берді. Алайда Мария әкесінің тұсында тартып алынып, дүние жерлеріне берілген монастырьлардың мүліктері мен жерлерін шіркеуге қайтарып беруге дауаламады.

Мария өлгеннен кейін ағылшын тағына VIII Генрихтің папа мойындамаған екінші әйелінен туған қызы І Елизавета (1558-1608 жж.) отырды. І Елизавета тұсында ағылшын абсолютизмі ерекше нығайды. І Елизавета реформацияланған шіркеуді қалпына келтірді және оның әрекетін дворяндар мен буржуазияның көпшілігі қолдады. Оның тұсында діннің ағылшындық символының тиянақты редакциясы жасалды, оны парламент 1571 жылы қабылдады. Жаңа дін ілімінде кальвинизмнің ықпалы елеулі бола тұрса да, католиктік шіркеуге тән епископальдық ұйым бұрынғысынша қалдырылады.

3. Тюдорлардың өзінің таптық тірегі феодалдық дворяндардың мүдделерін көздеді және қорғады. XVI ғғ. бас иіп бағынбай, дербес иеліктерге бытырап жатқан Ирландияда король өкіметі болмады. Бұл жағдай аралдың Тюдорлардың қоластына қарауын жеңілдетті. Ағылшынның дворяндары мен буржуазиясына Ирландия тонап-талаудың оңай жағының объектісі және Англияның теңізден үстемдік құруына әрі Испаниямен күрес жүргізуіне тірек пункті болып табылды. Олар Тюдорлардан Ирландияны өздерінің отарына айналдыруды талап етті. Әуелі VII Генрих және содан кейін VIII Генрих мұнда өздерінің өкіметін мықтап орнатты. 1541 жылы VIII Генрих өзіне Ирландия королінің титулын иемденгендігін жариялады. Реформация және Ирландияда осыған байланысты монастырьлардың жерлерін тәркілеу аралды бағындырудың маңызды құралы болып табылды. Бірақ ирландықтардың көпшілігі католиктер болып қала берді. Мұны Рим және Испания өздерінің Англиямен жүргізген күресінде әлденеше рет пайдалануға тырысты.

Тюдорлардың Ирландияда жүргізген белсенді отаршылдық саясаты ирландықтардың өз елін ағылшын басқыншылардың езгісінен азат ету жөніндегі күресін күшейтті. 1594 жылы Ирландияның солтүстігінде, Ольстерден, графтар Терон мен Тирконель бастаған халық көтерілісі басталды. Көтерілісшілер католиктерге дін бостандығын беріп, чиновниктерді ирландықтардан тағайындауды және ағылшын тәжі енгізген сауда саласындағы тежеулерді жоюды талап етті. Көтерілісшілердің көсемдері Солтүстік лиганы ұйымдастырып 16 мың адамдық армия құрып, жаттықтырды. Бұл армия Блекустер өзенінде ағылшын әскеріне ойсырата тойтарыс берді. Ағылшындар қиын жағдайға тап болды; Испаниядан ақша мен әскери жәрдем күтіп отырған Ирландияның оңтүстік аудандары көтерілісшілерді қолдап шықты. Елизавета көтерілісті тұншықтыруға граф Эссекс басқарған 22 мыңдық армияны аттандырды. Бірақ Эссекс көтерілісті баса алмады, ол көтершілермен уақытша бітім жасау туралы келіссөздер жүргізді. Сол үшін де ол Ирландиядан кері шақырылып, қаһарға ұшырады.

Ағылшын теңізшілері тек қарақшылық экспидициялардан олжа тауып, ен дәулетке кенеліп қана қоймады. 1562 жылдан бастап ағылшын корсарлары Африкадан Америкаға испан отарларына құл қара нәсілділерді жеткізе бастау ісіне де олар ат салысты. Ағылшындар құл саудасының негізін қалады.    



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.