Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Испания мен Португалия.



№19-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Испания мен Португалия.

Жоспары:

1. XVI ғ. Испанияның экономикалық дамуы.

2. II-Филипп. Экономикалық құлдырау.

3. Испан абсолютизмі. II-Филипп сыртқы саясаты.

Лекция мәтіні.

1. Реконкиста аяқталғаннан кейін Пиреней түбегіндегі Португалиядан басқа елдер Испания король өкіметінің қоластында болды. 1516 жылы Фердинанд Арагонский қайтыс болған соң, Испания тағына І Карл отырды. І Карл қаза болған соң, орнына оның немересі Максимилян І Габсбурский отырады және оған Германия мен Нидерланды иеліктері мұраға қалды.

XVI ғ. Испания саяси жағынан бірігіп, өздерінің экономикасын дамытуда болды. Елдің ең тығыз орналасқан халқы Кастилия жері болды. Кастилияда дворяндар, шіркеу қызметкерлері және ерікті шаруалар өмір сүрді. Кастилияның құрамында шаруалар мен қала тұрғындары христиан дініне көшкен құқықсыз маврлар ұрпақтары - морискилер болды. Католония, Валенсия, Наварра, Арагон аймақтарының әлеуметтік саяси құрылысы Кастилияға қарағанда феодалдар шаруалардың дүние мүліктерімен қоса иемденіп тіпті крепостной шаруаларды оңай өлтіре салатын. Испанияда жалпы зәйтүн ағашы, жүзім, қант қызылшасы өсіріледі. Испанияда салық төлеу түрі алькабалалық салық өндірілген өнімнің 10%-ын, ал қолөнершілер сатылған тауардың 50%-ын төлейді. Өзге елдерге қарағанда испандық шаруалардың өндірілген астықтары 2-2,5 есе қымбат сатылды. Кастилиядағы мал шаруашылығының жүн мен еті саудаға еніп отырды. Испанияның Солтүстік провинциясы металлургиядан басқа кеме жасаумен балық аулауды дамытты. Испанияның монархиясы бірнеше дербес корольдіктерден тұрды. Кастилия қаласының өзгеде мемлекеттер сияқты өсуі баяу дамыды.

2. V Карл Испанияда билеген кезде өмірінің соңына дейін жорықтармен өткізді. 1555 жылы тақты өзінің ұлы ІІ Филиппке (1555-1598 жж.) қалдырды. Әкесінен мұра Нидерланды мен Испанияны және италияндық иеліктерді қоса биледі. ІІ Филипп білімі шамалы, ұсақ-түйекке араласқыш, кең көлемді жерді иелік қылса да қанағаттанбады, көздеген мақсатына жетпей қоймады. Корорльдің түсі суық, сөзге сараң өмірінің соңын тыныштықта өткізді. Ордасынан шықпай барлығын қағаз жүзінде жарлықтар жеткілікті деп ойлады. Испания корольдарының Толедо мен Вальядолидтегі резендециясын тастап, ІІ Филипп өзінің астанасы Кастилияны қиратты. Елдегі шіркеу бастыларына қарсы католиктік реакцияшыл мен инквизицияны тоқтату барысында қатаң шаралар қолданады. ІІ Филипп таққа отырған күннен бастап, ұлттың дәстүрі мен тілінен бас тартуды талап етті және арнайы заң енгізіп шіркеу бастылары құрбандыққа ұшырап отырды. 1568 жылы морискілер өз халифатымызды сақтап қаламыз деп ұран тастады. Бұл морискилердің еркектерін аяусыз қырып тастады, әйелдері мен балаларын құлдыққа сатты. 1585 жылы Арагондағы көтеріліс діни және саяси қудалау арқылы тоқтатылды.

XVI-XVII ғғ. Испания экономикалық құлдырауда болды, оған себеп салықтың көбеюі, елде ауыл шаруашылық құлдырауынан нанның қымбаттауынан және шаруалар өз жерларінен қуылуы, жер сату нарқының өсуімен елдегі аштық. 1573 жылы Толедо, Куэнка қалаларында жүн маталарының өндірілуі құлдырап кетті. Кейбір жерлерінде шаруалар ауыр еңбектері тек қарын тойдыруын ғана көздеді. Испания елін король бірнеше рет банкрот деп жариялады.

3. Билік басындағы корольдің өзі испан абсолютизмі орнықтырып, испандық қалалардың өзі қалаға ұқсамай, қаладағы сауда мен өнеркәсіп өте құлдырап кетеді. ІІ Филипп өзінің зайыбы ағылшын король қызы Мария Тюдор мен Англия және Испания күштерін біріктіріп, католицизмдік империя құру саясатын жүргізеді. 1558 жылы ол Мария қайтыс болған соң, Елизаветаға үйленеді. Елизаветаның қарамағындағылар ағылшын адмиралдары Америкадан келе жатқан асыл металдар жүктеген испан кемелерін тонап, испандық қалалардағы сауда қатынастарды тоқтатып тастады. Осы тұста Португалия мен Испания бірігіп испандық абсолютизмді орнатып, Англияны мүлдем басып аламыз деген алдына жоспар қояды. Португалия ақсүйектері мен иезуиттерінің қолдауына сүйенген ІІ Филипп герцог Альба басқарған үлкен әскерін Португалияға аттандырады, ол Лиссабонды басып алады. 1581 жылы сәуірде Португал кортестері ІІ Филиппті өздерінің королі деп жариялады. Португалиямен бірге Испанияның қоластына Ост және Вест Үндістандағы португалдық отарларда қарады. Әлденіп алған ІІ Филипп Англияның королевасы Елизаветаға қарсы қастық жасаушы, оның орнына таққа католичка - Шотландия королі Мария Стюартты ұсынушы католиктік топтарды қолдай бастады. Бірақ 1587 жылы Елизаветаға қарсы әңгімелесіп, Марияның басы кесілді. Англияның адмиралы Дрейктің басшылығымен Кадиске жіберілген эскадрасы портқа баса көктеп кіріп испан кемелерін талқандады (1587 жж.). Бұл оқиға Испания мен Англияның арасындағы ашық күрестің басталуына себепші болды. Испания Англияны жаулап алу үшін орасан зор эскадра жабдықтауға кірісті. Испан эскадрасы “жеңімпаз Армада” деп аталды. 1588 жылы маусымда бұл эскадра кемесі суға батып кету апатымен аяқталады.

ІІ Филипптен соң, оның мұрагер баласы ІІІ Филипп таққа келеді. 1618 жылы Отызжылдық соғыс басталады. IV Филипп таққа отырады (1621-1665 жж.), Испанияның саясатын жүргізеді. 1581 жылы Португалия бөлінеді.                                                                     



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.