Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Нидерланд буржуазиялық революциясы.



№18-лекция

Тақырыбы: Нидерланд буржуазиялық революциясы.

Жоспары:

1. XVI ғ. Нидерланды.

2. Революцияның алғышарттары.

3. 1572 ж. көтеріліс және буржуазиялық республиканың пайда болуы.

4. XVI ғ. аяғындағы Құрама Провинциялар Республикасы.

Лекция мәтіні.

1. XVI ғ. Нидерландының жер иелігі Маас, Рейн және Шельд өзендерінің Солтүстік теңіздің жағалауындағы аймақ кірді. Бұл жерлерді иелік еткен графтар, герцогтар және сеньорлар иемденді. 1477 жылы Франция мен Швейцария кантондарымен соғысқан герцог Карл Смелый Нанси түбіндегі ұрыста қаза табуына байланысты, Франциямен жүріп жатқан күресте тақтың иелі мұрагері Мария Бургундская мен Максимилян Габсбурскиймен некелесуі салдарынан, Германия императоры болды. Қоластындағы Германия, Австрия, Нидерланды мемлекеттерін биледі. 1523 жылы Фрисландияны, 1528 жылы Утрехт пен Оверэйсселді, 1536 жылы Хронинген мен Дрентунды, 1543 жылы Гельдернді қосып алды. Қоластындағы мемлекеттерге бірдей түрде 1548 жылы Аугсбургтік бітім заңды түрде бекітті. 1549 жылы Нидерланды 17 провинциялық жер иеліктерден тұрды және империяға өзге мемлекеттер сияқты бағынды. Нидерландының саяси күресі екі бағытта дамыды: бірінші - елді басқару император қолында, оның арнайы құралған ірі шонжарлар кеңесі болды. Олар салық түрлерін мемлекеттік лауазымдағы кеңестер жекелеп бөлді. Екінші жағынан Нидерландыда сословиелік монархия мұраға қалған жерлерін дауысқа салып, шексіз құқылы шешім қабылдап отырды. Қалалар мен селоларда арнайы органдар болды.

V Карл тұсында Нидерланды өзге елдерге қарағанда мемлекет қазынасына 2 миллион салық ақшалай түсіп отырды. V Карл патшалық құрғанда өз қазынасын көз тоймаушылықпен Нидерландыға салынған салықпен көбейтіп жіберді.

Соның салдарынан Нидерландының экономикасы мен финансын мүлдем әлсіретті.

XVI ғғ. 60-жылдарында Нидерландының 3 миллиондай халқы, 300-ге жуық қала мен 6500-ден астам деревнясы болды. Голландия провинциясында халықтың тығыз орналасуы соншалықты бір шаршы километрге 70 адамнан тұрды. Нидерландының 17 провинциясы барлығы бірдей экономикалық дамуда болды. 1517 жылы Ипрде 600 тоқыма станогы жұмыс істесе, 1545 жылы 100-ден асты. 1563 жылы мата өндіру 97 795 тайға жетті.

1525 жылы V Карл өз еркімен тақтан түсті, мұрагері үлкен ұлы ІІ Филиппке Испаниямен қоса Нидерланды, Италиялық иеліктерді берді. ІІ Филипп Франциямен соғыс кезінде Нидерландыны сақтап қалуға тырысты. 1557 жылы мемлекетті банкрот етіп жариялап, көптеген банкирлер өлшеусіз зиян шекті. ІІ Филипп өзінің саясатында 1559 жылы жаңа епископтарды құру туралы Заң шығарады. 1560 жылы Испаниядағы, Нидерландыдағы жүннің шетелдерге шығару салығы жоғарылап кетті.

2. 1562-1566 жылдары Нидерландыда қала кедейлері көбейіп, жұмысшылар мен шаруалар арасында көптеген наразылықтар туды. Үкіметке қарсы наразылық нидерландық дворяндардың арасында байқалды. Бұл оппозицияның негізі екі талап бойынша қол жеткізді. 1565 жылы қарашада оппозициялық дворяндар 500-ге жуық адамды біріктіріп одақ құрды және бір келісімге қол қойды. 1566 жылы 5 сәуірде бұл одақтастықтың басында наместница Маргарита Пармская тұрды. Осы тұстан бастап Нидерландыда революционерлермен бостандық үшін күресушілер күшейді. Маргарита Пармская дворяндардың өтінішін королға жеткізіп және еретиктерді қудалауға уәде берді. 1566 жылы Германиядан арнайы әскери жасақ алдыртып, олардың жалдамалы ақысын дворяндар төлеп отырды.

Нидерландыда буржуазиялық революциясы 1566 жылы 11 тамызда халық қарулы отряды иконға қарсы көтеріліс ашты. Нидерландыда бұл революцияда 5500-ге жуық шіркеулер талқандалды. Көтерілісті тоқтату мақсатында король біржолата шешім қабылдауға мәжбүр болды. 1567 жылы көктемде иконға қарсы көтерілісті тоқтату үшін көмекке Мадридке герцог Альбаның басшылығымен жазалау отряды келді. 1567-1571 жылдар арлығында Альбаның үкімі бойынша 8 мыңға жуық адамдар өлім жазасына кесілді, оның ішінде аристократиялық оппозицияның көсемдері графтар Эгмонт пен Горн, дворяндар, купецтер, кедейлер көпшілігі жазаланды.

3. 1567-1571 жылдары Альбаның жасаған қатаң тәртібі, королева Елизавета Испания бөлініп кетеді деген қауіппен, 1572 жылы 1 сәуірде Рейн бойындағы Брил қаласын басып алады. Королева бұл жердегі халықтың кальвинистерін тоқтату мақсатында Брюссельде “18” мемлекеттік кеңес пен оның штаттарын қатаң түрде бекітеді. 1577 жылы күзде Фландрияның астанасы Гент қаласында реакцияшыл дворяндар басшысы Арсхот және басқа да оның өкілдері көтеріліс ұйымдастырып, бұл көтерілісті тоқтату үшін реакцияшыл дворян бүлікшілерін тұтқынға алып, қатаң жазалады. 1578-1579 жж. Аррас және Утрехт униялары контреволюцияшыл дворяндардың келісімімен королге қарсы шығу тоқтатылады.

ІІ Филипп 1581 жылы 26 шілдеде тақтан түсті, 1582 жылы ақпан айында губернатор ретінде француз королінің інісі герцог Анжуиский басқарады. 1583 жылы қаңтар айында герцог өз әскерлерімен Фландрия және Францияны басып алып, халықты көптеген шығынға ұшыратты.

4. Нидерландыда буржуазиялық революцияның көсемі болып Оранский іс жүзінде елді биледі. Принцтің жүзеге асырамын деген жоспарлары халық арасындағы қарулы күштер өз республикасының тәуелсіздігін сұрады. Принц қайтыс болған соң оның баласы Мориц Нассауский (1585-1625 жж.) ел билеген тұста, өз қарамағындағы мемлекеттерді ыдыратады. 1588-1609 жж. құрама провинциялар республикасы Испанияға қарсы соғыс жүргізеді. Мориц Нассауский бұл соғысты тікелей өзі басқарып, бұл елде 12 жылға дейінгі уақытша бітімге келіседі. Міне осы тұстан бастап Нидерланды Құрама Провинция Республика болып жарияланады.                             



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.