Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Феодалдық реакция және контрреформация.



№17-лекция

Тақырыбы: Феодалдық реакция және контрреформация.

Жоспары:

1. XVI ғ. бас кезіндегі Швейцария.

2. Ульрих Цвингли реформациясы.

3. Кальвиндік дін ілімі.

4. Тридент соборы.

Лекция мәтіні.

XVI ғғ. Швейцария одағының территориясы тағы да үш кантонның – Базель, Шаффгаузен (1501 жж.) және Аппенцелляның (1513 жж.) сондай-ақ Бернанның Савойямен жүргізген күресінің барысында қосылған кейбір жеке жерлердің есебінен ұлғайды. Одаққа енді 13 толық құқылы кантондар еніп, елдің халқы 1500 жылға қарай шамамен 850 мың адамға жетті. Швейцария одағының саяси құрылысы бұрынғысынша - орталық үкіметтің тұрақты органдарынсыз және біріккен қарулы күштерінсіз - конфедерация болып қала берді. Әр жер өкілдерінің ішінде депутаттар сайланып, елдегі болып жатқан шараларды өздері бірлесе отырып шешті. Бұл жерлердің ешқандай саяси құқықтары болмады және олар кантондардың билеуші олигархиясының жасайтын озбырлықтары мен қанауларының объектілері болып табылды. Швейцария ормандық кантондарында мал шаруашылығы жоғары болып, соның ішінде сиыр шаруашылығы жүзеге асырылды. Сиыр сүті өнімінен жасалатын сырға бүкіл еуропалықтар мен ресейліктердің сұранысы күшті болды. Швейцарияда қалалық кантондарда – Цюрих, Базель, Берна және Женева сияқты ірі қалалардың алқаптарында егін шаруашылығымен айналысты. Швейцарияда Берндік Юреде ең ірі темір кендер шахталары болды.

1516 жылы Франция королі І Францискпен жасасқан шарттары бойынша Швейцария халқының еркін бостандықта шығу жолдарын алыстатып жіберді. Швейцариядада реформацияның пайда болуы шаруалар арасында бостандық үшін күрес және дәулетті жер иелерінің қоластында ауыр езгіден арылуды көздеді.

2. Кантондарда таптық шайқастарға соқтығысып халық арасында түрлі діни шіркеулік идеология саласын өзгертті. Швейцарияда да Реформация ұғымы түрлі бағытта кең өріс алды. Солардың бірі Ульрих Цвингли (1481-1531 жж.) Цюрихтегі реформациялық және саяси қызметі кеңінен тарады. Деревня старостасының баласы Вена университетін бітіргеннен соң, Базельде латын тілінен сабақ берді және гуманистік идеялармен әуестенді. Ол 1506 жылы жоғарғы дәрежелі атақ алып, Глаусте священник болып істеді. 1505 жылы полктің священнигі ретінде Мариньян түбіндегі швейцариялар үшін қайғылы қырғын соғысқа қатысты. Бұл оның әскерге жалдану ісін жек көруін нығайта түсті. Цвингли жекелеген реформациялық қағидаларды өзіне қатты әсер еткен Лютер шыққанға дейін, 1516 жылдан бастап айтып жүрді. 1518 жылы Цюрихқа қайтып келген соң, Цвингли католиктік шіркеуден біржолата қол үзіп кетпей, тек оның догматтарын сынаумен және өзінің діни доктриналарын жасаумен шектелді.

Цвинглидің дін иелерін некесіздігін шіркеудегі монахтықты құдайға құлшылық ету сән салтанатын теріске шығарып догматтар мен құпиялықтарды тәртіппен христиан дінінің ең басты сиқырлы құпиялықтарын Христос адамзаттың кінәсін және оның азаппен өлтірілгені туралы аңыз әңгімелерді шәкіртеріне айтып отырды. Цвинглидің ілімі шаруалар арасында 1522 жылы дін иелерінің некесіздігін жою жөнінде жарлық беріп, 1523 жылы қаңтарда Цвингли Лютерге еліктей отырып, өзінің “67 тезисін” жариялап онда өз ілімінің негіздерін баяндады. 1523 жылы Цвинглидің ілімі бойынша оның ұсынған жоспары жүзеге асырылып, осы жылдар ішінде шіркеулер мен монастырьлардың мүліктері алынып, оны қайтадан құрумен болды. 1524 жылы дін туралы екі рет айтыс өткізіп, онда Цвингли озып шықты. 1524-1525 жылдары Цюрихте жүргізілген реформация негізінде аяқталды. 

3. Кальвиндік дін ілімі католицизмге де және халықтық реформацияны радикалдық ағымдарында қарсы бағытталды. Бұлардың ізбасарларын ол құдайсыздар және материалистер деп айыптады. Кальвинизмнің ең негізгі догматы – яғни Кальвин ілімі деп адамдардың тағдырын құдай тағаланың алдан-ала жазып қоятын туралы ілім болды. Кальвин тұжырымдамасы бойынша құдай о дүние есігінде кім қалай, қашан өлетінін алдын-ала жазып қояды деді. 1536 жылы Француз реформаторларымен бірге Женеваға Жан Кальвинде келіп, әлеуметтік-саяси күресте өзінің реформациялық ілімімен және қағидаларымен түрлі бағыттағы айтыстарда көзге түсіп, бұл ілімін шәкірттері кальвинизмдік ілім деп атап кетті.

1509 жылы Жан Кальвин Солтүстік Францияның Нуайона қаласында епископтың секретарының жанұясында дүниеге келді. Бурж университетінің заң факультетін бітіріп, гуманистік ағымға қосылды және сабақ беру мен қызметінен тапқан қаржысымен күн көрді. Протеотантизмге шамамен 1534 жылы көшкен болса керек. Ең радикалды протестанттармен достасты және діни қуғындаудан бой тасалап әуелі Германияға, содан соң Женеваға келді. Базельде оның алғашқы шығармасы “Христиан дініндегі өсиет” атты ең алғашқы еңбегі жарық көрді. 1538 жылы Кальвин мен оның көмекшісі Фарельді өкімет басындағы дұшпандары Женевадан қуып жіберді. 1541 жылы Женеваға қайта оралып, Кальвиндік ілім біржолата озып шықты. Кальвиннің ілімі бойынша байлық пен кедей болып өмірге келу жаратушы тәңірдің әмірімен еркінде болды деп тұжырымдады. 1553 жылы Женевада Кальвиннің талап етуі бойынша, ірі испан ғалым-гуманисі Сервет отқа жағылды. Бұл ғалымның тұжырымдамасы бойынша құдайдың үшеулік ілімін теріске шығарғаны үшін жазаланды.

4. Еуропа феодализімінде XVI ғ. 40-жылдарында буржуазиялық реформациямен шаруалар арасында жасалған көтерілістерді айта аламыз. Католиктік шіркеудің контрреформация деп аталған бұл саясаты папаның жаңадан құрылған Иезуиттер ордені қызметінен және папаның Тридент соборы шешімдерін жүзеге асыру жолындағы шараларынан неғұрлым айқын көрінді.

Иезуиттер орденін (“Иисус қоғамын”) орташа дәулетті испан дворяны Игнатий Лойола (1491-1556 жж.) құрды. Ауыр жарақаттанып, әскери қызметін атқарудан бұл католиктік фанатик және реакционер “Иисусқа қызмет” етіп, ересьпен күрес жүргізуге бел байлады. Игнатий Лойола әуелі Саламанск университетінде, одан кейін Сорбоннада дін ілімін үйреніп, “Діни машықтанулар” деген кітап жазып шығарды. Иезуиттер ордені ресми түрде 1540 жылы құрылды. Игнатий Лойола бұл құрылған орденнің ең бірінші басшысы яғни генералы және Иезуиттер өкіметінің жоғарғы органы болып, қарамағында кеңесші 6 адамнан құралған кеңес болды. Иезуиттер кеңесшілері бүкіл дүниежүзінде бірнеше елді қамтыды және олардың кеңесшілерінің құқықтары болды. 1869-1870 жылдары догмат ресми түрде үш ғасыр өткеннен кейін Ватикан соборында иезуиттердің қысымы қабылданды. Орта ғасырдың соңғы жылдарында Реформация табысқа жеткен елдерде католицизмді насихаттау әдістері жетілдірді.     



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.