Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Италия.



№23-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Италия.

Жоспары:

       1. XVI ғ. екінші жартысында экономикалық құлдырау.

       2. XVII ғ. бас кезіндегі Германиядағы саяси күрес.

       3. Италиядағы аграрлық қатынастар.

       4. 1494-1559 жж. италян соғыстары.

                                                         Лекция мәтіні.      

Экономикалық өзгешелігі саяси бытыраңқылық пен феодалдық озбырлықтың нағыз дөрекі формалары ел ішіндегі әлеуметтік жанжалдарды туғызды. Экономикалық саяси өзгерістері княздардың, ақсүйек және діни княздар мен феодалдардың ең жоғары діни және ақсүйек феодалдар мен рыцарьлардың арасындағы қақтығыстар өзара күреспен астасып жатты, сондай-ақ елдің әртүрлі аудандарындағы бюргерліктердің ішіндегі өзара алауыздықтар мен мақсаттардың қарама-қарсылығымен бейнеленді.

Қалалардың экономикалық құлдырауы және ішкі рыноктың қысқаруы жағдайларында ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға жаңа мүмкіндік туды. Өйткені Эльбаның шығысындағы аудандардан астық (көбінесе қара бидай) және өнеркәсіптік шикізат шетелдерге шығарыла бастады. Шығыс Германия феодалдары барщиналық еңбекті кеңінен пайдалана отырып, өз шаруашылықтарын шаруалардың үлестері мен қауымдық жерлердің есебінен ұлғайтып, шетке шығарып өнімдерін көбейтуге мүмкіндік алды. Шығыстағы жерлері ауыл шаруашылығы өнімдерін тауарлы өндірісті ұлғайту феодалдық реакцияшылдар қолында болды. Шаруалар соғысы жеңілгеннен кейін Германияда күшейтілген крепостнойлық құқықтың екінші басылымы - тауарлы астықты молынан өндіру үшін қолайлы жағдайлары бар шығыс жерлердегі шаруаларды феодалдарға толық бағындырудың құралына айналды. Батыс аудандарда мұндай жағдайлар болмады. Сондықтан Германияның батыс және оңтүстік-батыс жерлерінде, олар феодалдық реакцияның және шаруаларды жаппай крепостник күйге айналдыруды қайталаудың бастама пункті бола тұрғанымен де, феодалдарға көбінесе ақшалай және заттай төлейтін ұсақ шаруашылықтардың жүйесі үстем болып қалды.

2. XVI-XVII ғғ. арасында көптеген немістік княздардың арасындағы үздіксіз қырылысушылар мен тұрақты соғыстардың ішінде княздардың негізгі екі тобы - протестанттар мен католиктердің көбінесе шіркеу жерлері мен байлықтары үшін болған күресі ерекше көзге түсті. Шіркеудің мүліктерін нәтижесінде күшейіп алған протестанттық княздар өздерінің иеліктерін баянды етіп, ұлғайта түсуге тырысты. Ал католиктік лагерьлерде дін княздары көп болды. Католиктегі дүниені сақтап қалу үшін князьдарды өз өкіметінің саяси тірегі ретінде жойып жібермеді. V Карл тақтан түскеннен кейін І Фердинанд 1565-1564 жж. билік етті. ІІ Максимилиан 1564-1576 жылдары, бұл екі император да католиктер бола тұрса да, протестантарға қарсы тұра алмады. 1540 жылы Герман империясында католиктік реакцияның басталуына және Тридент соборындағы контреформацияның жеңіп кетуіне ықпал жасады.

ІІ Филипптің испандық сарайында тәрбиеленген және өзі де иезуит болған император ІІ Рудольфтің 1576-1612 жж. билік еткен тұсында католиктік реакция Оңтүстік және Батыс Германияның бірқатар жерлерінде шабуылға көшті. Бұл шабуылды негізінен Испания монархиясының көмегіне арқа сүйеген герцог Максимилиан Баварский мен эксгерцог Фридрих Штирийский басқарды. Өздерінің соғыс күштерін біріктіру мақсатымен протестанттар 1608 жылы Евангельдік унияны ұйымдастырып, оның басшысы болып V Фридрих Пфальцкий сайланды. Келесі 1609 жылы бұл унияға қарама-қарсы католиктердің одағы Максимилиан Баварский бастаған Католиктік лига құрылды. Егер Католиктік лига Испания монархиясына арқа сүйеген болса, ал Протестанттық уния өзінің арқа сүйер тірегін француз королі IV Генрихтан тапты. Сөйтіп, Германиядағы екі лагердің арасындағы күрес ірі шетелдік мемлекеттердің мүдделерін де көздеді.

3. Италиядағы аграрлық қатынастар Солтүстік және Орталық Италияда, басқа аймақтарға қарағанда тауар-ақша қатынастары мен тауар өндірісі тезірек дамиды. XIV-XV ғғ. бірқатар қалаларда және олардың селолық округтарында алғашқы капиталистік мануфактуралардың бірен-саран пайда болуына мүмкіншілік берді. Мұның өзі қалалардың феодалдардан басым болған жағдайында басқа итальяндық аймақтарға қарағанда крепостниктіктің ерте ыдырауына әкеліп соқтырды. Мұнда крепостнойлық еңбек жойылып, шаруалар бостандық ала бастады. Бірақ олар мұрагерлік чиновниктерден гөрі қысқа мерзімді арендатор жарма-жаршыларға немесе жерсіз бытырактарға айналды.

Қолөнер кәсібі мен өнеркәсібі дамыған аймақтардағы аграрлық саланың өзгерістері басқаша түрде болды. Тоқырау, әйтпесе тіпті қалалық өндірістің жеке салаларын және солармен байланысты кәсіпшілердің құлдырап кетуі - қала халқының бір бөлігінің селоға қоныс аударуына әкеліп соқтырды. Село қолөнершілерінің едеуір бөлігі түгелімен диқаншылықпен айналысуға көшті. Осының негізінде жерді ұсақ-ұсақ учаскілерге бөліп арендаға берудің жүйесі қалыптасты. Осы шағын жер учаскілерінің арендаторлары әбден қалжыратарлық еңбекпен ғана күн көрді. Жердің табыстылығын арттыру мақсатымен агротехника жетілдірілді, интенсивті салалар: жібек құртын, бақша дақылдарын өсіру дамытылды.

4. Француз армиясы 1494 жылы ешбір қарсылықсыз Италияның бүкіл жерін баса көктеп өтіп Неапольді басып алды. Өзара жауласқан Солтүстік Италияның ұсақ билеушілері ешбір қарсылықсыз француздарға бас иді. Олардың әрқайсысы осы басқыншылықтан өзіне пайда түсіріп қалуға тырысты. Басқыншылар жұртты тонап, қырып жойды. Өздерімен алып кете алмағандарының бәрін өртеді. Германияның императоры, Испанияның королі және Венеция республикасы Францияға қарсы одақ құрды. Француздарға бұл одаққа VIII Карлға опасыздық еткен Миланның герцогі Лодовико Моро да қосылды. Одақтың қысымына төтеп бере алмаған француздар Италиядан кетуге мәжбүр болды.

1499 жылы VII Карлдың мирасқоры XII Людовиктің тұсында француздар Испанияға қайтадан шабуыл жасады. XVI ғғ. бастап 1559 жылға шейін Италия жерінде соғыс қимылдары орын алды; оны француз, испан және герман әскерлері талан-таражға салды.

Испания мен Францияның арасындағы Италияның жерлері үшін жүргізілген күрес тек 1559 жылы Като-Кабрези бітімімен аяқталды. Ол Италияда испан габсбургтерінің үстемдігін мойындатты. Испания қоластына бүкіл Оңтүстік Италия мен Сицилия, Сардиния мен Милан герцогтығы кірді. Ұсақ мемлекеттер - Тоскана, Манферрат, Генуя, Феррара, Парма, Модена және басқалары Италияның қоластында қалды. Италияны испандықтар өкілі басқарды. Тек Венеция мен Савойа ғана тәуелсіздігін алды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.