Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Скандинавия елдері.



№25-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Скандинавия елдері.

Жоспары:

       1. II Кристиан тұсындағы Дания.

       2. XVI ғ. соңы мен XVII ғ. бас кезіндегі экономикалық дамуы.

       3. Швед экспансиясы. Швецияның ұлы державаға айналуы.

       4. Норвегия.

Лекция мәтіні.

1. XV ғғ. мен XVI ғғ. Скандинавиялық мемлекеттердің ішінен халық тығыз орналасқан және мемлекеттік, экономикалық жағынан дамыған Дания мемлекеті болатын. Дания орта ғасырдағы еуропалық елдердің ірі державасының бірі болды. Оның аумағына Данияның негізгі жерлерінен басқа - Ютландия аралдарымен қоса Скандинавия түбегінің оңтүстігіндегі Скон аймағы және Фарерск аралдары, Исландия, Гренландия да кірді. Данияның корольдері 1380 жылдан Норвегияның да корольдері, ал 1460 жылдан бастап біріккен Шлезвиг пен Гольштейннің герцогтары болып саналды.

Даниялықтар астық, өгіздер мен жылқыларды және балықты - Солтүстік Германия және Нидерландыға шығарды. Жер пайдалану жүйесі мемлекеттің әртүрлі бөліктерінде біркелкі болмады. Ютландияда реформацияға дейін, меншік иесі шаруалардың саны едеуір еді, ал Дания аралдары Зеландия, Фюн және басқаларында, Сконда ең ақырында Солтүстігін даттықтар мекендеген Шлезвигте тәуелді жер ұстаушылар – чинщевиктер басым болды. Дания аралдарындағы жер ұстаушылар крепостнойлар болған еді.

Данияның қала адамдарының сыртқы саудаға толық монополиясы орнатылды. Дүние және Діни алпауыттар өздерінің жер ұстаушы шаруаларынан да сыртқа шығару үшін астық сатып алу, сондай-ақ оларға шетелден әкелінген қандайда болсын тауарларды сату құқығынан айрылды. Дворяндардың шаруаларға жасайтын озбырлықтары біршама шектелді: король чинщевиктерді ұстау мерзімдерін ұзартты, шаруаларды “мылқау мал ретінде” саудаға салуға тиым салды. ІІ Кристиан сыртқы саясаттар мен сыртқы сауда жөнінде орасан зор жоспарлар жасады. Бұларды әртүрлі пайымдау тұрғысынан Нидерландыларда, тіпті сонау алыстағы Московия да қолдады. Фуггерлердің немістік сауда өсімқорлық фирмасының және Герман императоры V Карлдің қолдауымен Данияның королі (императордың қарындасына үйленген) Ганзейлердің солтүстік Еуропадағы саудасының басымдылығын білжолата әлсіретуге және Кальмар униясын қалпына келтіруді сылтауратып, ақырында бүлікшіл Швецияны өзіне бағындыруға тырысты. Неміс жалдамаларынан құралған әскерді басқарған ІІ Кристиан Швецияға екі рет баса көктеп кіріп, онда 1520-1526 жылдары Дания өкіметін қайта қалпына келтірді. Бірақ Ганзилердің жасаған блокадасы Данияның шаруашылығын апатқа ұшырату қаупін туғызды. Аса жоғары алым-салықтар және соғысты қаржыландыру үшін корольдің теңгелерді бүлдіруі кекшіл аристократияны былай қойғанның өзінде, қала халықтары мен шаруаларды Кристианға қарсы қойды. 1521 жылы “Тиранға” қарсы (Шведтердің корольға берген жанама аты) Шведтер көтеріліс жасады. Ал 1523 жылы бұлардың табыстарымен жігерленген, батыс Даниялық (Ютландық) феодалдар дворяндардың еріктілерін бұзғаны үшін, корольға бағынудан ашықтан-ашық бастартты. Ашық күреске барғысы келмеген ІІ Кристиан, өзінің флотын алып, көмек сұрау үшін Нидерландыға жүріп кетті. Даниядағы оның заңдар жинағы салтанатты түрде отқа жағылды. Ақсүйектердің қойған жаңа королі, І Фредерик өз атағын шығарудың қамын ойлап бүкіл дворяндардың жиналыстарын жиі шақырып отырды. Аристократияның үкіметі күшейтілді. Бұл шаруаларға жаңадан қысым жасауға әкелді.   

Король өкіметін күшейту әрекетін Юргерлік рухта тәрбиеленіп, гуманистік жақсы білім алған король ІІ Кристиан 1513-1523 жж. қолға алды. ІІ Кристиан Нидерландыдан шыққан сословиалік топтың бірсыпыра адамдарын өз жағына тартты. Бұл топ оның ішкі және сыртқы саясатының бағыттарына елеулі ықпал жасады. Орталық басқарма белгісіз дворяндардың және тіпті қала адамдарының қолдарына көшті.                                                                                                                                                                                                                                       

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.