Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Орталық Еуропа елдері.



№24-лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Орталық Еуропа елдері.

Жоспары:

1.Венгрия мемлекетінің құлауы.

2. Трансилвания княздығы.

3. Молдова мен Валахия.

Лекция мәтіні.

1. Венгер тағына чех королі ІІ Владиславты (1490-1516 жж.) сайлаудың нәтижесінде пайда болған чех-венгер әулеттік униясы 1526 жылға дейін өмір сүрді. Венгер тағына отырарда Владислав венгер феодалдарының Матьяш Корвиннің орталықтандырылған мемлекеттік үкіметі күшейтуге бағытталған “жаңалықтарын” жою туралы қойған шарттарын қабылдады. Сөйтіп, ол елді корольдік кеңеспен бірлесе отырып басқаруға келісті. Феодалдық топтардың үкіметі әсіресе Владиславтың жас баласы ІІ Людовиктің (1516-1526 жж.) тұсында өзара жаулаушы алпауыттар мен дворяндардың сыбайлас топтары мемлекеттік табыстарды иемденіп алып, қазынаны тонады, өздерінің қоластындағыларды қатігездікпен талады.

Венгрияның тарихында 1514 жылы феодалдық езгінің күшейіп кетуінен шаруалар көтерілісіне әкеліп соқты.

Буданы жаулап алғаннан кейін 1543-1544 жылдары түріктер венгерлермен соғысты.

2. Трансильвания княздығы құрамында Трансильванияның өз территориясы сондай-ақ Венгрияның шығыс және солтүстік-шығыс комитеттері кірді. Трансильвания князының халқы валахтар мен венгерлерден, немістерден және украиндардан тұрды. Трансильванияның княздары белгілі бір ішкі дербестілігін сақтай отырып, Түркияға вассалдық тәуелділікте болды; олар сұлтанның суверенитетін танып оған жыл сайын салық төлеп тұрды және бүкіл сыртқы саясатын олармен келісіп барып жүргізуге тиісті болды.

Габсбургтерге қарсы күресте олардың сенімді одақтас екендіктеріне көздері жеткен түріктер трансилвандық княздарды қолдап отырды.

Трансиванияның княздық үкіметі мемлекеттік жиналыстың шеңберімен ғана шектелді, онда венгерлік алпауыттар және бұрын 1437 жылы жасалынған “Үш ұлттық униясы” негізінде артықшылыққа ие болған үш трансилван “ұлтының” өкілдері мәжіліс құрып отырды. Бұл венгерлік комитеттер мен қалалардың неміс патрициатының және сексейлердің жоғарғы тобының одағы болып табылды.

Трансильвания халықтарының үлесіне әсіресе түріктер мен Габсбургтердің арасында болған 15 жылдық соғыстың (1591-1606) тұсында халықтың едәуір бөлігі қырылып, 100-деген селолар мен қалалардың толық жойылып кеткен кезінде түскен ауыртпалықтардың шегі болмады.

Отызжылдық соғыс кезінде (1618-1648) Трансильвания княздары Габор Бетлан мен Дьердь І Ракоци қолайлы сыртқы саясатты пайдаланып, Габсбургтерге қарсы жорықтар жасады.

3. Дунай княздықтары Валахия мен Молдавия XVI ғғ. өздерінің тәуелсіздігінен айрылып, Осман империясының қоластында болды. Молдавия мен Валахия тарихында 300 жылдан астам уақыт түрік билігі орнады. Түріктер жаулап алған соң, Молдавия мен Валахияны талан таражға салды. Бұл екі мемлекет түріктерге салық төлеп отырды және түріктердің жорықтарында сұлтанның қоластында әскер қатары болып соғысқа қатысуы тиіс болды. 1484 жылы Килия мен Белгородты жаулап алып, олардың агрессиялық саясаты қамалдарға айналды. Түркия Молдавия мен Валахияда өндірістік феодалдық әдістерімен билікті қатаң “азиаттық” тұрғыда ұстап отырды. Бұл князьдіктердің халқы ежелден келе жатқан Карпат тауларының солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде аса құнарлы жер иеліктерін Серет, Прут, Дунай, Днестр сияқты үлкенді кішілі өзен сулары мен мал шаруашылығымен егін шаруашылығына өте қолайлы жерлер болатын.

Молдавия мен Валахияда шаруалар тарихында 1646 жылы (Молдавияда) және 1652 жылғы (Валахияда) шыққан “Заңдар жинағы” маңызды болып табылады. Дунай аймағындағы крепостной шаруалардың жер меншігі мен жер иеліктер туралы заң жинағы да зор маңызға ие болды.                                                                         



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.