Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Халықаралық қатынастар.



№26 -лекция

Тақырыбы: XV-XVII ғғ. Халықаралық қатынастар.

Отыз жылдық соғыс.

Жоспары:

1. XVI ғ. халықаралық қатынастар сипаты.

2. Отыз жылдық соғыс.

3. Вестфаль бітімі.

Лекция мәтіні.

1618 жылы Отызжылдық соғыс басталды. Оман Испания императоры Фердинандпен одақтасып қатысты. Германияның шекарасына екі испан армиясы жіберілді, олардың алғашқысы Фландриядан император әскерлеріне көмекке жіберілсе, екіншісі – Спиноланың басқаруымен Пфальцты басып алды. Испанияның соғыс және ақшалай көмегі Фердинандтың көтерілісші Чехтарды басып, жазалауын жеңілдетті.

IV Филипп (1621-1665 жж.) таққа отырғаннан кейін де Испанияға бұрынғысынша Фавориттер билік жүргізді. Лерманың орнына жігерлі граф Оливарес отырды. Алайда ол да ешнәрсені өзгерте алмады, өйткені Испанияның күші сарқылып біткен еді. Сүп-сұр, сазарып, қатып қалған. IV Филипптің (Испанияның атақты суретшісі Беласкестің салған портретінде ол нақ осылайша бейнеленген) билеген кезі - Испанияның халықаралық беделінің біржолата құлдырап біткен кезеңі болып табылды.

1635 жылы Франция Отызжылдық соғысқа тікелей араласқан кезде испан әскерлері жиі-жиі жеңіліп қала берді. 1638 жылы Француздардың әскерлері Руссильонды басып алып, содан кейін Испанияның Солтүстік провинцияларына баса көктеп кірді. Дегенмен онда олар халықтың қарсылығына тап болды. Олардың 1639 жылы Католонияға жасалған соғыс экспедициясы да сәтсіздікке ұшырады. 

XVII ғғ. 40-жылдарына таман Испания мүлдем туралап қалды. Ұдайы финанс дағдарысы, жұрттан үздіксіз өндірілген алым-салық міндеткерліктер, такаппар және даңғой ақсүйек шонжарлар мен фанатик дін иелерінің билік құруы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіппен сауданың құлдырап кетуі - міне осылардың бәрі халықтың қалың бұқарасының наразылығын туғызды. Бұл наразылық көп ұзамай сыртқа да жарып шықты. 

Отызжылдық 1648 жылы Вестфаль бітімімен аяқталды. Бірақ Франция мен Испания арасындағы соғыс 1659 жылға дейін жүргізілді. Сол жылы жасалған Пиреней бітімі бойынша Испания Руссилоннан және испандық Нидерландыдағы бірнеше Фландриялық қалаларынан айрылды. 1665 жылы IV Филипп Португалияның тәуелсіздігін заң жүзінде мойындауға мәжбүр болды. Сөйтіп, Испания XVI ғғ. І-жартысындағы нағыз қуатты Еуропалық державадан жүзжылдың ішінде екінші дәрежелі мемлекетке, барған сайын өз маңызын жоя бастаған елге айналды.  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.