Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Реформация және Ұлы реформация.



№16-лекция

Тақырыбы: Реформация және Ұлы реформация.

Жоспары:

1. XVI ғ. бас кезіндегі Германиядағы экономикалық құрылыс дамуының ерекше жағдайлары.

2. Неміс реформациясы. Мартин Лютер.

3. Реформацияның халықтық бағыты. Т.Мюнцер.

4. Ұлы шаруалар соғысы.

Лекция мәтіні.

1. XVI ғғ. Германияда Саксония, Тирол қалаларында кен өндірумен айналысты, осы 10 жылдық ішінде 100 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Германия күміс өндіру жағынан Еуропаның барлық елдерінен асып түсті. Ф.Энгельстің пікірінше алтын мен күміс өндіру “Германияны 1470-1530 жж. ішінде экономика жағынан Еуропаның алдына шығарған, оны Реформация деп аталынатын діни тұрғыдан болған бірінші буржуазиялық революцияның орталығына айналдырған ең соңғы түрткі” болып шықты.

Халықаралық сауда мен кредиттік операциялардан орасан зор қазына тапқан. Оңтүстік неміс фирмалары өздерінің капиталдарын тек Германияның ғана емес, сонымен қатар Австрия, Чехия, Венгрия, Испанияның тау-кен өнеркәсібімен қатар өнеркәсіптің басқа салаларына да жұмсады. Ал Вельзерлер фирмасы Аамерикадағы мыс пен күміс қазатын кендерге ие болды. Сонымен қатар Вельзерлер оңтүстік Америкадағы құл саудасына да қатысып, байланыстары мен капиталдары онда өздерінің жеке отаршылдық саясатын жүргізу үшін пайдаланды. Фуггерлер және оңтүстік Германияның басқа ірі компаниялары өсімқорлардың, саудагер-монополистердің және өнеркәсіпшілердің қызметтерін белгілі бір дәрежеде ұштастырып, осы функциялардың барлығын бір-бірімен астастырып отырды.

2. XVI ғғ. Орталық және Батыс Еуропада күрделі және сан алуан тармақты жүйесі бар халықаралық ықпалды күшге айналған католиктік шіркеудің материалдық және саяси талаптары төтенше өсіп кетті. Бұл талаптардың қойылуына католиктік шіркеудің орта ғасырларда бүкіл феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегіне айналуы негіз болды.

Шіркеу мен дін иелерінің қазіргі таңдағы жағдайлары төңкерісте болды. Шіркеудегі алтарлар мен икондардан және шырақдандардан тазарта бастады. Католик ғибадаттарды орындау иконға табынушылық деп жарияланды. Дін қызметкерлерінің жер иеленуін және олардың артықшылық жағдайларын жоюды талап етті. Неміс реформациясы Мартин Лютерді абстракты барынша дүниедегі өмір сүру саласын және княздық деспотизмге қарсы, діни қауымдарды тазартумен республикалық құрылыспен саяси автономияны орнатуды талап етті.

3. Реформацияның мәнін халықтық революция тұрғысынан ұғынушы адам - Томас Мюнцер болды. Мюнцердің өмірбаяны белгісіз. Ол тарихи аренаға Реформацияның алғашқы жылдарында Лютердің жақтаушылардың бірі ретінде шықты. 1520 жылы Лютердің ұсынысы мен Саксония қаласы Цвиккауға уағыздаушы болып келген. Мюнцер лютерандықтармен бірлесіп францисканшілерге қарсы жүргізілген күресте өз қайсарлығын көрсетіп, батыл әдістер қолданып қана қоймай, көмекші шеберлер мен халықтың ең кедей топтарын өз жағына тарта отырып, Реформация ұғымына жаңа революциялық мазмұн беруі арқылы мүлдем басқаша таптық позиция ұстайтындығын көрсетті. Мюнцердің ұғымынша, Реформацияның басты міндеттері - шіркеудің жаңа догмаларын немесе діншілдіктің жаңа бір формасын орнату емес, қайта шаруалар мен қала кедейлері бұқарасын, әлеуметтік саяси төңкерісін жариялау болды. Мюнцердің “құдай сөзі” туралы ұғымының өзі де лютерлік ұғымнан түбірімен өзгеше. Ол тек жансыз әріптер мен жаттанды деп, құдай жоқ ол тек адам ойынан шыққан қағида деп ұғындырды. Мюнцер ілімінің маңызы - оның халықты езгіден революциялық жолымен азат ету және олардың күнделікті қажеттерін өтеуді ең бірінші кезекке қоюы болып табылады.

4. Ұлы шаруалар соғысының басталу себептері әртүрлі идеалистердің шаруалар арасындағы сан мыңдаған ғасыр бойы езгіге шыдап келе жатқан, бұл шаруалар арасындағы ревалюцияны Мюнцер ұйымдастырып өз орталығын Тюрингиядағы Фрамкенхаузенге лагерьлер құрып, шаруалар отрядын жинап өзінің жоспары бойынша, орта Германияға келіп жеткенше әскери жасақты мықтылау керек болды. Германиядағы шіркеу бастылары мен ірі княздар біріге отырып бұл шаруалар көтерілісін тоқтату мақсатында аз ғана уақыт ішінде өз әскерлерін жинайды. 1525 жылы 15 мамырда граф Филиптің басшылығымен Фрамкенхаузенге лагерьлерге шапқыншылық жасап, Мюнцерді қолға түсіріп, азаптап өлтірді, тірі қалған серіктестерінде қырып жойып, Ұлы шаруалар Тюрингиядағы қозғалысты су сепкендей басып тастады.

1526 жылы бас кезінде Тироль шарулар көтерілісі қайтадан жаңғырып, оны басқарған революционер және ойшыл Михаил Гайсмайер бастады. Бұл шаруалар көтерілісі де Тирольде терең демократиялық негізге сүйенген халықтық республика орнату үшін күрес болатын. Михаил Гайсмайер бұл өзінің бағытын Мюнцердің ұйымдастырылған жоспары бойынша оның ізбасарларының бірі болатын. Бұл Тироль мен Зальцбургтың шаруалары және кеншілерінің революцияшыл отрядын құрды. Ұлы шаруалар соғысы Германияда швецариялық пен венециялықтарды біріктіре отырып, княздар мен ірі феодалдар соғысты тоқтата алмайтынына көзі жетіп, Габсбургтерде өзара келісімге келеді. Бірақ келіссөздер жүріп жатқанда Михаил Гайсмайер Австрия үкіметінің жасырын түрде жіберген адамының қолынан қаза табады. Бұл шаруалар соғысы жеңілумен аяқталып, көтеріліске қатысқандардың барлығын құтырған иттерше жын-шайтанның жолына түскендер деп қырып тастады.                                             

                                                                                  



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.