Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Орта ғасырлық мәдениет (V-X ғғ.).



№14-лекция

Тақырыбы: Орта ғасырлық мәдениет (V-X ғғ.).

Жоспары:

1. Орта ғасырлық мәдениеттің қалыптасуы.

2. Білім беру. Университеттер.

3. Табиғат туралы ғылым.

4. Рыцарлық мәдениет.

Лекция мәтіні.

1. Құл иелену дәуірінен феодалдық дәуірге өту кезеңдерінде мәдениеттің құлдырауына әкеп соқты. Варварлық басқыншылар мемлекетті басып алу кезінде қалаларды басып алып, архитектуралық ескерткіштерді және кітапханаларды талқандап, антик дәуірінен қалған мәдени мұраны жойып жіберді.

Феодалдық дәуірінде шіркеу іліміне қарсы тұрған еретиктер ілімі, феодалдық-шіркеу мәдениеті мен халықтық мәдениет бір-біріне қарсы тұрды. Халықтық мәдениет көне заманнан келе жатқан мәдениет, орта ғасырларда сақталып өзіне лайықты дамыды, бірақ феодалдық басқыншылық әрекеттерінен жойылып отырды. Халық өнері музыка мен поэзия саласында ғана көрініп қоймай, әртүрлі дастандар, батырлар, әдеби жанрда дамыды, шіркеулік саласында, өнерлік салаларда дамыды. Батыс Еуропалық орта ғасырлық алғашқы кезеңіне дейін жеткен, шіркеу үйлерін әшекейлеуге, не шоқыну кезінде пайдаланатын көркем жасалған әртүрлі дүниелер, адам және хайуанаттар бейнесі реалистікпен жасалып, халықтық өрнек әшекейлікті т.б. пайдалана отырып халықтардың сол кездегі дамығанын анықтай аламыз.

Ұлы Карл кезінде Каролинг мемлекетінде феодалдық-шіркеу мәдениеті өрледі, оны тарихнамада “каролингтің қайта өркендеуі” деп атап кетті. Буржуазиялық тарихшылары бұл өркендеу Ұлы Карл жаңа мектептер ашу, жазу мен сабақ беру саласындағы реформалары, мектеп оқулықтарын жаңадан құрастыру және т.б. феодалдық мемлекетпен оның басқаруын күшейтті. 813 жылы шіркеулік мектептер Ұлы Карл өзі таққа отырған күннен бастап басқа елдерден ғалым адамдарды алғыза бастады, олар Италиядан шыққан Петр Пизанскийді және Павел Диаконді, Апеннин түбегінде баварлық Лейдарды, Испаниядан шыққан гот Теодульфті, Англияның иорк мектебінде тәрбие алған Алкуинді (735-804 жж. шамасында) алғызды. Өз білімін және қоластындағы ақсүйектерді де білімін арттыру үшін, Карл өз сарайларында үйірме ашты, “сарай академиясы” деп те аталды, бұл үйірмеде көбінесе көне дәуір мен шіркеу авторларының шығармаларын оқып, талдап отырды. Алкуин құраған граматика, риторика, астрономия саласында көптеген оқулықтар шықты. 796 жж. және 804 жж. аралығында Ұлы Карл көптеген жерлерден сарайлар мен шіркеулер салуға бұйрық берген болатын. Ұлы Карл өлген соң, 817 жылы көптеген гүлденген мектептер жабылды, мектепті оқығандар тек қана шіркеу қызметінде ғана іс жүзінде қызмет атқара алады деп, көптеген мектептер жабылды және шіркеулік мектептен басқа мектептер болмаған тұста еді.

Орта ғасырда мәдениеттің өркендеуіне қалалардың мәдениетінің пайда болуы, қала қолөнері мен сауда қатынастары әсер етті. XI ғғ. өзінде қала өркендеп, XII ғғ. селолық крепостной шаруалар мен қала сеньорларға қарсы күресі көптеген қала мәдениетіне өзіндік зиянын келтірді. Қала әдебиеті өзара әзіл, мысалдармен мыс-мыс әңгімелер болатын. Мысалы; “Есектің өсиеті”, “Поп Амис”, “Түлкі жөнінде роман” сияқты әңгіме халық ауыздағы шындықтар болатын. Қалада музыка саласы және алғашқы театр өнері пайда болды. Алғашқы шіркеулік емес мектептер ашылды.

2. XII-XIII ғғ. Батыста жоғарғы дәрежелі мектептер – университеттер (латынша universitas - жиынтық сөзінен шыққан) құрыла бастады. Университеттер алғашқы қаланың өркендеуінен, қала халқының қолөнері мен сауда қатынастағы тауар айналымдар, сонымен қатар римдік құқықтың қайта өркендеуінен туды. XII ғғ. Болон мектебінің негізін кейін келе Болон университеті ашылған болатын. Болон мектебіне Еуропаның түкпірінен көптеген тыңдаушылар келіп білім алатын, оларға римдік құқықты үйрететін Ирнерий алғашқы сабақтарын беретін. XIII ғғ. Еуропаның басқа елдерінде көптеген университеттер ашылды.

Орта ғасырлық университеттердің бірі, 1200 жылы заңдар жинағын жинақтаған Париж университеті болды. Париж университеті өзіне лайықты оқушылар, мұғалімдер және сол сияқты басқа қызмет өкілдері кітап сатушы, тілмаштар, шабармандар, аптекарьлар, тіпті трактирщиктерді біріктірді. Университетте мұғалім тарапынан мамандығына байланысты “факультеттер” (латынша fakultas - қабілеттілік, былайша айтқанда әртүрлі сабақ беру қабілеті) болды. Париж университеті төрт факультеттен құралды; “артистік” және үш мамандық “аға”, “медицина”, ”заң”, “дін” болды. Мұнда бакалавр, магистр және доктор ғылыми атақтар сайлап алды. Париж университетінде төрт “ұлт”: нормандия, ағылшын, пикардия және галл оқыды. Галл ұлтына - испандықтар, француздар, итальяндар ғана емес шығыс елдерінің ұлты да кірді. Әрбір ұлт үстінде - прокуратор болды, ал төрт “ұлт” бірігіп университет басшысы ректорды (rektor - билеуші) сайлады. Бакалавр мен магистр дәрежесін алу үшін студент көпшілік арасындағы айтысқа қатысып өзін көрсету керек. XV ғғ. өзінде Батыс Еуропада 60-жуық университеттер құрылды.

3. XII ғғ. аяғында Шартра қаласындағы шіркеулік емес мектептерде қызмет атқарған, прогресшіл идеалист - Петр Абеляр (1079-1142 жж.) замандасы Гильом Коншский болды. Ол айнала дүние көрністерін ақыл-оймен түсіндіруді жақтады, соқыр сезімдерге қарсы шықты. Тартылыс пен сыртқа тебудің, жылулық пен ылғалдылық т.б. табиғат ғылымының заңдылықтарын табуға тырысты. Әлемде болып жатқан процестерді төрт негізгі элементке бөліп қарастырды; от пен ауаны, су мен жердің қозғалыстарын және бір-біріне әрекеттерінен іздеген. Гильом Коншский “дүние атомнан тұрады” дейтін Эпикурдың шәкірттерінің идеясын дұрыс деп тапты. Гильом Коншский күннің тұтылуын, теңіздің тасуын, тағы сол сияқты табиғат құбылыстарын түсіндіреді, Гильом Коншский материалдық әлем және оның заңдылықтарын дәлелдейді. Гильом Коншский қуғыншылыққа ұшыраған кезде, оны герцог Анжуйский Жоффура Плантагенет аман алып қалады.

4. XI-XIV ғғ. феодалдық мәдениет үстемдігі кезде рыцарлық мәдениет пайда болады. Рыцарлық мәдениетте король бағыну мен шіркеуде табынушылықпен адалдығы, жауынгерлік ерлік пен ар-намыс, кедейлермен әлсіздерге қамқорлық жасаумен қатар өзге адамдардан “бекзат” жауынгер киімінде лайықты деп көптеген ақын жазушылар мақтан тұтып өлеңдер шығарған. Рыцарлық әдебиет көбінесе эпостарда өз ерліктерін халық алдында мақтан тұтарлықтай етіп шығарған. Францияда XI-XII ғғ. пайда болған жыр, Ұлы Карлдің арабтармен күресін жырға айналдырған “Роланд туралы жыр” еді. Бұл жырда Ұлы Карлдің жиені граф Роландтың отрядтарындағы жасаған рыцарлық ерліктерін жырлаған.

Испанияда XII ғғ. мұсылмандармен діни күресте дүниеге келген “Менің Сидім туралы жырдың” тарихы жыр-дастан болатын. XII ғғ. аяғы мен XIII ғғ. басында Германияда “Нибелунглар туралы жыр” нағыз рыцарлық эпос еді.

Рыцарлық поэзияның халыққа қарсы ашық бағдарланған кездері болған. Шіркеу әдебиеті сияқты рыцарьлық поэзияда феодал табының күш-қуатын нығайту үшін де таптық сана сезімді күшейту үшінде қызмет атқарды.                                                                            

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.