Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырыбы: Ұлы географиялық ашылымдар.



№15-лекция

Тақырыбы: Ұлы географиялық ашылымдар.

Жоспары:

1. Ұлы географиялық ашылымдар себептері.

2. Американың ашылуы.

3. Үндістанға баратын теңіз жолының ашылуы.

4. Португалдықтардың отарлық басқыншылығы.

Лекция мәтіні.

1. Ұлы географиялық ашылымдар - феодалдық қоғамының өндіргіш күштерінің дамуымен еуропалық елдердегі сауда-саттық жолдарының нығаюы. Шығыс елдері арасында тауар айналымдар ақша айналымдар күшейді. Еуропалықтардың ең бай елі Африка елі болатын, оған Жерорта теңізі арқылы саудагерлер Сенегал мен Нигерияның аймағындағы алтынды еуропалықтарға әкеп сататын. VII ғғ. - XV ғғ. аралығында Нигерияның территориясында бай мемлекеттер: Гана, Мали және Сонгали құрылды. Нигерияның көптеген қалаларында ислам мәдениетінің орталықтары дамыған болатын, ірі орталық қаласы Тимбукту - Сахара арқылы Жерорта теңізінің барлық елді мекендері келіп, алтын мен құмның саудасы алдыңғы орында болатын. Сол заманның саудагерлерінің айтуы бойынша Африкада алтын қорлары өте көп және Қытай, Үндістан, Индонезиядан көптеген осы сияқты бай елдер қатарына Африканың алтынын іздеп табуға XV ғғ. португалдық теңізшілер аттанды. Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп құяр сағасында Бохадор мүйісінің маңында табылып, өндірілді. Осы ғасырларда Португалияда теңіз көлігі сауда қатынастарында жақсы дамыды. Оған XII ғғ. португалдықтар мен арабтардың бай саудагерлерінің көптеген ықпалы тиді. Португалдықтар итальяндықтарға қарағанда кемелердің бірнеше түрлерін жасап шығарды және оның желге қарсы бағытталатын кеме түрлерінің бірі - каравеллалар түрін ойлап тапты. Португалияның жасап шығарылған кемелері арқылы теңіз саудасында Португалиядан Италияға келетін жолдар болатын. XV ғғ. бұл жолдарын түріктер жаулап алуына байланысты, Генуя саудагерлері Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүре отырып, бұл жерде венециандықтардың қысымынан басқа жолдарды табуға мәжбүр болды. Осы тұста Колумб пен Каботтон да Генуядан шыққандар болатын. Испания мен Португалия, тіпті Пиреней түбіндегі теңізге жақын қалаларды, көптеген елді мекендерде қарақшылық тонаушылық шабуылдарын тоқтатпады. Генуялықтар 1415 жылы Солтүстік Африканың жағалауына басып кіреді, бұл жерде португалдықтар үстемдік еткен болатын. Олар Үндістанға баратын жолды қарастырады. 1460 жылы Гвинея шығанағына барып африкандықтардың шығыс бөлігіне келеді. 1486 жылы теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас Козерог тропигіне жетті, ашық теңіз арқылы жүріп оңтүстік Африкадан шығады, 1487 жылы 16 ай бойы теңізде жүріп, Қайырымды Үміт мүйісінен Мадагаскарға дейін барып, Лиссабонға қайтып келеді.

2. XV ғғ. 30-40 жылдарында португалдықтар ашық мұхитта Мадейра аралынан Азорға дейін 1492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитынан жүзіп өтіп, Батыстық жарты шарды ашты. Христофор Колумбтың өмірбаяны белгісіз, қазірде оны тарихшылар итальяндық және 1451 жылы Генуя маңында тоқымашылар жанұясында өмірге келген деп, оның білімі болмаған деседі. 1417 жж. - 1475 жж. Шығыс Жерортада кемемен сапар шегеді, 1476 жылы Португалияға, Англияға барады. 1479-1481 жж. Мадейрада және Порту-Санту аралында тұрады. Осы аралда теңізшінің қызына үйленіп, қыздың әкесінен көптеген карталар мен күнделікті жазбалар қалған екен.

1492 жылы 3-тамызда үш кемеден құралған эскадра Испания портынан 10-қыркүйекте шығып кетеді. 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб Багам аралдарына келіп, осы жерді Сан-Сальвадор деп атап кетеді. 1496 жылы Батыс жарты шарға қарай барып, онда Эспаньоланың оңтүстік жағалауында Сан-Доминго қаласынның негізін салады. 1498 жылы Христофор Колумбтың үшінші саяхатында ол тұңғыш рет Оңтүстік Америка континенті Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті, өзі Америкаға емес жерінің суы тұщы Азияның бір шетіне келдім деп, өзінің испандық король мен королеваға жазған хатында бұл ойын айтпады. 1502 жылы төртінші саяхатында ол Үндістанның бұғазын іздеді. Бұл сапары да сәтсіздікпен аяқталды. 1506 жылы Христофор Колумб Испанияда қаза болды.

3. Колумб жаңа елдерді ашқаннан кейін испандықтар мен португалдықтардың арасында қақтығыстар болады. 1494 жылы Тордесильяс қаласында бір келісім жасалды. Бұл келісім бойынша полюстен полюске дейін шекара бекітті. Келісім бойынша осы шекарадан батысқа қарай жаңадан ашылатын аймақтар испандықтардың, ал шығысқа қарай ашылатындары португальдықтардың иелігіне жататын болды. Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португалдықтардың Үндістанға баратын теңіз жолын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түрткі болды. 1497 жылы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына король Васко да Гаманы қойды (ол 1460 жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 шілдеде Лиссабоннан шағын-шағын төрт кеме теңіз сапарына шықты (екеуінің су сыйымдылығы - 50 тоннадан). Экспедицияның қолына сол кездерге сәйкес ең жетілдірілген карталар мен навигациялық аспаптар берілді. Васко да Гама Жасыл Мүйіс аралдарына жетісімен жағалауға таяу жердің қарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаққа қарай ойыса отырып оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жақын жерден өтіп кетті.

Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыққаннан кейін бес ай өткен соң ғана Диастың Африка жағалауына орнатқан ең соңғы Белгісіне келіп жетті (1497 жылғы 16 желтоқсан). Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс жолға тап болды. 1498 жылы 1 наурызда португалдықтар Мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өзара жауласушы шейхтардың қоластындағы араб қоныстары басталды. Малинді қаласында Васко да Гама өз қоластына лоцмандыққа сол кездегі ең тәжірібелі араб теңізшілерінің бірі Ахмед Ибн-Маджидті алды. Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірқатар толық және дәл суреттерін (Лоции деп аталатындарды) өлең түрінде баяндап берді. Әрі теориялық білімі, әрі ұзақ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірибесі жағынан Ибн-Маджидті португалдықтар тәрізді еуропалық тамаша теңізшілерден де асып түсетін еді. Бір жарым айда Ибн-Маджид кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут қаласына жеткізді. Теңізбен Үндістанға сапар 10 айдан астам уақыт болды. Бір жылдан соң, 1499 жылдың шілдесінде екі кемесінен және эскадра командасының жартысынан астамынан айрылған Васко да Гама түрлі жеміс тағамдарды артып Лиссабонға қайтып келді.

4. Португалдықтар Үндістанда көпдеген территория басып алмағанымен жағалаудағы жерлеріне тірек пунктерін салады. Альбукерке, Малабар жағалауындағы Гао қаласын португалдықтар басып алып халқын түгел қырып тастайды. 1509 жылы арабтар португалдықтардың бірнеше тірек пунктерін қиратып, Диу түбіндегі шайқаста жеңіліп, артқа шегінуге мәжбүр болады. Португалия Үндістанды түгелдей отарлап алады. Басып алған жерлерін португалдықтар жергілікті княздар мен шаруаларды қанап мейірімсіз адам төзгісіз ауыр жұмыстар істетеді. 1511 жылы португалдықтар Малакка қаласын басып алып, 10 жылдың көлемінде Молукка аралдарында өздерінің порттарын салады. Португалдықтардың осы тұста Индонезияға қарай жылжып, еуропалықтардың отарлық басқыншылықтарын жоюмен сауда-саттық жұмыстарын жоюға атсалысады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.