Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 30 Ситуациялық есеп

 

Алеша М, 7 жаста. Бала 2- жүктіліктен, жүктілік  нефропатиямен өткен, 2 мезгілді босанудан, туғандағы салмағы 4000 г, бойы 52 см.

Анамнезінен белгілі болғандай бала жедел респраторлық вирусты аурулармен жиі ауырады. Қатты күйзелістен кейін, соңғы  1,5 ай енжарлық, әлсіздік байқалады. Бала арықтап, суды көп ішетін болған және кіші дәретке жиі отырады. Тұмаумен ауырған кезде баланың жағдайы күрт нашарлаған, жүрек айныпғ қайта қайта құсады, іші ауырады, аузынан жеміс иісі шығады, ұйқысы келе береді.

Қара,ан кезде жағдайы ауыр, есі сақталған, бірақ реакциялары баяулаған, сұрақтарға кешігіп жауап береді. Тынысы шулы (Куссмауля типті). Терілік және ахилл рефлекстері төмендеген. Тері жабындысы құрғақ, тін тургоры және көз алмаының тонусы төмендеген, бет әлпеті сүйірленген, беті және жақ доғасы айқын қызарған. Пульс жиілеген, минутына 140 рет, АҚ 75/40 мм.с.бағ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Демінен ацетон иісі шығады. Іші жұмсақ, бұлшық еттері шираған. Зәрді көп шығарады.

Жалпы қан анализі: НЬ - 135 г/л, Эр - 4,1х1012/л, Лейк -8,5х109/л; нейтрофилы: т/я - 4%, с/я - 50%; э - 1%, л - 35%, м - 10%, ЭТЖ-10 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі сары, мөлдірлігі – әлсіз лайланған; тығыздығы 1035, реакция - қышқыл; белок - жоқ, сахар - 10%, ацетон - +++.

Қанның биохимиялық анализі: глюкоза - 28,0 ммоль/л, натрий -132,0 ммоль/л, калий -.5,0 ммоль/л, жалпы белок - 70,0 г/л, холестерин -5,0 ммоль/л.

 

Сұрақтар:

1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

2. Осы жағдайдың дамуына не себеп болды?

3. Зертханалық көрсеткіштеді бағалаңыз.

4. Осы жағдайдың дамуының патогенетикалық механизмы қандай?

5. Бала осы ауру бойынша қауіп қатер тобына енген бе?

6. Дәрігер тактикасы.

7. Осы аурудың емдедің негізгі принциптері.

8. Осы ауруды емдеудегі емдәмнің ерекшеліктері.

 

Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.