Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 24 Ситуациялық есеп

11 жастағы қыз баланың ауырғанына 1 жыл болған, шағымы эпигастрия аймағында «аштық сезімімен» ауру, таңертең аш қарынға,  тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан кейін және түнде болады.Тамақ ішкеннен соң ауру сезімі басылады. Қышқыл кекіру мазалайды, нәжісі күнделікті және  формалы.

Баланың анасында 12 елі ішектің ойық жара ауруы, ал әкесінде гастрит  , әжесінде 12елі ішектің ойық жарасы ауруымен ауыратындары анаықталды. Акушерлік анамнезі асқынусыз және ерте жастағы дамуы қалыпты. Арнайы мектепте аптасына 6 күн оқиды, аптасына 3рет хареографияға қатысады. Мінезі интравертті.

Қарағанда: бойы 148 см, салмағы 34 кг, терсі  таза, бозғылт. Іші:Мендель синдромы эпигастрий аймағында оң, беткей және терең пальпацияда азддаған бұлшық еттік дефанс және эпигастрия мен 12 елі ішек аймағында ауыруы, сондай-ақ Дежарден және Mейо-Робсон аймағында ауыру сезімі анықталды. Бауыр ауырсынусыз, ұлғаймаған. Басқа ағзаларда өзгерістер жоқ.

Жалпы қан анализі: НЬ - 128 г/л, Ц.п. - 0,91, Эр -4,2x1012/л; Лейк - 7,2х 109/л; п/я - 3%, с/я - 51 %, э - 3%, л - 36%, м - 7%, СОЭ - 6 мм/час.

Жалпы зәр анализі: түсі ақшыл-сары ,мөлдір түсті, рН - 6,0; тығыздығы - 1017; ақуыз - жоқ; қант - жоқ; эп. кл. - 1—2—3 көру аймағында; лейкоциты - 2-3 в көру аймағында.

Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок - 72 г/л, АлАТ - 19 Ед/л, АсАТ - 24 Ед/л, ЩФ - 138 Ед/л (норма 70-140), амилаза - 100 Ед/л (норма 10-120), тимол сынамасы - 4 ед, билирубин - 15 мкмоль/л, оның ішінде байланысқаны - 3 мкмоль/л.

Эзофагогастродуоденоскопия: өңештің шырышты қабаты қызғылт түсті, кардия қабысқан. Асқазаннаң шырышты қабаты көмескіленген, шырышты қабаты ошақты гиперемияланған. 12 елі ішектің шырышты қабаты ошақты гиперемияланған, ісінген, артқы қабырғасында жаралық дефект 0,8x0,6 см, дөңгелек пішінді гиперемияланған валиктер, түбі фибринмен жабылған. Биопсия алынды.

Құрсақ қуысының УДЗ:      Бауыр ұлғаймаған, паренхима біртекті, эхогенділігі өзгерген жоқ, тамырлары кеңейген. Өті алмұрт пішінді 55x21 мм, ұйқыбезі :басы 21 мм (норма 18), денесі15 мм (норма 15), құйрығы 22 мм (норма 18), баспен құйрықтың эхогенділігі төмендеген .

Асқазанның ацидометриясы: ашқарынға - рН в денесінде 2,4; антрумда 4,2; 30 минут кейін стимуляциядан кейін 0,1% р-ром гистамина в дозада 0,008 мг/кг - рН денеде 1,4; антрумда 2,8.

Тыныстық уреазалық тест:оң

ХП-ге биопсиялық тест :оң(++)

 

Сұрақтар:

1. Клиникалық диагноз қою және негіздеу.

2. Дифференциальді-диагностикалық алгоритм.

3. Аурудың этиопатогенезі.

4. ХП-дің эпидемиологиясы мен берілу жолдары.

5. ХП-дің диагностикасы, негізгі әдістер.

6. Тыныстық тесттің кажеті не?

7. Хеликобактериоздың эндоскопиялық көріністері.

8. Осы ауруда қандай морфологиялық өзгерістер кезеңі бар.

9. Асқазанның қышқыл бөлу қызметін бағалаңыз.

10. УДЗ көріністі бағалаңыз, диагноз қоюда УДЗ маңызы қандай?

11. ЖҚА талдаңыз.

12. Осы ауруды емдеудің заманауи принциптері.

13. Емдеу схемасы.

14. ХП –инфекцияның эрадикациясы деген не ?

15. Эрадикацияның эффективтілігі қандай факторларға тәуелді?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.