Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

 «Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 27 Ситуациялық есеп

Жалпы тәжірибе дәрігердің  қабылдауына 9 жасар бала келді. Шағымы: іші толғақ тәрізді бүріп ауырады, тізе және табан-өкше буынындары ауырады. Аяқтарына майда қызыл бөртпелер шыққан.

2 апта бұрын дене дене қызуы 38ºС көтерілген, тамағы ауырған. Дәрігер жалпы қараудан кейін лакунарлы баспа диагнозын қойып, амбулаторлық жағдайда антибиотикпен емдеген. Бір аптадан кейін сол жақ тізе буынында майда бөртпе мен тұрақсыз ауырсыну пайда болған. Бала жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, тәбеті төмендеген, өзін нашар сезінеді. Аяқтарында, жамбасында, құлақтың сырғалығында теріден шығыңқы  қызыл-көк түсті, кей жерлерде қосылып кеткен геморрагиялық бөртпелер бар. Сан, табан-өкше буындары ісінген, пальпациялағанда және қозғалғалса ауырсынады, буыны  ыстық, буын үстерінде теріде гемморгиялық бөртпелер. Іші пальпацияда ауырады, бауыры, көкбауыры пальпацияланбайды. Нәжісі мардымсыз, аз мөлшерде, ботқа тәрізді. Зәрі қалыпты, ашық түсті.

Қосымша зерттеу әдісі:

Жалпы қан анализі: HB -110г/л. Эр-3.5 млн. ЦП-0.9 тромбоцит-220мын  лейкоцит -10.5мын . жас -1% п/я5% с/я 57 э-2% л-28% м-7% ЭТЖ-25мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: Зәрдің түсі- сабан сары түсті, қатысты тығыздығы-1012. белок жок Эпителий -0-1 . лейкоцит к/а -2-4. Эритроцит,цилиндр жоқ.

Сұрақтар:

1. Аурудың клиникалық көріністерін ескеріп, болжам диагноз қойыңыз.

2. Аурудың ағымдарының мүмкін варианттарын атаңыз.

3. Диагнозды нақтылау үшін қосымша зерттеу әдісі керек пе? Зертханалық көрсеткіштің қайсысы ауру ағымының белсенділігін анықтайды.

4. Аурудан кейін дамитын асқынуды атап беріңіз.

5. Қосымша қандай маман кеңесіне жіберу керек.

6. Госпитализацияға көрсеткіш бар ма?

7. Емдеудің негізгі принципі.

8. Осы ауруды емдеуде қолданатын негізгі препараттың әсер ету механизмін айтып беріңіз.

9. Осы ауруды дисансерлік бақылау принциптері.

10. Осы ауруда біріншілікті және екіншілікті профилактикалық шараларды атап беріңіз.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.