Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 «Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 26 Ситуациялық есеп

12 жастағы науқас қыз дәрігерге 2 жылдан бері іш аймағындағы шаншып ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырсыну сол жақ қабырға асты және эпигастрия аймағында тамақтан кейін 10-15 минуттан соң пайда болады. Диета және күн тәртібін сақтамайды.

Бала жетіліп туылған, 9 айына дейін емшекпен емізген. Анасында созылмалы гастрит, әкесінде он екі елі ішектің ойық жара ауруы, нағашы әжесінде -гастрит.

Қараған кезде: тері жамылғысы таза,алқызыл түсті. Іші ұлғаймаған, беткей және терең пальпацияда эпигастрия және пилородуоденальды аймақта, Мейо-Робсон зонасында бұлшық ет қатаюы және ауырсынуы байқалады. Бауыры ұлғаймаған басқа жүйелерде өзгерістер жоқ.

ҚЖА: Hb-130, Эр-4,0 ТК-0,9, лейкоцит-6.0, т/я-2%, с/я-62%.э-0%, л-29%.м-7, СОЭ-7мм/сағ.

ЗЖА: Зәрдің мөлдір,сары түсті. ph-қышқыл, тығыздығы-1015, қант, белок жок.эп.пл.-аз мөлшерде.Л-2-3 көру аймағында,эр жоқ.

 :жалпы белок -79г/л,альбумин -54, глобулин ссі-4%,а-8% р-12 у-15,СФ-160 Ед/л АлАт-26 АсАТ-28ед/л амилаза-60 ед/л тимол сынамасы -4ед.жалпы биллирубин-12 мкмоль/л,байланысқаны -2мкмоль/л.

Эзофагогастродуоденоскопия:өңештің шырышты қабаты алқызыл түсті,асқазанда аздаған шырыш,асқазанның антральды бөлігінде шырышты қабат пестрая,қатпары қалыңдаған,асқазан қабырғасында әр түрлі калибрлі ісінулер,нүктелі қан толулар.Пиязшықтың шырышты қабаты ісінген,гиперемияланған.

УДЗ іш қуысының:ұлғаймаған,паренхимасы гомогенді,эхогенділігі қалыпты.Ұйқы безі овальды формалы 50*19.Ұйқы безі:басы-18мм. Денесі-6мм.құйрығы-20мм.Паренхимасы гомогенді. Тыныстық уреаздық тест:оң.HP инфекциясына биопсиялық тест:оң.

Сұрақтар:

1. Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.

2. Диф.диагностика жүргізіңіз.

3. Аурудың этиопатогенезі қандай?

4. Хеликобактер инфекциясының берілу жолын атаңыз.

5. Балалардағы хеликобактериоз диагностикасындағы негізгі әдісті атаңыз.

6. Осы ауруды емдеудің заманауи принциптері қандай.

7. ХП –инфекцияның эрадикациясы деген не ?

8. Осы ауруға тұқым қуалаушылық бейімділік бар ма?

9. Диспансерлік бақылау тактикасы

10. Жалпы қан анализін талдаңыз.

11. Мейо-Робсон зонасындағы ауырсыну жайлы не ойлауға болады?

12. ЭГДС- тегі хеликобактериоздың жанама белгілерін атаңыз.

13. УДЗ ұйқы безі құйрығының ұлғаюын қалай бағалауға болады?

14. Осы ауруда қандай қолайсыз жағдайларды бөліп қарауға болады?  

15. Тыныстық уреазды тест не үшін жасалады?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.