Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 22 Ситуациялық есеп

       Тимур С, жалпы маман дәрігеріне дене температурасының 38 ˚С қа дейін жоғарлауына, ұйқысының бұзылуына, тізе буынының, бұлшық еттерінің ауру сезіміне, бас ауруына шағымданып келді. 2апта бұрын баспамен ауырған. Амбулаторлық жағдайда симптоматикалық ем қабылдаған. Ауруының 6 күні сауығып шығарылған.

       Бала екінші жүктіліктен, жедел босандырылған, туғандағы салмағы 3600 г., бойы 54 см., жас нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз өткен, бала бақшаға 3 жасынан барған. Анамнезінде жылына 5-6 рет созылыңқы ағымды ЖРВИ мен ауырады. Өсе келе ауру жиілігі жылына 34 ретке дейін азайған.

       Объективті: жалпы жағдайы интоксикацияға, қалтырауға, ауру сезіміне байланысты орташа ауырлық дәрежеде. Дене температурасы қолтық астында 37,4˚С. Дене бітімі қалыпты қалыптасқан, тамақтануы қанағаттанарлық, дене массасы 35 кг, бойы 148см. Тері асты май қабаты біргелкі жайылған, тін тығыздығы қалыпты. Тері жамылғысы таза, бозғылт, көзінің астында көгерулер бар. Мұрынмен тыныс алуы еркін, мұрын жұтқыншақта катаральды белгілері жоқ, миндалиналары борпылдаған. Тізе буындары ісінген, гиперемияланған, тізе үстінде температурасы жоғарлаған, қозғалыс кезінде ауру сезіміне байланысты қимылы шектеулі. Жүрек- қан тамыр жүйесінде: жүрек ұшы түрткісі әлсіреген, бұғана орта сызығы бойымен 5 қабырға аралықтан естіледі . жүрек шекаралары: жоғарғы шеті- 3 қабырға, сол жақ шеті емізіктен 2см сыртқа, оң жақ- кеуденің оң жағынан, 15см тұйықталу. Аускультацияда 1 тон әлсіреген, 3 тон анықталады, жүрек ұшында систолылық шуыл. ЖСЖ 120 мин. Өкпесінде тынысы везикулярлы, перккуторлы өкпенің барлық аймағында қкпелік дыбыс, ТЖ 20 мин. Физикалық жүктемеден кейін ТЖ 26 мин, ЖЖЖ 132 мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Зәр шығаруы ауырсынусыз, зәрі тұнық.

Емханада дереу зерттеу жүргізілді:

Жалпы қан анализі: Hb 120г/л6 лейк 16мың, ЭТЖ 42 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: тұнық, бөліктік салмағы 1012, ақуыз, глюкоза теріс, лейкоциттер көру алаңында аздаған.

ЭКГ: PQ интервалы ұзарған, Т тісшесінің амплитудасы төмендеген, А-В өткізгіштігі, реполяризациясы төмендеген.

ЭХОКГ: сол қарыншаның және сол жүрекшенің аз дилатациясы.

 

Сұрақтар:

 

1. Балада негізгі ауру симптомдары мен синдромдарын атаңыз

2. Болжам диагноз

3. Осы науқасқа керек зерттеу жоспарын атаңыз. Сол зерттеулер ішінде амбулаторлы жағдайда жүршузулет зерттеу түрлерін атаңыз

4. Осы науқасқа қатысты жалпы маман дәрігерінің шешімі, госпитализацияға көрсеткіштер

5. Осы аурудың емінде негізгі принциптерді атаңыз

6. Сауығудан кейін баланы бақылау жөнінде нұсқаулар.қай кезде санаторлы- курорттық ем тағайындауға болады?

7. Осы аурудың біріншілікті және екіншілікті профилактикасы

8. Осы аурудың екіншіліктк профилактикасында қандай препаттар қолданылады.осы науқаста профилактикасында қандай препараттармен және қандай дозада қолданасыз?

9. Аурудың формасына қарай екіншілікті профилактика ұзақтығы

10. Осы аурудың жиі дамитын асқынуы және мүгедектік себептері



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.