Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 20 Ситуациялық есеп

     Науқас Г, 12 жаста, жалпы тәжірибе дәрігеріне жүрек аймағы шаншып ауратынына, ауру сезімі 10-20 мин созылатындығына шағымданып келді. Сонымен қатар айына 2-3 рет басы ұстама түрінде қатты аурырады, әсіресе кешкі уақытта. Басы ауырған кезде құсқысы келеді, аяқ- қолы мұздап, артериальды қан қысымы төмендейді. Бала тар бөлмеде, транспортпен жүргенде қатты қиналады. Соңғы кезде тәбеті төмендеп, әлсіздік пен тез шаршағыштық мазалайды. Көңіл күйі тұрақсыз. Бұл шағымдар бір жыл бұрын ата – анасы ажырасқалы пайда болған. Мектепте сыныптастары мен мұғалімдермен жиі келіспеушіліктер болады.

Анамнеінде: бала токсикозбен өткен бірінші жүктіліктен туған. Босану ұзақтығы 2 сағатқа созылған және бала бірден жылаған. Жасына сай өсіп жетілген. Мектепте жақсы оқыған, бірақ соңғы кезде үлггерімі төмендеген. Созылмалы тонзилит бойынша диспансерлік бақылауда. 1 ай бұрын жоғары температурада баспамен ауырған. Тұқым қуалаушылық анамнезі ауырлаған: анасында – нейроциркуляторлы дистония, әкесінде- асқазан ойық- жарасы, нағашы әжесінде-гипертониялық ауру.

Қарап тексеру кезінде: бала белсенді, дене температурасы қалыпты, өзінің ауруы туралы көп сұрақтар қояды. Терісі таза, қызаруға бейім, тері түсі мрамор тәрізді екені байқалады. Қолы төмен түсіріп тұрғанда білектерінде цианоз. Бетінде безеулі бөртпелер. Айқын гипергидроз. Салмағы көбейген. Тонзилярлы және мойыналды лимфа түйіндері пальпацияланады. Бадамша бездің ІІ дәрежелі гипертрофиясы. Аңқасында қызарулар жоқ. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек аймағын қарағанда өзгермеген. Жүрек ұшылық соққы 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана орта сызығынан 1,5 см ішке қарай орналасқан. Жүрек тондары анық, ритмді, шуылдар жоқ. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 рет . , артериялық қан қысымы 90/60 мм. сын бағ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Кер және Ортнер симптомы әлсіз білінеді. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы бұзылмаған.

Жалпы қан анализі: гемогглобин 110 г/л , Эр- 3,0 х10/л , лейк- 7,8х10⁹/л , т/я-4%, с- 68%, л- 25%, э- 1%, м- 2%, СОЭ-7 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: удельный салмақ- 1025, ақуыз- abs, лейкоциттер 1-2 в п/з, эрит-жоқ.

Биохимиялық анализ: СРБ + , АСЛ-0-1:62, АСГ- 1:300, глюкоза 3,5 ммоль/л, АЛТ- 40 ЕД/л, АСТ- 35 ЕД/л.

ЭКГ: синусты брадикардия. ЖЖЖ минутына 60 рет. Электрлік ось бұзылмаған. Тұрып тұрғанда ЖЖЖ минутына 96 рет.

 

Сұрақтар:

1. Болжам диагноз.

2. Жалпы қарау үшін жоспар құрыңыз. Қандай өзгерістер күтесіз.

3. Берілген науқасқа қандай мамандар кеңесі қажет?

4. Берілген ауру дамуына  қандай факторлар әсер еткен?

5. Науқаста кардиалгия себептерін түсіндіріңіз.

6. Емдеу принціпі қандай?

7. Аурудың болжамы қандай?

8. Балаларда жүрек аймағындағы ауырсыну шағымы қандай ауруларда көрсетіледі?

9. Осы жағдайда жүрек аймағындағы ауырсынудың механизмі қандай?

10. Ауырлық дәрежесі немен анықталады?

11. Учаскеде баланы қандай мамандар бақылау жүргізуі керек?

12. Балаларда артериалды қан қысымы жасына сай қалай өзгереді



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.