Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

Оқу үрдісін жоспарлау бөлімі мөрі

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 25 Ситуациялық есеп

12 жастағы қыз баланың шағымы ішінің сырқырап, сыздап ауырады, тамақ ішкеннен кейін 30-45 минуттан кейін пайда болады және әлсіздік, тез шаршағыштық, жиі бас ауыруы мазалайды. Осы аталған шағымдар 6 ай бұрын пайда болған, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген.

Жүктілік қалыпты өткен, мезгілі жетіп туған.

10 жасынан бастап Вегетативті тамырлық дистония бойынша невропатологтың диспансерлік бақылауында тұрады. Анасы 40 жаста, 12елі ішектің ойық жара ауруымен ауырады, ал әкесі 42 жаста, созылмалы гастродуоденитпен ауырады.

Қарау кезінде: бойы 137 см, салмағы 31 кг.Терісі бозғылт, ылғалдылығы аз. Іші ұлғаймаған.Іштің беткей және терең пальпациясында оң қабырға астында бұлшықеттердің құрысуы және ауыруы сондай-ақ эпигастрия аймағында ауырсыну анықталды. Бауыр қабырғадан 1,5см шығып тұр, шеттері жұмсақ, эластикалы, ауырсынусыз. Ортнер-Греков симптомы оң. Жүрек және өкпеде патологиялар жоқ. Дәреті қалыпты.

Жалпы қан анализі: НЬ - 130 г/л, Ц.п. - 0,93, Эр - 4,6х1012/л; Лейк - 7,0x109/л; п/я - 2%, с/я - 66%, э - 2%, л - 25%, м - 5%, СОЭ - 7 мм/час.

Жалпы зәр анализі: түсі ашық-сары, мөлдір; рН - 5,7; тығыздығы - 1020; белок - жоқ; қант - жоқ; эп. кл. - аздаған, Л - 1-2 в п/з, Эр - 0-1 в п/з; слизь - аздаған, тұз , бактерия жоқ.

Қанның БХ анализі: : общий белок - 79 г/л, Ал AT - 30 Ед/л, АсАТ - 40 Ед/л, ЩФ - 150 Ед/л (норма 70-140), амилаза - 78 Ед/л (норма 10-120), тимол сынамасы  - 4 ед, билирубин - 17 мкмоль/л, оның ішінде байланысқаны. - 3 мкмоль/л.

Копрограмма: түсі - қоңыр, оформленный, рН - 7,3; бұлшықет таяқшалары -аздаған; жсушаішілік крахмал - аздап; йодофильді флора – өте аз мөлшерде; өсімдік тектес клетчатка - аз мөлшерде; шырыш - аз мөлшерде, лейкоциттер - 1-2 көру аймағында.

 Зәрдің диастазы : 32 ед.

Құрсақ қуысының УДЗ: бауыр – шеттері тегіс, паренхима гомогенді, эхогенндігі күшейген, тамырлары кеңейген, портальді вена өзгермеген. Өті 85 x37 мм (норма 75x30), қабырғалары кеңеймеген. Холедох 3,5 мм (норма 4), қабырғалары өзгермеген.

Өт айдайтын таңғы ас қабылдағаннан кейін – өт қапшығы 10% жиналған.

 

Срақтар:

1. Диагноз қойыңыз ,негіздеңіз.

2. Осы ауруды қандай аурулармен ажырату диагнозын жас.

3. Осы аурудың дамуына әкелетін мүмкін себептерді көрсетіңіз.

4. Қауіп факторлары.

5. Осы балаға ем тағайындаңыз.

6. Осы ауру бойынша диспансерлік бақылауға алу керек пе, қанша уақытқа?

7. Өт айдайтын таңғы ас қабылдағаннан кейінгі өт жолының функциясын бағалау.

8. Бауырдың паренхимасының эхогенділігінің күшейгендігін себебі.

9. Ортнер –Греков синдромына сипаттама.

10. Осы науқста нәжістің түсінің өзгеруінің себебі не?

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.