|
|||
Астана медицина университеті» АҚ13. Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т. «Астана медицина университеті» АҚ №2 Балалар аурулары кафедрасы Балалар аурулары модулі № 21 Ситуациялық есеп Қыз бала Д, жалпы маман дәрігеріне басындағы ауырсыну мен жүректің жиі соғуына, ұйқының бұзылуына және қозғыштыққа шағымданады. Анамнезінде: берілген шағымдары 1 жыл бұрынғы отбасында стресстік ситуациядан кеиін пайда болған. Осы уақытта сабақ үлгерімі нашарлаған және мектептегі достарымен арасында да түсініспеушіліктер пайда болды. Бас ауруы 1 ай ішінде бірнеше рет болған. Анальгетиктер қабылдаған соң және дем алудан кейін басылады. Өмір анамнезі: қыз бала қалыпты өсіп, жасына сай жетілген. Емханада созылмалы тонзилит ауруымен диспансерлік бақылауда тұрады. Анасы неироциркуляторлы дистнониямен, нағашы әжесі гипертониялық аурумен ауырады. Қарау кезінде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы қалыпты. Тері жамылғысы қалыпты түсте. Бет терісінде безеулі бөртпелер. Қыз балада астениялық дене бітімі қалыптасқан. Қолтық аймағында, өкшелерінде гипергидроз байқалады. Аяқ- қолдары суық. Ұлғайған тонзилярлы лимфа түйіндері пальпацияланады. Аңқасы қызармаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Өкпесінде өкпелік перкуторлы дыбыс, тынысы везикулярлы. Жүректің соғу шекаралары: оң жағында оң жақ төс аймағы, жоғарыдан- 3 қабырға, сол жақ ортаңғы бұғана сызықтан 1 см ішке орналасқан. Жүрек тондары анық, ритмді. Жатқан кезде жүрек ұшында қысқа қатты емес систолалық шу естіледі. Ал тұрған кезде жоғалып кетеді. Пульс минутына 96 рет, екі қолында симметриалы. Аяқ- қолдарында перифериялық пульстер сақталған, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы бұзылмаған. Жалпы қан анализі: гемогглобин 125г/л , Эр- 4,6 х10/л , лейк- 5,1х10⁹/л , т/я-2%, с/я-63%, л- 30%, э- 1%, м- 3%, СОЭ-8мм/сағ. Жалпы зәр анализі: удельный салмақ- 1024, ақуыз- abs, лейкоциттер 2-3 в п/з, эрит-жоқ. Биохимиялық анализ: жалпы белок- 73 г/л, альбумин 60%, глобулин 4 %,АЛТ- 32 ЕД/л, АСТ- 25 ЕД/л, мочевина 4,5 ммоль/л. ЭКГ: ритм синусты . ЖСЖ минутына 96 рет. Электрлік осі вертикальді қалыпты.
1. Болжам диагноз. 2. Қандай тексерулер қажет? 3. Қандай мамандар қарау керек? 4. Аурудың дамуына қандай факторлар себеп болуы мүмкін? 5. Қандай аурулармен дифференциальды диагноз жүргізу керек? 6. Емдеу жоспары? 7. Науқасқа гипотензивті препараттар қажет пе? 8. Учаскеде балаға қандай мамандардың бақылауы қажет? 9. Аурудың болжамы? 10. Берілген ауруда клиникалық симптомдардың механизмі. 11. Балада жасына қарай артериальды қан қысымы өзгере ме, қалай? 12. ЖСЖ баларда қалай өзгереді?
|
|||
|