|
|||
Астана медицина университеті» АҚКафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т. «Астана медицина университеті» АҚ №2 Балалар аурулары кафедрасы Балалар аурулары модулі № 23 Ситуациялық есеп Ұл бала 11 жаста, тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағаттан кейін кейде таңертеіңгі уақытта болатын кіндік маңындағы және эпигастрия аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Жүрек айну, ауамен кекіру болады. Іштегі ауру сезімі мазалағанына 3 жыл болған, бірақ ешқандай зерттеу, ем қолданылмаған. Бала 1 жүктіліктен, ерте босанған. 2 айына дейін табиғи тамақтанған. Цитрустарға, сәбізге, жұмыртқаға бөртпе түрінде аллергиялық реакция. Күн тәртібін сақтамайды, дұрыс тамақтанбайды, көбінесе құрғақ тағамдар жейді, тамақ ішу аралығы алшақ. Қараған кезде: бойы 137см, масса 31 кг, тері жамылғысы ашық қызыл түсті, периорбитальды цианоз. Іші кеппеген, беткей және терең пальпацияда эпигастрия аймағында және пилородуоденальды аймағында ауырсынады. Бауыры қабырға доғасында, шеті жұмсақ эластикалық, ауырсынбайды. Нәжісі ретті күніне 1 ретке дейін немесе 1 күннен кейін, кейде қойдың құмалағы тәрізді болады. Жалпы қан анализі: гемоглобин 132г/л, эр-4,4 млн, ЦП -0,9, лейк- 7,3 мың, т/я- 3, м-8, ЭТЖ-5 мм/ сағ Жалпы зәр анализі: түсі- ашық- сарғыш, PH- 5,5, мөлдір, тығыздығы -1019, глюкоза- жоқ, эпителаильды жасушалары- көру алаңында аздаған, лейкоциттер-2-3 к/а. Эзофагогастрадуаденоскопия: өңештің шырышты қабаты алқызыл, кардия жабылады, асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты қызарған, ісінген, шырыш бар, он екі елі ішек пен постбулбарлы бөлігі өзгеріссіз. Антральды бөліктің шырышты қабатынан биопсияға екі фрагмент алынған. НР биопсиясы: (++) Құрсақ қуысы УДЗ: бауыры ұлғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогендігі қалыпты, перипортальды бөліктері тығыздалмаған. Өт қабы- алмұрт тәрізді формалы, 50х30 мм. Ұйқы безі контуры тегіс, қалыпты эхогенді, ұлғаймаған.
Сұрақтар: 1. Болжамды диагноз, негіздеңіз. 2. Аурудың даму кауіп факторлары . 3. Амбулаторлы жағдайда қандай қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіледі? 4. Пилорикалық хеликобактердің қандай қасиетіне жедел диагностикасы негіделеді? 5. Хеликобактерлі инфекцияның таралу жолдарын атаңыз. 6. Осы ауруда гопитализация көрсеткіштерін атаңыз. 7. Осы ауруда емдеу тактикасы қандай? Осы науқаста қандай емдеу тактикасын қолданасыз? 8. Осы балаға тамақтану жөнінде нұсқаулар беріңіз. 9. Осы балаға медикаментозды ем тағайындаңыз. 10. Осы ауруда диспансерлі бақылаудың негізгі прнциптері және ұзақтығы.
|
|||
|