Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 28 Ситуациялық есеп

 

 

Науқас П. 10 жаста ЖТД-не мұрыннан қан кетуге шағымданып келді.

Анамнезінде 2 апта бұрын ЖРВИ- мен ауырған, содан кейін бетінде әртүрлі көлемде экхимоздар және ұсақ нүктелі геморрагиялық бөртпелер пайда болған.

Қарау кезінде: жағдайы ауыр, бетінде әртүрлі экхтиоздар және мойнында, қолында петехиальды элементтер түріндегі геморрагтялық синдром байқалады.

 Мұрын жолында қанға маланған тампон бар. Перифериялық лимфа түйіндері майда қозғалмалы. Жүрек, тыныс алу жүйесі қызметі  қанағаттанарлық. Іші жұмсақ ауырсынбайды. Бауыр көкбауыр пальпацияланбайды.

Жалпы қан анализі: НЬ - 101 г/л, Эр - 3,2х1012/л, Тромб - 12х109/л, Лейк - 6,4х 109/л, п/я - 2%, с - 59%, э - 3%, л - 28%, м - 8%, ЭТЖ - 5 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі сары, салыстырмалы тығыздығы 1008, ақуыз жоқ, жалпақ эпители 2-4 к/а, лейкоцит 2-4 к/а; Эритроцит жоқ, цилиндр жоқ, шырыш жоқ, бактерия жоқ.

 

Сұрақтар:

1. Алдын ала диагноз қойыңыз.

2. Осы аурудың жіктелуін атаңыз.

3. Алдын ала диагнозды қою үшін қандай симптомдар мен зертханалық зерттеу нәтижелері маңызды?

4. Қандай клиникалық сынамал диагнозды қою үшін көмек болады.

5. Осы ауруды емдеудің негізгі принциптері.

6. Аурудың болжамы қандай.

7. Мұрыннан қан кетүді тоқтатудың қандай әдістері бар.

8. Осы ауру кезінде болатын көз түбіндегі өзгерңстерді атаңыз.

9. Тромбоциттердің өмір сүру уақыты қанша.

10. Тромбоциттер агрегациясының индукторларын атаңыз.

11. Осы ауру кезінде спленэктопиялық көрсеткіштер.

 

Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 29 Ситуациялық есеп

 

 

ЖТД-не 1 жас 8 айлық қыздың анасы қызын қарауға алып келді. Отбасы жақында Пакистаннан көшіп келген. Қызы екінші жүктіліктен, екінші босануы, мезгілінен ерте босанған. Туған кездегі салмағы 3800гр, бойы 52 см. Анасында қалқанша бездің эутиреоидты ұлғаюының 3 сатысы ( Николаевтің жіктеуі бойынша) анықталады.

Жүктілік кезінде тиреоидты гормондармен емделмеген. Алғашқы жүктілігінен дені сау бала дүниеге келген.

Жаңа туылған кезде қызында ұзақ уақыт сарғаю, кіндік жарасының эпителизациясы ұзаруы анықталған, омыраумен тамақтануы әлсіз. Басын 6 айдан бастап ұстады, 10 айынан бастап отыра алады, жүрмейді.

Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауыр дәрежелі. Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ, тырнақтары сынғыш. Үлкен еңбегі ашық. Аускультацияда сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Іші үлкейген, іштің тік бұлшықеттері босаңсыған. Бауыр, көкбауыры үлкеймеген.

Жалпы қан анализі: НЬ - 110 г/л, Эр - 3,8х1012/л, Ц.п. - 0,85, Лейк - 9,0х109/л; нейтрофилы: п/я - 3%, с/я - 31%; э - 1%, л - 57%, м - 8%, СОЭ-7 мм/час.

 

Жалпы зір анализі: түсі сары, тұнықтығы жақсы. Салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз жоқ , глюкоза жоқ, ацетон теріс

Биохимиялық қан талдауы: глюкоза - 4,2 ммоль/л, остаточный азот - 12,0 ммоль/л, натрий - 132,0 ммоль/л, калий - 5 ммоль/л, общий белок - 60,2 г/л, холестерин - 8,4 ммоль/л, билирубин общ. - 7,5 мкмоль/».

 

Сұрақтар:

1. Алдын ала диагнозыңыз

2. Жүргізілген зерттеулер нәтижелерін бағалаңыз

3. Қандай қосымша зерттеулер қажет

4. Осы аурудың дамуына қандай себептер алып келуі мүмкін

5. Баланың психомоторлы дамуы туралы болжам

6. Бала туылғаннан кейін неше күн ішінде лабораторлы скрининг жүргізіледі, қандай патологияны анықтайды

7. Осы ауру кезінде балаларда қандай биохимиялық көрсеткіш нәтижелі болады

8. Орынбасушы терапияның дұрыстығын қандай гормонның деңгейі анықтайды

9. Бала қандай дәрігерлерде диспансерлік бақылауда тұруы керек

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.