Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 19 Ситуациялық есеп

 

11 жастағы И деген бала жалпы маман дәрігеріне қимыл координациясының бұзылысына шағымданып келді.

Анамнезінен:   5 апта бұрын жаншаумен ауырған. Антибактериальды ем қабылдаған, жазылып мектепке жіберілген. Соңғы 6-7 күн ішінде жазуы өзгерген, оқу үлгерімі нашарлаған, жылауық, ынтасы төмен, шыдамсыз. Анасы бет бұлшық етінің жыбырлайтынын байқаған, киінгенде және тамақ ішкенде қимылының ретсіздігін байқаған. Осы күндері кезеңді дене қызуы  субфебрильдіге дейін жоғарылаған, катаральды белгілер болмаған. Дәрігерге қаралған, қан анализін тапсырған, бірақ өзгеріссіз. Екі күн ішінде неврологиялық бұзылыстар күшейген, өздігінен киіне алмаған ,қозғыш, жылауық, бетінің қисаю күшейген.

Қарағанда:  жағдайы ауыр. Бала жылауық, қозғыш,тез шаршайд , сөйлеуі  скандирленген, координация сынамаларын  орындауы анық емес, бұлшықет гипотониясы, беті быржиып, қисайған. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек шекарасы визуальды өзгермеген. Жүрек шекарасы: оң жағы – кеуде сүйегінің оң шетінде, жоғарғы жағы -3қабырға бойында, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығынан 1см ішке. Жүрек тондары әлсіз көмескіленген, жүрек ұшында  систоланың 1/6 бөлігін қамтитын  қатқыл емес систолалық шу естіледі, басқа жаққа таралмаған.Іші жұмсақ, терең пальпация жасалады, бауыр, көкбауыр ұлғаймаған.

Жалпы қан анализі: Hb-120г.л,Эр-4,5х10г/л, лейк-4.5х10.9г/л, т/я-2%, с-46%, э-2%, л-48%, м-2%, ЭТЖ-10мм.сағ.

Жалпы зәр анализі: тығыздығы-1018, белок жоқ, лейкоцит-2-3 к.а, эритроцит-жоқ.

Сұрақтар:

1. Жіктелу бойынша болжам диагноз қойыңыз және негіздеңіз.

2. Берілген жағдайда үрдістің белсенділігін қай клиникалық көрініс анықтайды.

 

3. Диагнозды дәлелдеу үшін және жүрек өзгерісін анықтау үшін қандай зерттеу әдістерін қолданар едіңіз?

 

4. Дифференциальды диагноз жүргізіңіз.

 

5. Дәрігер тактикасы. Осы ауруда госпитализацияға көрсеткіштерді атаңыз.

 

6. Қандай патоморфологиялық өзгеріс осы аурудың абсолютті маркері болып саналады.

 

7. Ауру емінің басты принциптерін ата.

 

8. Отандық басылымда кім алғаш рет қабынудың спецификалық емес экссудативті компонентін  сипаттаған.

 

9. Екіншілік профилактика жүргізу уақыты, ұзақтығы.

 

10. Арудың болжамы.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.