Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 «Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 18 ситуациялық есеп

   1 жас 2 айлық баланың анасы жалпы маман дәрігеріне баласының тәбетінің төмендеуіне, құсуына, дене салмағының төмендеуіне, ылғалды жөтелге шағымданды.

Анамнезінде 1 жасқа дейін жасына сай дамыған,10 айлығынан бастап жүреді.11,5 айлығынан                     ЖРВИ мен ауырған, катаральды,абдоминальды синдроммен өткен (іші ауырған, іші өткен), субфебрильді температура болған. Осы көріністер 7 күн бойы сақталған.

Жазылғаннан 2-3 аптадан кейін ата анасы балада физикалық жүктеме кезінде, ойнағанда тез шаршағыштығын, ентігу пайда болғанын байқаған. Жағдайы біртіндеп нашарлай бастаған: кезеңді мазасыздану симптомы, түнгі уақытта ылғалды жөтел, құсу, тәбетінің төмендеуі, салмақ жоғалтқан, тері жабындылары бозғылт.Температура көтерілмеген.

  Қараған кезде жағдайы ауыр, тәбеті төмендеген, белсенді емес.Тері жабындысы, аңқасы бозғылт қызыл.Тыныс жиілігі 1 минутта 44 рет, өкпенің төменгі бөлігінде дара ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аумағы: визуальды жүректің сол жақтық томпаюы байқалады. Пальпацияда жүрек ұшы жайылған, аумағы шамамен 8 см2, перкуторлы салыстырмалы жүрек шекарасы: оң жағы –көкіректің оң жақ шетіне қарай, сол жағы  қолтық алды сызығында, жоғарғы жағы  екінші қабырға аралықта, аускультацияда –ЖСЖ минутына 140 рет, жүрек тондары көмескіленген, жүрек ұшында 1тон жоғары дәрежеде, систолияның 3/1 алатын, 1 тонмен байланысты қатқыл емес тембрлі систолалық шу естіледі, Іші жұмсақ, оң бұғана орта сызығы бойымен бауыры  +6см ,көкбауыр +1 см. Зәр шығаруы еркін,ауырсынусыз.

Жалпы қан анализі: HB-110г/л, Эр-4.1x1012, лейк-5,0х109/л, т/я-2%,с-56%, л-4%,м-2%,

ЭТЖ-10мм.сағ

ЭКГ: QRS комплексі стандарттық тіркелімде төменгі вольтаж, синусты тахикардия минутына 14 0, бұрышы -5 градус. Сол жүрекшенің және сол қарыншаның шамадан тыс жұмыс жасау белгілері, Т тісшесі I, II тіркелімде теріс, ал VL V5, V6 тіркелімде теріс. RV5<RV6

ЭхоКГ: сол жүрекшелік, сол қарыншалық қуыс ұлғайған, қанды қуу фракциясы  40% құрайды.

Сұрақтар:

1. Болжам диагноз.

2. Зерттеу қорытындысын бағалаңыз.

3. Тағы қандай зерттеу жүргізер едіңіз.

4. Дифференциальды диагноз жүргізіңіз.

5. Экстракардиальды шағымдар немен байланысты (іш ауру, құсу).

6. Жалпы маман дәрігерінің тактикасы, госпитализацияға көрсеткіштер.

7. Аурудың туа пайда болуы мүмкін бе?

8. ЭхоКГ неге негізделген, мүмкіндіктері қандай?

9. ЭКГ қандай морфологиялық өзгерісті көрсетеді?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.