Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Астана медицина университеті» АҚ



Кафедра меңгерушісі _______________м.ғ.д., проф. Абдрахманова С.Т.

 

 

«Астана медицина университеті» АҚ

№2 Балалар аурулары кафедрасы

Балалар аурулары модулі

№ 17 Ситуациялық есеп

1 жас 3 айлық баланың анасы жалпы тәжірибелік дәрігерге құсуға, іштегі ауырсынуға, шаршағыштық, тәбетінің айқын төмендеуіне, 2 айдың ішінде 2 кг дене салмағын жоғалтуына шағымданады.

Анемнезінде, бала 2 жүктіліктен, 2 босанудан, ағымы физиологиялық. 10 айда жасына сай дамыған. 9 айдан бастап жүре бастаған, салмағын жақсы қосқан. Үнемі қимыл-қозғалыста, белсенді болған. 1 жыл 2 айында ЖРВИ мен ауырған. Ауру әлсіз катаральді белгілермен 5 күнге (мұрнынан су ағу, жөтел) жалғасқан, сол уақытта 2 күн бойы нәжісі сұйық, дене температурасы -37,2-37,5°С болған. Анасы дәрігерге медициналық көмекке қаралмаған. Сол уақыттан бері бала әлсіз, бірдіндеп лоқсу, жиі түнгі уақытта ылғалды жөтел ұстамаларымен мазасызданған. «Аяқтарымен жүруден» шаршай бастаған. Тәбеті айқын төмендеген. Дәрігерге қаралған, жағдайы астениялық синдром деп бағаланған. Бала жағдайы бірден нашарлаған: өте мазасыз, қайталамалы құсу болды.

Қарау кезінде жағдайы ауыр. Әлсіздік, адинамия байқалады, тәбеті жоқ. Терісі бозарған, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, балтырында ісіну бар. Өкпеде қатаң тыныс, төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ-минутына 60 рет. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары солға алдыңғы қолтықасты сызығына дейін кеңейген. Жүрек тондары тұйық, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЖСЖ-минутына 160 рет. Оң бұғана орта сызығы бойынша бауыр өлшемі +7 см, көкбауыр +2см. Зәр шығаруы аз, нәжісі ретті.

Жалпы қан анализі: НЬ - 100 г/л, Лейк - 6,Зх109/л, т/я - 2%, с -48%, э - 1%, б - 1%, л - 40%, м- 8%, ЭТЖ - 10 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: меншікті салмағы - 1015, белок, глюкоза - жоқ, лейкоциттер - 1-2 к/а, эритроциттер - жоқ.

Сұрақтар:

1. Балаға қандай болжамды диагноз қоясыз?

2. Осы аурудың мүмкін болатын себептері?

3. ЭКГ-да қандай өзгерістер болуы мүмкін?

 4. Нақты ауру фонында абдоминальді синдромның генезі қандай?

5. Дәрігердің тактикасы, осы ауру кезінде госпитализацияға көрсеткішті атаңыз.

6. Амбулаторлық жағдайда қандай қосымша зерттеулерді жүргізуге болады?

7. Эхокардиограмма мәліметтері бойынша қандай көрсеткіштер өзгеруі мүмкін?

8. Қандай вирустар миокардқа тропты?

9. Сау баланың жүрек ұшындағы тондарының дыбысы қандай қатынаста?

10. Өсе келе балада жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары өзгереді ме? Өзгерсе, қалай өзгереді?

11. Осы ауруды емдеудің жалпы принциптері.

12. Диспансерлік бақылау.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.